Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Сәтбаев қаласында 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының тармақтарын орындау бойынша

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған

сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және

көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі Сәтбаев

қаласында 2015-2017 жылдарға арналған іс-шаралар

жоспарының тармақтарын орындау бойынша

А Қ П А Р А Т

 

 Жоспардың 1 тармағы бойынша қалалық әкімдіктің қаулысымен 2008 жылдың сәуірінен бастап қалалық сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссия құрылған. Комиссия жұмысы Ережеге сәйкес жыл сайынғы бекітілген жоспарларға сәйкес жүргізіледі.

Жоспардың 3 тармағы бойынша өткен аралықта қалалық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерімен өткізілді:

1. 2016 жылдың 20 - шы қыркүйегінде №25 жалпы орта білім беретін мектебінің 4-5 сынып оқушылары арасында: «Что такое коррупция» тақырыбында түсіндірмелі жұмыс жүргізілді;

2. С.Сейфуллин ат. гимназиясының 7 - і сынып оқушылары арасында «Біз жемқорлыққа қарсымыз» тақырыбында ойын түрінде акция өткізілді.

3. Ағымдағы жылдың 16 қыркүйегінде Весовая елді мекеніндегі №10 жалпы орта білім мектебінің белсенді оқушыларынан құрылған үгіт – насихат бригадасының бастамасымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мектеп» тақырыбында насихат жұмыстары өткізілді.

4. 2016 жылдың қыркүйек айында №25 жалпы орта білім беретін мектебі, С.Сейфуллин ат. гимназиясы оқушылары арасында «Шыншыл бол!» тақырыбында плакаттар конкурсы өтті.

5. 2016 жылдың 23 тамызы күні Сәтбаев қаласы бойынша ҚСжАЕ саласындағы заңдылықты қадағалау жөніндегі прокуроры 2-ші сыпты заңгері Е.Мұраттың қатысуымен білім бөлімінің мемлекеттік және азаматтық қызметшілері, қаламыздағы барлық білім беру мекемелері басшыларымен қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік тақырыбында ақпараттық – түсіндірмелі кездесу ұйымдастырылды.

6. 2016 жылдың 8 шілдесінде «Сәтбаев қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі" ММ-де «Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөнінде» дөңгелек үстел өтті;

7. 2016 жылдың 1 тамызында «Сәтбаев қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-нің қызметкерлерімен «Предупрежден-значит защищен» атты акция өткізілді;

8. 2016 жылдың 1 тамызында «Сәтбаев қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ-де Жезқазған өңірі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру ауданаралық басқармасының басшысы Қ.Қ.Қайырбеков «2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия туралы» тақырыбында семинар өткізілді;

9. 2016 жылдың 5 қыркүйегінде «Қарағанды облысы бойынша азаматтар үшін Үкімет МК ҮАҚ «Халыққа қызмет көрсету орталығы» Департаментінің Сәтбаев қаласы бөлімінің ғимаратында «Жер телімдерін басып алудын алдын алу туралы» тақырыбында семинар өткізілді;

10. 2016 жылдың 30 қыркүйегінде «НұрОтан» партяисында Қарағанды облысының ғимаратында «Қарағанды облысында жерді пайдалану және қорғаудағы мемлекеттік бақылау туралы» тақырыбында жұмыс жиналыс өткізілді;

11.2016 жылдың 26 тамызында «Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ-нде ««Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдары туралы» тақырыбында семинар өткізілді;

12. 2016 жылдың 26 шілдесінде «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ-де «Мемлекеттік органдармен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы» Заңын сақтау туралы» тақырыбында жиналыс өткізілді;

13. 2016 жылдың 26 шілдесінде «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ-де «Мемлекеттік органдармен «ҚР мемлекеттік қызметшелердің Әдеп кодексін ережелерін сақтау туралы» Заңын сақтау туралы» тақырыбында жиналыс өткізілді;

2016 жылғы қыркүйек айының 28 - і күні білім бөлімі басшысының төрағалық етуімен білім бөлімі қызметкерлері және білім беру мекемелері басшыларының қатысуымен «Борьба с коррупцией – главный приоритет государственной политики» тақырыбында семинар – жиналысы өткізілді. Бұл жұмыстың қорытындысы ретінде бөлім басшысының 28.09.2016 жылғы №296 «Жауаптылық туралы» бұйрығы шығарылып, қаламыздағы барлық білім беру мекемелері басшылары аталмыш бұйрықпен таныстырылды. Бұл бұйрық бойынша білім беру мекемелерінде ертеңгіліктерді, концерттік бағдарламаларды өткізу үшін оқушылардан, ата – аналардан ақша жинау фактілеріне жол бермеу туралы баяндалған.

Жоспардың 6 тармағы бойынша Әкімдік ғимаратында және әкімдіктің ресми сайтында жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдар туралы ақпарат орналастырылған.

Жоспардың 10 тармағы бойынша Әкім аппараты мен қалалық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқару органдарының мемлекеттік қызметкерлері жыл сайын Сәтбаев қаласының мемлекеттік кірістер басқармасына өздерінің кірістері, мүлкі туралы декларация тапсырады. 2015 жылдың қортындысы бойынша мемелекеттік органдар басшыларының және олардың жұбайларының кірістері, шығыстары мен мүлкі туралы ақпарат мекемелердің ресми сайтында орналастырылды.

Жоспардың 11 тармағы бойынша «Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ-сі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша ай сайын мониторинг шығарады.

Жоспардың 13 тармағы бойынша есеп беру кезеңінде мемлекеттік қызметшілер тәртіптік және қылмыстық жауапкершілікке тартылған жоқ.

Жоспардың 22 тармағы бойынша Шағын және орта бизнес өкілдерімен кәсіпкерлік саласында сыбайлас жемқорлыққп қарсы іс-қимыл сұарғы бойынша кездес ағымдағы жылдың 21 қазанына өткізу жоспарланған.

Жоспардың 24 тармағы бойынша Қала әкімі аппаратының ғимаратында бірінші басшылардың жеке қабылдауының кестесі орналастырылған, сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардың арыз-шағымдарына арналған пошта жәшігі қойылған.

Ай сайын қалалық «Шарайна» газетінде әкім аппаратының «сенім» телефонының» жұмыс істейтіндігі туралы ақпарат жарияланады.

Жоспардың 29 тармағы бойынша Мемлекеттік органдар өздерінің функцияларын орындауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іс жүзіне асыру аясында, азаматтық қоғам құрылымдармен өзара тығыз әрекеттестікте болады. Мысалы, қалалық тұрғын-үй, жер беру және басқа да комиссия құрамдарына мүше болып қызмет бағытына қарай және қаралатын сұрақтар бойынша «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлер Қауымдастығы», қалалық мәслихат депутаттары, ақсақалдар Кеңесі және басқа да қоғамдық ұйымдардың өкілдері енгізілді.

Жоспардың 34 тармағы бойынша Әкімдік ғимаратында және әкімдіктің ресми сайтында жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдар туралы ақпарат орналастырылған.

Жоспардың 35 тармағы бойынша Әкімдік ғимаратында және әкімдіктің ресми сайтында «Құрмет тақтасы» орналастырылған және онда жоғары жұмыс нәтижесін көрсеткен мемлекеттік қызметшілер туралы ақпарат орналастырылған.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет туралы» Заңына сәйкес тоқсан сайын «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ және қалалық бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқару органдарының әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің жұмысын бағалау өткізіледі.

Жоспардың 36 тармағы бойынша ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы

стратегиясын жүзеге асыру аясында білім беру мекемелері қызметкерлерінің жемқорлық туралы ойларын анықтау мақсатында 2016 жылдың 14-ші қыркүйегінде №12 жалпы орта білім беретін мектебі және №23 «Айналайын» бөбекжай балабақшасы ұжымындағы педагогтар және қызметкерлері арасында сауалнамалар алынды.

Жоспардың 41 тармағы бойынша Сәтбаев қаласы әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссияның тоқсан сайынғы отырыстарына жергілікті атқарушы органдардың 100% үлесімен АҚ мен ЖШС-ң бірінші басшылары шақырылады.

Жоспардың 42 тармағы бойынша Сәтбаев қаласы әкімі жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі комиссияның жұмыс жоспарына 4 тоқсанына жергілікті атқарушы органдардың 100% үлесімен АҚ мен ЖШС-терде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру жөніндегі жұмысы туралы сұрақ енгізілді.

Жоспардың 48 тармағы бойынша Қалалық мекеме ғимараттарындасыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыбында мини-плакаттар ілінген.

Жоспардың 49 тармағы бойынша 2016 жылдың 23 тамызы күні Сәтбаев қаласы бойынша ҚСжАЕ саласындағы заңдылықты қадағалау жөніндегі прокуроры 2-ші сыпты заңгері Е.Мұраттың қатысуымен білім бөлімінің мемлекеттік және азаматтық қызметшілері, қаламыздағы барлық білім беру мекемелері басшыларымен қоғамда жемқорлыққа төзбеушілік тақырыбында ақпараттық – түсіндірмелі кездесу ұйымдастырылды.