Аналитикалық ақпараттар

Сәтбаев қаласының 2018 жылдың бірінші жартысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін талдау

Өнеркәсіп
2018 жылдың қаңтар маусым айының өндірілген өнім көлемі 22 млрд. 144,9 млн. теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 101,5% құрады 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (21 млрд. 813,9 млн. теңге).
Нақты көлем индексі – 82,1%.


Анықтамалы:
            Ағымдағы жылдың қаңтар маусым айының «Казахмыс Мэйтенанс Сервисиз» ЖШС өндірістік қызметтерінің көлемі алдынғы жыл деңгейінде болды. «Корпорация Казахмыс» ЖШС-нің келісім шартты мерзімінен бұрын аяқталуына және орындалған жұмыс актілеріне ұзақ қол қоюға байланысты «Казахмыс Мэйтенанс Сервисиз» ЖШС-нің орындалатын жұмыстың толық көлемі статистикалық есептілікте көрсететін қызметтерінің жалпы көлемі көрсетілмеген. (2018 жылдың бірінші жылдың бірінші жартысында)

Ауыл шаруашылығы
2018 жылдың қаңтар маусым айының ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі –  237,8 млн. теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 113,8% құрады (208,9 млн. теңге). Нақты көлем индексі – 108,6%.
Мал және құс (тірі салмақта) 0,7%-ға, жұмыртқа өндірісі – 2,3 есе, ірі қара мал 0,5%-ға, ұсақ қара мал 36,1 %-ға, құс саны 3,2 % өсті.
Сүт өндірісі – 3,5%-ға төмендеді,
Жылқы саны 16,8%-ға төмендеді.


Анықтамалы:
            Төмендеу себебі, Жезқазған кенті тұрғындарының қоныс аударуымен қосалқы шаруашылықтар азайғанына байланысты.

Негізгі капиталға инвестиция көлемі
2018 жылдың бірінші жартысының негізгі капиталға инвестиция көлемі 13218,1 млн. теңгені немесе өткен жылдың сәйкес кезеңіне 80,9% құрады ( 16331,7 млн. теңге).
Нақты көлем индексі – 76,4%.


Анықтамалы:
"Қазақмыс Корпорациясы" ЖШС Сәтбаев алаңы бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 10313,9 млн. теңге құрады немесе инвестициялардың жалпы көлеміндегі 78,0 % және өткен жылғы тиісті кезеңге 129,4 % (7 971,1 млн. тенге) құрады.
Ұйымдар мен кәсіпорындар бойынша негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 2904,2 млн. теңге (оның ішінде 2098,6 млн. теңге бюджеттік инвестициялар) немесе өткен жылғы тиісті кезенге 27,5 % (7 621,3 млн. теңге)
            Осы көрсеткіштің төмендеуі бюджеттік инвестициялардың азаюымен байланысты, 2017 жылы ірі құрылыс аяқталуына байланысты (25 үйдін құрылысы)

Кәсіпкерлікті дамыту
2018 жылдың қаңтар маусым айы бойынша жұмыс істейтін ШОК субъектілерінің саны 2 357 бірлікті құрады немесе 2017 жылдың сәйкес кезеңіне 97,7%  (2413 бірлік) құрады:
- Шағын және орта кәсіпкерліктің заңды тұлғалары – 210 бірлік;
- Жеке кәсіпкерлер – 2104 бірлік;
- Шаруа және фермерлік қожалықтар – 43 бірлік.

Анықтамалы: Қарағанды облысының Статистика департаментімен жаңа әдіснама бойынша жұмыс істеп тұрған жеке кәсіпкерлер қайта санау саны бөлігінде бизнес-тіркелімнің деректер базасын өзектілендіру өткізілді.

Құрылыс
2018 жылдың қаңтар маусым айының құрылыс жұмыстарының көлемі 3 868,9 млн. теңгені құрады, немесе 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 59,9% (6 461,5 млн. теңге) құрады.
Нақты көлем индексі – 57,0%.
2018 жылдың қаңтар маусым айының тұрғын-үйді енгізу 5 916 ш. м. құрады немесе 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,5% (23 155 ш.м.).
Анықтамалы: Құрылыс және тұрғын үйді пайдалануға бойынша көрсеткіштердің орындалмауы негізгі кезеңнің қоныс аударуына аяқталуына - № 6 шағын ауданында 25 көппәтерлі тұрғын үйлердің және осы үйлерге келтірілген инженерлік желілер құрылысына байланысты.

Қаржылық көрсеткіштер
Қала бюджетінің кіріс бөлігінің 01.07.2018 жылдың түсімдері 1 719,8 млн. теңге құрады. Жоспар орындалуы 107,0 % құрады.
Қала бюджетінің шығыс бөлігін  01.07.2018 жылдың орындалуы 6,2 млрд. теңге құрады, жоспар бойынша 6,5 млрд. теңге, жоспар орындалуы 95,1 % құрады.

Әлеуметтік сала
2018 жылдың қаңтар маусым айының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің есебінде тұрған тіркелген жұмыссыздардың саны 467 адам құрады, азаю саны    5,7 % құрады 2017 жылдың сәйкес кезеңіне (495 адам).
2018 жылдың қаңтар маусым айының жұмыспен қамтылғандар саны 1 223 адам құрады, немесе 107,0 % 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (1 143 адам).
Қоғамдық жұмысқа 419 адам, немесе 104,2 % 2017 жылдың ұқсас кезеңіне (402 адам) қатысты.
Кәсіптік дайындыққа және қайта даярлауға 106 адам немесе 246,5 % 2017 жылдың сәйкес кезеңіне (43 адам) жіберілді.
2018 жылдың қаңтар маусым айының кедейлік шегінен төмен аз қамтылғандар саны 311 адам құрады. 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 170,4%-ға өсім байқалады (115 адам).
Анықтамалы: Аз қамтылғандар саны жаңа форматтағы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңның енгізілуіне байланысты 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 196 адамға өсті, онда кедейлік шегі 10%-ға өсті (тиісінше жәрдемақы алушылар саны артты).

 

Денсаулық сақтау
Қаңтар маусым айының нәрестелер өлімінің көрсеткіші 44,4%-ға өсті (қаңтар-маусым 2017ж. – 4,5 промилле, қаңтар-маусым 2018 ж. – 6,5 промилле 1000 адамға шаққанда).
2018 жылдың қаңтар маусым айының бала туу көрсеткіші 2,3%-ға төмендеді (қаңтар-маусым 2017ж. - 20,36 промилле, қаңтар маусым 2018ж. – 19,89 промилле 1000 адамға шаққанда).
Өлім-жітім көрсеткіші 4,6%-ға азайды (қаңтар-маусым 2017ж. - 8,90 промилле, қаңтар-маусым 2018ж. – 8,49 промилле 1000 адамға шаққанда).

Білім беру
2018 жылдың қаңтар маусым айының жалпы мектеп жасына дейінгі балалар (1-ден 6 жасқа дейін) саны 4 283-ні немесе 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 99,4% құрады (4 310 бала).
2018 жылдың қаңтар маусым айының мектепке дейінгі біліммен қамтылған балалар 4 214, немесе 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 99,4% құрады ( 4 241 бала).
2018 жылдың 1 шілдеге мектептерде 10 375 оқушы оқиды немесе 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғында 101,4% құрады (10 233 бала).
2018 жылдың 1 шілдеге мектептерде компьютерлер саны 2 064 бірлік немесе 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 110,7% құрды ( 1 865 бірлік).
1 компьютерге есептегенде оқушылар саны (5,0% - қаңтар-маусым 2017ж.)

Қылмыс
2018 жылдың қаңтар маусым айының тіркелген қылмыстардың саны 357 бірлік немесе 2017 жылдың қаңтар маусым айының көрсеткішінен 15,6%-ға төмендеді (423 бірлік).
2018 жылдың қаңтар маусым айының ауыр қылмыстардың ашылуы 75,0%, өткен жылдың ұқсас кезеңінде 83,3% құрады. Аса ауыр қылмыстардың ашылуы 78,9%, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 84,1% құрады, 5,2%-ға төмендеді.
Есепті кезеңде ІІБ жергілікті полиция кешенді күштерімен 4 456 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып алдын алды, өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 4314 бұзушылық, 3,3 %-ға өсті.

 

«Сәтбаев қаласының экономика
және қаржы бөлімі» ММ басшысы                                                     Е.Х. Сәкеев