Спорт


Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2017 жылдың 9 айлық есебі

Әрбір өркениетті мемлекеттің алдына қойған басты мақсаты – өз халқының денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Еліміздің даму бағытын бекіткен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында салауатты өмір салтын қалыптастыру, дене тәрбиесімен, спортпен шұғылдану мәселелері – осы басым бағыттардың бірі.
Бүгінгі таңда Сәтбаев қаласының жалпы халық саны – 69 544 адам, оның 20 515-і жүйелі түрде спортпен айналысады, бұл 29,5 % -ды құрайды.
Халықтың бұқаралық спортпен шұғылдану көрсеткіш деңгейін көтеру жұмысы, тұрғындарды қаланың спорттық жарыстарына қатысуға және бұқаралық спортқа тарту мақсатында, Мамандандырылған Олимпиадалық Резервтегі балалар-жасөспірімдер мектебі және «Қазақстан» спорттық-сауықтыру кешенімен бірлесе отырып спорттық-бұқаралық іс-шаралар күнтізбелік жоспары жасалып, Сәтбаев қаласының арнайы сайтында жарияланды.
2017 жылға 141 іс-шара жоспарланған, 9 айда 87 спорттық іс-шаралар өткізіліп, 14 763 адам қамтылды. Олардың арасында Сәтбаев қаласының спорт тарихында із қалдырған, 1999-2000 ж.ж. және 2002-2003 жж. жасөспірімдер арасындағы академик К.И. Сәтбаевті еске алуға арналған дзюдо күресінен халықаралық турнир.
3 маусым күні Кеңшілер алаңында ҚР мемлекеттер рәміздерінің 25 жылдығына арналған «Елдігімнің ерен белгісі!» атты мерекелік митингтің жүгіру шеруі өтті. Қала мекемелерінен жалпы саны 1000-ға жуық адам қатысты. Мемлекет символдарының бірі, ҚР туын желбіретіп шеруді бастаған жеңіл атлетикадан ұлттық құрамасының мүшесі, ҚР тоғыз дүркін чемпионы Парамонова Е.В..
15-17 маусымда Сәтбаев қаласының спорттық-сауықтыру кешенінде Халықаралық мамандандырылған  "ЭКСПО-2017" көрмесіне  арналған «Дені сау әйел – дені сау ұлт» атты VII облыстық әйелдер спартакиадасы өтті. Қарағанды облысының 17 қала мен аудандарынан 600-ге жуық спортшылар келіп, жарыс бағдарламасына cәйкес 7 спорт түрінен бақтарын сынады.
Сәтбаев қаласының спортшылары дартс спорт түрінен 2, стритболдан 3 орынға ие болды.
6 шілдеден 20 тамызға дейін қаламызда алғашқы рет көше және аула командалары арасында (2004-2007 ж.т.) шағын футболдан «Жазғы демалыс-2017» қалалық ашық турнирі өтті. Турнир қаланың 6 ауданында өтіп жазғы демалыс уақытында қала аулаларының барлық балалардың көңілдерін аударды. Жарысқа жалпы 500-ге жуық жасөспірім қатысты.
Қала тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануына, дене шынықтыру және спортпен айналысуға шақыру мақсатында Спорт күніне қала тұрғындары үшін дәстүрлі мерекеге айналған салтанатты ісшара өтті.          Ш. Ділдебаев атындағы мәдениет сарайында өткен жылдың қорытындылары шығарылып, Сәтбаев қаласының үздік спортшылары 8 номинация бойынша 100 000, 50 000, 25 000 теңге көлеміндегі сыйақымен марапатталды.
Сондай ақ, келе жатқан ұрпақ арасында бұқаралық дене шынықтырудың дамуына және салауатты өмір салтын насихаттауға қосқан үлестері үшін қала әкімінің АЛҒЫС ХАТЫМЕН 15 қала тұрғындары марапатталды.
Бүгінгі таңда спорт ғимараттары 152 бірлікті құрайды, бұл өткен жылдан 2-ге кем, «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ 23.06.2017 жылдың №382 бұйрығына сәйкес, Жезқазған кенті, Анаркулов көшесіндегі жасөспірімдер спорт мектебін жоюлуына байланысты. Астана күніне «Қазақстан» ССК-де Street Workout көше тренажерының және стритбол алаңының салтанатты ашылуы ұйымдастырылып, пайдалануға берілді.
Сәтбаев құрама командасы жыл басынан бері 37 облыстық жарыстарға қатысты.
Сәтбаев қаласында спорттың 25 түрі бар, оның ішінде: олимпиадалық түрлері - 16, ал олимпиадалық емес - 9.
Спорт саласында және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында қаламызда 104 маман қызмет атқарады (дене шынықтыру пәні мұғалімі, жаттықтырушы-оқытушы, спорт нұсқаушысы), оның 87-білімі жоғары.
Жыл басынан бері спорт бөлімі «Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Сәтбаев қаласының мәдени-сауықтыру спорт орталығы» КМҚК атауын «Қазақстан» спорттық-сауықтыру кешені» КМҚК өзгерту және Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ беру жұмыстары жүргізілді. Бұл кешеннің толық әлеуетін пайдалана отырып, халықаралық деңгейдегі ауқымды спорттық жарыстар мен турнирлерді өткізуге, спорттық жарыстарға қатысуға және шығуға, дарынды балаларды таңдаудың тиімділігін арттыруға және халық арасында салауатты өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ спорт резервін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.
Сәтбаев қаласында жоғары деңгейде дамыған спорт түрлерінің бірі – жеңіл атлетика. Бүгінгі күні біздің қаламыздың спортшылары елеулі табысқа жетіп отыр, спортшылар әлемдік, халықаралық жарыстарда өнер көрсетіп жүр. Сондықтан, осы спортты одан әрі дамыту үшін «Сәтбаев қаласының жеңіл атлетика Федерациясы» Қоғамдық бірлестігінің ашу жұмыстары жүргізілуде. Қала әкімі қатысуымен бірлестіктің отырысы өтіп, Федерация Жарғысы, тізімі, жылдық жоспары және Президенті бекітілді.
Сәтбаев қаласы әкімінің бұйрығымен сырықпен секіру, найза, диск, ядро лақтыру жеңіл атлетиканың жаңа түрлерін ашу қаламызда жоспарланып отыр. Федерация өз жұмысын атқару үшін «Юность» стадионының жер телімін ресімдеп, әділет органдарында құқық белгілейтін құжаттар тіркелді. Келесі жылдың қаржы жоспарына «Юность» стадионың қайта жаңғырту үшін қаражат бөлінуіне сұраныс тапсырылды. Жаңартылған «Юность» стадионы қаламыздың бұқаралық спорттың дамуына өзінің септігін тигізетіне сөзсіз.
Сәтбаев қаласында бүгінгі күні үш спорт ұйымы бар: 1) «Сәтбаев қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ 2) «Сәтбаев қаласының мамандандырылған Олимпиадалық резервтегі балалар-жасөспірімдер мектебі» («Жастар» спорт сарайы); 2) «Қазақстан» спорттық-сауықтыру кешені» ҚМҚК.

Сәтбаев қаласының мамандандырылғын Олимпиадалық резервтегі балалар жасөспірімдер мектебінде 5 спорт түрлері дамыған: дзюдо, грек-рим күресі, бокс, каратэ-до кекушинкай, жеңіл атлетика. Мектепте 828 спортшы бар, 14 – бапкер-жаттықтырушы жұмыс атқарады. Бұл мектептің спортшылары 15 жылда елеулі жетістіктерге жетіп, ең мықтылары әлемдік, халықаралық жарыстарда өнер көрсетуде.
«Қазақстан» спорттық-сауықтыру кешенінде 13 спорт түрлері дамыған: футбол, бокс, үстел теннисі, пауэрлифтинг, мәнерлеп сырғанау, хоккей шайбамен, жүзу, дзюдо, каратэ, қоян-қолтық ұрыс, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, мүмкіндігі шектеулі жандар спорты. Мектепте 950 спортшы бар, 14 – бапкер-жаттықтырушы жұмыс атқарады.
Аула клубтарының жұмысын тиімді жүргізу мақсатында сәуір айында 6 клубты «Қазақстан» ССК балансынан мемлекеттік мекемелердің балансына тиісті профильдер мен бағыттар бойынша ауыстыру жұмыстары жүргізілді.
Спорт бөлімі мүмкіндігі шектеулі жандарды дене шынықтыру және спорттық іс-шараларға тартуға ерекше көңіл бөледі. Сәтпаев қаласында мүгедектер саны 4604-ті құрайды, оның ішінде 2155-і жеңіл жұмыспен және спортпен шұғылданалады. 9 айдың ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар арасында бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес 6 спорттық іс-шара өткізілді, оған 120 адам қатысты.
Спорттық дәреже мен атақтардың орындалу динамикасы

Бүгінгі күні спорт шеберлерінің саны 4 адамды құрайды, СШҮ - 48 адам, 1 спорттық дәреже - 45 адам, жаппай дәреже - 141 адам.
2016 жылы спорт шеберлерінің саны 2 адамды құрады, СШҮ - 6, 1 спорттық дәреже - 6, жаппай дәреже - 85 адам.
2015 жылы спорт шеберлерінің саны 5 адамды құрады, СШҮ-12, 1 спорттық дәреже - 11 адам, жаппай дәреже - 150 адам.