Республика жаңалықтары

24 Қазан 2018 10:57
7-20-25 бағдарлама арқылы ипотека алғандардың басым көпшілігі айына 100 мың теңгеден кем төлейтін болып шықты. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
23 Қазан 2018 18:01
Елде инвесторлардың құқығын қорғау мәселесіне ерекше көңіл бөлінеді. Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев та елшіліктердің басты міндеті инвестиция тарту екенін ай тқан болатын. Шетелдік және қазақстандық инвесторлардың құқығын қорғау бойынша Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бизнес пен инвестицияны қорғау жобалық кеңсесінің жұмыс істеп жатқанына жарты жыл болды. Осы уақыт аралығында олар шетелдік және отандық 160 бизнес жобаға қолдау көрсеткен. Бизнесте проблемасы бар кез келген инвестор агенттіктің келісімімен барлық мәселесін қалай шеше алады? Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
23 Қазан 2018 17:14
Ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлікті дамыту үшін, жаппай оқытуға алдағы 3 жылда, жыл сайын 100 млрд теңге бөлу көзделіп отыр. Сөйтіп, 2022 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,5 есеге көбейту көзделген. Ал бұл межеге қалай қол жеткіземіз? Экпортқа ауыл шаруашылығындағы өзге өнімдерді былай қойғанда, осыдан 2 жыл бұрын, яғни 2016 жылы ет экспортының көлемін 60 мың тоннаға жеткіземіз деген мақсат болған. Биыл 2018 жыл. Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шүкеевтің есебі бойынша биыл ғана ет және ет өнімдерінің экспорты 15 мың тоннаға жетеді екен. 60 мың қайда, 15 мың қайда?
23 Қазан 2018 11:37
Қазіргі таңда Қазақстан Орталық Азиядағы тікелей инвестицияларды тарту бойынша көшбасшы ел. Оның үлесі шамамен 70%-ды құрайды. Инвестициялық климатты жақсарту мен Қазақстан экономикасына шетелдік инвестицияларды тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы келесі материалдан оқи аласыздар.
22 Қазан 2018 16:35
Батыс Қазақстан облысында Мәжіліс депутаттары Айзада Құрманова, Айгүл Нұркина, Жәмила Нұрманбетова және Светлана Бычкова үш ауысымда оқитын №47 жалпы білім беретін мектепте болды. Сондай-ақ, Мәжіліс депутаттары Құралай Қаракен, Сәкен Өтебаев, Бақытгүл Хаменова және Геннадий Шиповских бүгін Ақтөбе облысының Қобда ауданындағы Жиренқопа ауылының тұрғындарымен кездесті.
22 Қазан 2018 11:02
Қоқиқаздар әлемде сирек кездесетін құс болып есептеледі. Жылы жақты мекендейтін құстар Қазақстанның жалғыз өңірі Қорғалжын қорығындағы Теңіз көлінде ғана ұялап, жұмыртқалайды. Қорғалжын қорығы да қоқиқаздардың ұшып келуімен ерекшеленеді. Мамыр мен қазан аралығында ұшып келетін жыл құстарын көруге құмартатындардың да саны аз емес. Ақмола облысының әкімдігі Қорғалжынға келетін туристерге инфрақұрылымдық жағдай жасау мәселелерін қарастырып отыр. Сондай-ақ, аймақта мектеп оқушыларының экологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған жоба жүзеге асырылмақ. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
19 Қазан 2018 17:02
Жаңадан сайланған сенаторлар Дархан Сатыбалды мен Нұрлан Бекназаров Шымкентте халықпен алғашқы кездесулерін өткізді. Әл-Фараби ауданының тұрғындарымен кездесу өткізген сенаторлар Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын жан-жақты талқылады. Ал, сенатор В. Волков Алматы облысында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
19 Қазан 2018 15:22
Бүгінгі таңда 14 пен 24 жас аралығындағы жас буын 1,8 млрд жас азаматты құрап отыр. Азия-Тынық мұхит аймағы, Орталық Азияны қосқанда әлемдегі жастардың 60 пайыздан астамын құрайды. Қарқынды дамып келе жатқан аймақта жастарға инвестиция салу болашақта экономикалық динамикалы, бейбіт, жан-жақты және тұрақты қоғам құруда шешуші рөл атқарады. Бұл халықтың қоныстануы және дамуы жөніндегі Азия парламентшілері форумының стратегиялық басымдықтары тұжырымдамасының үш бағытының бірі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында мемлекеттік саясат басымдықтарының бірі – жастарға жан-жақты қолдау көрсету деп, 2019 жылды жастар жылы деп жариялауды ұсынған болатын. Азия-Тынық мұхиты аймағының өкілдері Қазақстанның астанасында өңір жастарының мәселесін талқылады. Толығырақ келесі материалдан оқи аласыздар.
19 Қазан 2018 12:18
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-аухатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» деп аталатын жолдауында назар аударылған маңызды бағыттардың бірі¬- урбанизация мәселесі еді. Өйткені, БҰҰ деректері бойынша 2030 жылға қарай әлемдегі жалпы ішкі өнімнің 60 пайызы 600 ірі қалаға тиеселі болатыны туралы болжам айтылған. Демек, Қазақстан билігі елдің бұл процестен тыс қалмайтынын ескере келе, басқарылатын урбанизацияға назар аудармақ. Ауылдан ірі қалаларға көшкендер ел экономикасына үлес қоса ала ма, әлде өз жанын өзі зорға баға ма? Жалпы, ауыл санын арттыру қаншалықты тиімді? Әлеуметтанушы Амангелді Құрметтің сараптамасына көз жүгіртіңіз.