Республика жаңалықтары

22 Мамыр 2018 14:43
Н.Назарбаевқа «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне дайындық барысы жөнінде баяндалды

Кездесуде Қазақстан Президентіне министрлік тарапынан атқарылған ұйымдастырушылық іс-шаралардың нәтижелері және V халықаралық «KADEX-2018» қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесіне дайындық барысы жөнінде баяндалды.

Б.Атамқұловтың мәліметіне сәйкес, «KADEX-2018» халықаралық көрмесіне 48 елдің ресми делегациясы келеді. Көрмеде әлемнің 28 елінен 318 компания өз экспозициясын таныстыратын болады.

Сонымен қатар, Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Елбасыға қорғаныс өнеркәсібі мен мемлекеттік қорғаныс тапсырысы саласындағы стратегиялық және нормативтік құқықтық құжаттардың әзірлену барысы туралы мәлімдеді.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.