Жаңалықтар

24.10.2018
Жасампаздық пен жарқын болашақ кепілі

Елбасы 2006 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІІ құрылтайында «Үш тұғырлы тіл» туралы идеяны жария етті. Ал, 2007 жылғы Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлылығы» атты мәдени жобаны кезең-кезеңмен іске асыруды ұсынды. Бұл идеяның негізі мынадай: Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын дамыған мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі. Яғни, «мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз» деді. Бүгінде бір тілмен ғана шектелмей, халықаралық қатынас тілін білу қажеттілігі артып отыр. Өйткені,үштұғырлы тіл саясаты жастардың болашағы мен мүмкіндігі.


23.10.2018
Жасақ қызметі жандануда

Апат айтып келмейді, оқыс жағдайдан ешкім сақтандырылмаған. Мұндайда Сәтбаев қаласының жедел құтқару жасағының құтқарушылары қарап қалмайды. Төтенше жағдай орын алған тұста дұрыс әрекет ету тәсілін бес саусақтай меңгерген. Олардың босаңсуға қақысы жоқ. Табиғат қолайсыздығы, техникалық ақау, көлік соқтығысуы секілді оқыс оқиғалар кезінде жылдам жетіп, күн-түн демей көмек көрсетеді.


22.10.2018
Тарих жаңғыруы тиіс

«Қасиетті Ұлытау – қазақ елінің баяғыдан бергі тарихи және саяси кіндігі, ел болудың басы осы Ұлытаудан басталған…» Н.Назарбаев.

 

19.10.2018
Жұрт болып жұмылуға шақырды

Үстіміздегі жылдың үшінші қазанында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi және сыбайлас жемқорлыққа қарсы iс-қимыл агенттiгiнiң бастамасымен құрылған арнайы мониторингтiк топтың өкiлдері Сәтбаев қаласына жұмыс сапарымен келді.


18.10.2018
Қарттарым – асыл қазынам

Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, соңынан ерген ұрпақтың қамын ойлап, бас-көз бола білген қарттарымыздың орны әрқашан ерекше. Халқымыздың санасына сіңген ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, сөзіне құлақ асу.

 

Страницы: 12345