БАҚ

«Сәтбаев қалалық «Шарайна» газетінің редакциясы» КМҚК.
Мекен-жайы: Комарова көшесі 21а.
Директоры: Бірманов Бауыржан.
Бас редакторы: Майра Жаппасбаева.
Аудиториясы: Сәтбаев қаласының тұрғындары.
Газет аптасына 2 рет шығады.
Газет редакцияның компьютер орталығында теріліп, беттеледі.
«Арко»ЖШС-нде (Қарағанды қаласы).
Таралымы: 5 650.

 

Сәтбаев қаласында мәдениет пен ақпаратты дамыту барысында 2008 жылдың 31 шілде айында қаламыздың жеке кәсіпкері Ахметжанов Баттал Муратбекұлының қолдауымен «СКБ - Видео» ӨБ құрылды. Телеарнаның басты міндеті қала тұрғындарын күнделікті қала тынысымен таныстыру болып табылады. Телеарна «СТА» атты логотиппен қала тұрғындарына таныс болды және өз көрермендерін де таба білді. 

Телеарна қала тұрғындарын күнделікті қала жаңалықтарымен мемлекеттік қазақ және орыс тілдерінде таныстырады. 

Сонымен қатар саяси, мәдениетке байланысты бірнеше авторлық бағдарламар да өз бастауларын алды: 

«Ғылымхал» - ғылыми діни сауатты ашуға негізделген бағдарлама

«Айгөлек» - балаларға арналған танымдық телебағдарламасы

«Ақ тілек» - құттықтау сазды бағдарламасы

«Айтарым бар» - зиялы қауым өкілдері мен қаланың құрметті азаматтарымен тұрғындардың    пікірімен бөлісуге арналған бағдарламасы

«Наша волна» - жастарға арналған әуенді бағдарлама

«Дәрігерлік кеңес» - денсаулықты сақтауға арналған бағдарлама 

Директоры: Ахметжанов Баттал Муратбекұлы.
Басыт редакторы: Абдуалиева Ақерке Жетербайқызы. 
Жалпы телеарна ұжымында бүгінгі күні 16 адам өз қызметтерін атқаруда.