Сәтбаев қаласының тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының дамуы

Мемлекеттік және аймақтық бағдарламалардың орындалысы

 

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қаламыздағы 6-шы ықшам ауданында 600 орындық жалпы білім беру мектебі салынуда, тапсырыс беруші – Қарағанды облысының құрылыс басқармасы. 2015 жылы мектептің құрылысына 200 млн. теңге қаржы бөлініп, іргетасы қаланды. Нысан 2016 жылы пайдалануға беріледі.

 

«Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылдың 28 маусымындағы №728 Қаулысымен бекітілген «Өңірлерді дамыту – 2020» бағдарламасына бұған дейінгі жүзеге асырылған «2012-2020 жылдарға арналған шағын қалаларды дамыту», «Ақбұлақ», «Қолжетімді баспана-2020», «2011-2020 жылдарға арналған Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламалары енген.

«Моноқалаларды дамыту» бағдарламасы бойынша 2015 жылы:

-   «Тағзым» мемориалдық кешенін орнатуға 148 млн.теңге бөлініп, 43 жұмыс орны ашылды.

Сондай-ақ, Жезқазған аймағын әлеуметтік-экономикалық дамытудың Кешенді жоспарына сай Жезқазған поселкесінің тұрғындарын көшіру мақсатында 6-шы ықшамаудандағы 9 көпқабатты үйлерді салуға және инженерлік желілерін жүргізуге 2,8 млрд. теңге қаржы бөлінді.

 

«Ақбұлақ» бағдарламасы

2015 жылы Батыс ауданын дамытудың жоспарын аяқтау үшін  «СЕРвИС НС» ЖШС мердігер болып анықталды. Осы жоспар бойынша 91,9 млн. теңге қаржы бөлініп, ұзындығы 5,1 км су құбыры, Дүрментаев, Жанпейісов, Кентаев, Үншібаев, Сарыарқа, Әбдіров, Горняцкая, Оразбаев көшелеріне 3,5 км кәріз құбыры және канализациялық насос станциясының құрылысы салынды.

Бұл бағдарлама бойынша қаламыздағы 66,74 орамдарда кәріз жүйесінің құрылысын салу үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленді.

 

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы

2015 жылдың желтоқсан айында қаламызда Қ.Сәтбаев даңғылы 156 мекенжайындағы 56-пәтерлі 4-қабатты жалдамалы тұрғын үй пайдалануға берілді. Үйдің құрылысы 2014 жылы басталған, жобаның сметалық құны – 294,8 миллион теңгені құрайды. Мердігер - «Sector Stroi» ЖШС.

Қолжетімді тұрғын үй құрылысын дамыту үшін тағы бір жалдамалы 56-пәтерлі және жас отбасыларға арналған 16-пәтерлі тұрғын үйдің және олардың инженерлік желілерінің құрылысын  жүргізуге жобалық-сметалық құжаттар әзір.

2014 жылы басталған Шығыс тұрғын үй ауданының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуды жалғастыруға 2015 жылы 16,2 млн. теңге қаржы бөлінді. Қазіргі таңда суармалы су құбырының, сыртқы жарықтандыру және электр желілерінің құрылысы аяқталды. Аталған жобаны жүзеге асыру арқылы Шығыс тұрғын үй ауданының жеке тұрғын үй құрылысына арналған 203 жер телімін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз еттік.

 

2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасы

2015 жылы бұл бағдарлама бойынша «Устапласт» ЖШС Ұлытау көшесіндегі №66 үйге құны 20,4 млн.теңгеге күрделі жөндеу жүргізді. Үйдің төбесі, подъезд, жертөле және электр желілері жөндеуден өтті. Көпқабатты үйлерді аталмыш бағдарлама бойынша күрделі жөндеуден өткізу бойынша түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Күрделі жөндеу жүргізу үшін құны 177,9 млн. теңге болатын тағы 12 үйдің құжаттары әзірленді, оның 5-уі биылғы жылы күрделі жөндеуден өтеді.