Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Сәтбаев қаласында 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары туралы

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 маусымдағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңдарына сәйкес және «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас  жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №234 қаулысының негізінде, Сәтбаев қалалық әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының 2015-2025 

жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Сәтбаев қаласында 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілсін.

  1. Сәтбаев қаласы әкімінің 2011 жылғы 13 маусымдағы №29ө 

«2011-2015 жылдарға арналған «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ-нің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру бойынша іс-шаралар Жоспарын бекіту туралы» өкімі жойылсын. 

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі аппаратының 

басшысы А.С.Нысанбаевқа жүктелсін. 

 

Қала әкіміӘ.С.Омар