Жаңалықтар

22.06.2018
Акцияға атсалысты

Еліміздің әр түкпірінде «Алға басу – движение вперед» қайырымдылық жүгіру шарасы өтуде. Республикалық сипат алған спорттық шарадан сәтбаевтық мемлекеттік қызметкерлер де қалыс қалмады. Сенбі күні қаламыздағы «Нұрлы мекен» ықшам ауданында 200-ге жуық мемлекеттік қызметші жаппай жүгірді. Қайырымдылық акциясынан жиналған қаражат елімізде ауыр науқасқа шалдыққан жандардың «Балаларға өмір сыйла» жобасына жіберілді.


21.06.2018
Білікті фармацевт

Жалпы медицинаға адам баласына жаны ашитын, ол үшін уақытын да, қолынан келгенді де аямайтын жандар келуі тиіс. Біз сөз еткелі отырған Гүлнар Досжанова сондай адам. Денсаулыққа қажетті препаратты таңдауға көмектесетін білікті фармацевты Сәтбаев қаласында білмейтіндер кемде кем. Ол қаладағы «Асхат» дәріханасының меңгерушісі.


20.06.2018
Сауда базарларына онлайн-БКМ енгізу туралы

Республикамыздың сауда базарларының жергілікті бюджетті толықтыруда ролі маңызды болып табылады, себебі, осы сауда базарларында ақшалай қаражаттың үздіксіз айналымы, қолма-қол ақша арқылы есеп айырысулар арқылы тауарды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсетудің жүзеге асыруы қамтамасыз етіледі.


20.06.2018
Жазғы демалысымыз жарқын

№16 орта мектепте балалардың жазғы демалыс уақытын тиімді пайдалану, салауатты өмір салтын қалыптастыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Айгөлек» сауықтыру алаңы басталды.


19.06.2018
Сәтбаев қаласының жергілікті бюджеті қаражатынан қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама

«Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ (101302, Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Қ.И.Сәтбаев даңғылы, 108, анықтама үшін телефон: (871063) 4-00-19, факс (871063) 4-00-19; электрондық пошта: satpaevakim@mail.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:

«Сәтбаев қаласыныңсәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ басшысы (1 бірлік, № 5-1, ЕR-1санаты).  


Страницы: 12345