ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Сәтбаев қаласында 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының тармақтарын орындау бойынша

Жоспардың 1 тармағы бойынша қалалық әкімдіктің қаулысымен 2008 жылдың сәуірінен бастап қалалық сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссия құрылған. Комиссия жұмысы Ережеге сәйкес жыл сайынғы бекітілген жоспарларға сәйкес жүргізіледі. 2016 жылдың 18 маусымда Сәтбаев қаласы әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссияның отырысы өткізіліп, онда келесі сұрақтар қаралды: «Сәтбаев қаласының мемлекетік мекемелерінде жеке және заңды тұлғаларының өтініштерін қарау туралы», «Сәтбаев қаласында мемлекеттік тұрғын-үй қорынан пәтер беру және оның есебі туралы», «Қала мектептерінің ұжымдарымен және оқушыларымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі заңнама тақырыбындағы түсіндірмелік жұмыстары туралы».

Жоспардың 3 тармағы бойынша өткен аралықта қалалық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерімен өткізілді:

2016 жылдың 20 сәуірі күні №13 «Ертөстік» балабақшасының жас мамандарымен «Сыбайлас жемқорлық деген не?» тақырыбында тренинг өткізілді. Сонымен қатар, 3 маусым күні №36 «Ақбота балабақшасында 45 адамды қамтыған балабақшаның ата-аналары және тәрбиешілері арасында да сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында «Жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

2016 жылдың мамыр айында «Шыншыл бол!» тақырыбында №26 «Қарлығаш», №5 «Нұрбөбек» балабақшаларында тәрбиеленушілері арасында, №7 орта мектептің 7-8 сынып оқушыларының арасында және Оқушылар сарайында суреттер конкурсы өтті. Ал, 2016 жылдың 5 сәуірі күні «Балалар өнер мектебі» КМҚК 45 жұмыс ілінген «Внимание-коррупция» тақырыбында плакаттар конкурсы өтті.

«Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ қарасты білім беру мекемелерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ашықтығын арттыру жөніндегі сұрақ бақылауға алынған. Бөлімнің интернет ресурстарында мемлекеттік қызмет көрсетудің стандарттары мен регламенттері орналасқан. Білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған стендтерде азаматтарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің түрлері мен формалары ілінген және мемлекеттік қызметтерді электронды форматта алу жөніндегі сұрақтар бойынша жалпы құқықтық оқыту аясында дәрістер оқылып, жүйелі түрде түсіндіріліп отырылады. Сонымен қатар, жалпы құқықтық оқыту аясында «Балаларды жемқорлыққа қарсы тәрбиелейміз» тақырыбында №23 «Айналайын» балабақшасында 27.05.2016ж. және №10 орта мектепте 15.05.2016 ж. ата-аналар жиналысы өткізілді. №10 орта мектепте ата-аналар жиналысы аяғында ата-аналарға жаднамалар таратылды.

2016 жылдың 23 мамыры күні әкімдік аппаратының мемлекеттік-құқық бөлімінің бас маманы Ж.С.Әбенованың қатысуымен №12 «Гүлдер» балабақшасының ұжымында ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Сонымен бірге, мамыр айында барлық жалпы білім беретін мектепетерде ата-аналармен «Құқық бұзушылықтың алдын-алу» тақырыптарында мектеп инспекторларымен кездесу ұйымдастырылды.

2016 жылдың 3-6 мамыр аралығында №19 орта мектебінде «Жемқорлық –ғасыр дерті» атты иллюстрациялық кітап көрмесі ұйымдастырылып, онда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» туралы ҚР заңы, әдебиеттер, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша жарық көрген мерзімді басылымдардағы материалдар қойылды.

Жоспардың 4 тармағы бойынша Қала әкімінің 2013 жылғы 26 тамыздағы №49ө өкімімен қалалық бюджеттен қаржыландырылатын әкім аппаратының және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері үшін бірыңғай тәртіптік комиссиясы құрылған. 2016 жылдың 1 тоқсанында тәртіптік жауапкершілікке мемлекеттік қызметкерлер тартылған жоқ.

Жоспардың 6 тармағы бойынша Әкімдік ғимаратында және әкімдіктің ресми сайтында жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдар туралы ақпарат орналастырылған.

Жоспардың 10 тармағы бойынша Әкім аппараты мен қалалық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқару органдарының мемлекеттік қызметкерлері жыл сайын Сәтбаев қаласының мемлекеттік кірістер басқармасына өздерінің кірістері, мүлкі туралы декларация тапсырады. 2015 жылдың қортындысы бойынша мемелекеттік органдар басшыларының және олардың жұбайларының кірістері, шығыстары мен мүлкі туралы ақпарат мекемелердің ресми сайтында орналастырылды.

Жоспардың 11 тармағы бойынша «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ-сі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша ай сайын мониторинг шығарады.

Жоспардың 13 тармағы бойынша есеп беру кезеңінде мемлекеттік қызметшілер тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған жоқ.

Жоспардың 14 тармағы бойынша қалалық бюджетті нақытлау кезінде қызметтік автокөліктерге ерекше белгілерін дайындау үшін ақшалай қаржы бөлу жоспарланған.

Жоспардың 22 тармағы бойынша жыл басынан бастап кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп қалада кәсіпкерлікті дамыту сұрағы бойынша 3 жиналыс өткізілді. Шағын және орта бизнес өкілдерімен кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққп қарсы іс-қимыл сұарғы бойынша кездес ағымдағы жылдың 2-ші жартыжылдығында өткізу жоспарланған.

Жоспардың 24 тармағы бойынша Қала әкімі аппаратының ғимаратында бірінші басшылардың жеке қабылдауының кестесі орналастырылған, сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарына арналған пошта жәшігі қойылған.

Ай сайын қалалық «Шарайна» газетінде әкім аппаратының «сенім» телефонының» жұмыс істейтіндігі туралы ақпарат жарияланады.

Жоспардың 25 тармағы бойынша Азаматтарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастырудағы жұмысқа азаматтық қоғам субъектілерін тарту бойынша жұмыстар жүргізіліп отыр. Мысалы, әкімдікпен ұйымдастырылатын іс-шараларға міндетті түрде қоғамдық ұйымдардың өкілдері, құрметті азаматтардың және қала тұрғындары арасында сыйлы азаматтарының қатысуымен өткізіледі.

Жоспардың 28 тармағы бойынша Жаңа заң және ережелерге сәйкес мемлекеттік сатып алу алаңының жаңа веб-порталы,ашық рәсімдер шеңберінде берілетін 100% электрондық форматқа жылжыту үшін мемелкеттік сатып алу, кейбір түрлерін қоспаған қызметте мемлекеттік құпияларды құрайтын және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын шектеулі бөлу қызметтiк ақпараттарды қамтуы, сонымен қатар мемлекттік сатып алу 39 Заңның 3 тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40) және 41) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылады. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алу веб-порталында уәкілетті орган камералдық бақылау функциясы енгізілген

Қала деңгейінде апта сайын конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу бақыланады. коммуналдық меншік және мемлекеттік сатып алу мониторинг деректері Қарағанды облысының басқармасына беріледі.

Жоспардың 29 тармағы бойынша Мемлекеттік органдар өздерінің функцияларын орындауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іс жүзіне асыру аясында, азаматтық қоғам құрылымдармен өзара тығыз әрекеттестікте болады. Мысалы, қалалық тұрғын-үй, жер беру және басқа да комиссия құрамдарына мүше болып қызмет бағытына қарай және қаралатын сұрақтар бойынша «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлер Қауымдастығы», қалалық мәслихат депутаттары, ақсақалдар Кеңесі және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері енгізілді.

Жоспардың 33 тармағы бойынша 2016 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іс жүзіне асыру аясында Сәтбаев қаласының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен жергілікті бюджеттен әлеуметтік сауалнама, дөңгелек үстелдер, семинарлар өткізу үшін 300 мың теңге бөлінген.

Жоспардың 34 тармағы бойынша Әкімдік ғимаратында және әкімдіктің ресми сайтында жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдар туралы ақпарат орналастырылған.

Жоспардың 35 тармағы бойынша Әкімдік ғимаратында және әкімдіктің ресми сайтында «Құрмет тақтасы» орналастырылған және онда жоғары жұмыс нәтижесін көрсеткен мемлекеттік қызметшілер туралы ақпарат орналастырылған.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес тоқсан сайын «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқару органдарының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің жұмысын бағалау өткізіледі.

Жоспардың 36 тармағы бойынша Қазақстан Республикасының

сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру аясында №15 жалпы білім беру мектебінде, №4 лицей-мектебінде және №1 гимназия мектебінде ұжымдардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы пікірлерін анықтау бойынша сауалнама жүргізілді.

Жоспардың 41 тармағы бойынша Сәтбаев қаласы әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссияның тоқсан сайынғы отырыстарына жергілікті атқарушы органдардың 100% үлесімен АҚ мен ЖШС-ң бірінші басшылары шақырылады.

Жоспардың 42 тармағы бойынша Сәтбаев қаласы әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссияның жұмыс жоспарына 4 тоқсанына жергілікті атқарушы органдардың 100% үлесімен АҚ мен ЖШС-терде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жөніндегі жұмысы туралы сұрақ енгізілді.

Жоспардың 48 тармағы бойынша Қалалық мекеме ғимараттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында мини-плакаттар ілінген.