Республика жаңалықтары

17 Қаңтар 2018 11:41
Депутаттар дәрі-дәрмектер бағасын реттейтін заң жобасын мақұлдады

ҚР Парламентінің Мәжілісі дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдердің бағасын реттеуге бағытталған заң жобасын қарауға қабылдады. Бұл туралы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бейбіт Мамраев Палатаның пленарлы отырысында хабарлады.

«Аталған заңның жобасы Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: Жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес дайындалды. Заң жобасының басты мақсаттары - дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қол жетімділігі, олардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, дәрілік заттарды ұтымды пайдалану, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуда жоспарлау жүйесін жетілдіру. Заң жобасымен 14 заңнама актілері, оның ішінде Қазақстан Республикасының 5 кодексі мен 9 заңына түзетулер енгізу жоспарланып отыр», - деді Бейбіт Мамраев.


Қайрат Жандыбаев