Республика жаңалықтары

17 Қазан 2017 20:33
Б.Сағынтаев Вьетнам ұлттық жиналысының төрайымымен кездесті

Кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты әсіресе ауыл шаруашылығы, минералды ресурстар және көлік саласында одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Бұдан өзге, туристік салада өзара іс-қимыл жасасу келешегі қаралды.  

Атап өтер болсақ, биыл Қазақстан мен Вьетнамның дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 25 жыл толды.

Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сыртқы сауда айналымы 2017 жылдың қаңтар-тамыз аралығында 364,7 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 79,4%-ға жоғары көрсеткіш. ҚР-дан Вьетнамға экспорт көлемі 2017 жылдың қаңтар-тамыз аралығында 125,2%-ға өсіп, 192,9 млн АҚШ долларын құрады.