Қоғамдық қозғалыстар

Үкіметтік емес ұйымдармен өзара қызмет атқару

туралы

2015 жылдың қараша айына дейін Сәтбаев қаласы бойынша 26  қоғамдық бірлестік тіркелген.

Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара ынтымақтасып әрекет ету механизмін жетілдіру мақсатында, 2009 жылдан бастап Сәтбаев қаласы бойынша үкіметтік емес ұйымдарды қолдауға бағытталған ісшаралар жоспары әзірленіп бекітіледі.  Жоспарда ҮЕҰ-ды  мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қоғамның әлеуметтік-маңызды мәселелерін шешуге тарту, билік пен қоғам арасындағы арақашықтықты азайтып, азаматтық оң бастамаларға ынталандыруды көздейді.

 2014 жылы  қалалық бюджеттен Үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсету іс шаралары шеңберінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыруға  21 млн 054 мың теңге бөлініп, игерілді. 11  жоба жүзеге асырылды. Олар: 

  1. Үкіметтік емес ұйымдардың іс-қызметін ұйымдық - әдістемелік қамтамасыз ету бойынша ісшаралар.   
  2. Журналистер шығармашылығына қолдау көрсету және олардың кәсіби біліктілігін арттыру бойынша ісшаралар.  
  3. Медицина қызметкерлерінің оң имиджін насихаттау бойынша ісшаралар.  
  4. Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауын және ҚР Үкіметінің бағдарламалық құжаттарын насихаттау және түсіндіру бойынша АНТ іс – қызметіне қолдау көрсету
    1. Қалалынң ардагерлер ұйымдарына қолдау көрсету ісшаралары.  
  5. Гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асыру ісшаралары:   1)Ұзақ мерзімді жоба - өмірлік қиын жағдайға ұшыраған әйелдер мен балаларға көмек көрсетуге араналған «Шаңырақ» дағдарыс орталығының  қызметі, 2)«Ер мен әйел теңдігі» жобасы аясында әйелдер көшбасшылығы мектебінің жұмысы, 3)«Мерейлі отбасы» қалалық фестивалі.  
  6. Сәтбаев қаласындағы қоғамдық – саяси ахуалына әлеуметтік мониторингі.  
  7. Діни экстремизмнің алдын алу бойынша ісшаралар.  

 

2015 жылы 14 млн. 398 мың теңге бөлінді. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жоспарына 13 жоба енді:

  1. Үкіметтік емес ұйымдардың іс-қызметін ұйымдық - әдістемелік қамтамасыз ету бойынша ісшаралар
  2. Журналистер шығармашылығына қолдау көрсету және олардың кәсіби біліктілігін арттыру бойынша ісшаралар.  
  3. Медицина қызметкерлерінің оң имиджін насихаттау бойынша

ісшаралар.

  1. Қалалынң ардагерлер ұйымдарына қолдау көрсету.  
  2. Гендерлік теңдік стратегиясын жүзеге асыру ісшаралары: 1)Ұзақ мерзімді жоба - өмірлік қиын жағдайға ұшыраған әйелдер мен балаларға көмек көрсетуге араналған «Шаңырақ» дағдарыс орталығының  қызметі;   2)«Ер мен әйел теңдігі» жобасы аясында әйелдер көшбасшылығы мектебінің жұмысы;   3)«Мерейлі отбасы» қалалық фестивалі.
  3. Сәтбаев қаласындағы қоғамдық – саяси ахуалына әлеуметтік мониторингі.
  4.  Қоғамдық  келісімді нығайту бойынша  ісшаралар, «Достық үйін» жұмысын ұйымдастыру.
  5. Жас еріктілер қозғалысын дамыту бойынша «30 жаңа жастар көшбасшылары» атты жоба.
  6. Жастарға әскери – патриоттық тәрбие беру ісшаралары, әскери – патриоттық клубтар құру және жұмысын ұйымдастыру.  
  7. Халықтың осал топтарымен  жұмыс ұйымдастыру, жастарға кәсіптік бағдар беретін «Кәсіп және тұлға» жобасын жүзеге асыру.  

 «Бақытты отбасы!»  жас отбасыларымен жұмыс ұйымдастыру жобасын жүзеге асыру.