Жаңалықтар

01.11.2017
Отбасы денсаулығы – мемлекет денсаулығы

Отбасы – біздің қоғамымыздың құндылықтарын сақтаудың манызды институты. Ол – қоғамның, ұлттың ұясы. Салауатты отбасы – бұл салауатты ұлт.

Салауатты отбасы деген не? Салауатты отбасы – сүйіспеншілік пен өзара түсінісу, салауатты психологиялық климат, рухани мәдениет, материалдық молшылық орнаған отбасы. Отбасы денсаулығы мәселесі бүгінгі таңда жеткілікті, өзекті. Егер отбасында ата-аналар балаларына салауатты өмір салтын көрсететін болса, онда балада да өзінің денсаулығына позитивті қарау қалыптасады. Ол дегеніміз – балалар мен  ата- аналардың бірлескен істері, жеке үлгісі, спортпен айналысу, пайдалы  демалыс, салауатты өмір салтының құраушы бөліктері.Салауатты отбасы деген не? Салауатты отбасы – сүйіспеншілік пен өзара түсінісу, салауатты психологиялық климат, рухани мәдениет, материалдық молшылық орнаған отбасы. Отбасы денсаулығы мәселесі бүгінгі таңда жеткілікті, өзекті. Егер отбасында ата-аналар балаларына салауатты өмір салтын көрсететін болса, онда балада да өзінің денсаулығына позитивті қарау қалыптасады. Ол дегеніміз – балалар мен  ата- аналардың бірлескен істері, жеке үлгісі, спортпен айналысу, пайдалы  демалыс, салауатты өмір салтының құраушы бөліктері.Адамға салауатты отбасын құру үшін, оның өзі салауатты отбасында туып-өсуі маңызды. Сонда ғана адам өзінің өмірін  ақылмен құра алады. Ата-аналар өз балалары үшін үлгі болуы керек. Бұрын біздің ата-бабаларымыз ұрықталар алдында 3 айға ішімдіктерден бас тартқан, себебі ауру бала туудан қорыққан. Еркектер әйелдікке алыс аудандардың, алыс жерлердің қыздарын алған, сонымен туысқандық қанның араласуынан сақтанған.Сондықтан, салауатты өмір салтын құрудың маңызды шарты отбасының, дененің саулығы. Ол үшін жұбайлар, шаңырақ көтермес бұрын өздерінің шыққан тегін, яғни өзінің генетикалық кодтарын білуі керек. Содан кейін салауатты өмір салтын ұстануы керек, яғни отбасы мүшелері шылым шекпеуі, ішімдік ішпеуі, есірткі қолданбауы керек. Нәресте дүние есігін ашқан күннен бастап түсетін қоршаған орта (психологиялық атмосфера) жағдайлы болуы керек.Мұндай психологиялық атмосфера бала өмірінің барысында мінезін қалыптастыруға әсер етеді.  Егемендік алғалы  өткен ширек  ғасырда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бәсекеге қабілетті ұлт, әл-ауқаты артқан отбасы,  білімді ұрпақ қалыптастыруға  бағытталған сындарлы саясаты отбасылық саясатты жетілдіруге, ана мен баланы мемлекеттік қолдау бойынша бағдарламалық құжаттардың қабылдануына, осы бағытта тұтастай жүйенің құрылуына жол ашты. Осылардың қатарында Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясының қабылдануын, Отбасы күнінің белгіленуін, Балалы отбасыларды әлеуметтік қолдаудың ұлттық  моделінің қалыптасуын, «Мерейлі  отбасы» ұлттық конкурсының өткізілуін және басқа көптеген нақты шараларды  алға тартуға болады. Бұл игілікті істер нәтижесінде әрбір босағасы берік отбасы Отанымыздың баянды болашағының берік негізі ретінде орнықтырылды. Алаш қайраткерлерінің бірі, ақын Мағжан Жұмабаевтың: «Тәрбиедегі мақсат баланы тәрбиешінің дәл өзіндей етіп шығару емес, келешек өз заманына сай қылып шығару», деген сөздеріне терең мән беруіміз керек. Мемлекет басшысының Жарлығымен 2013 жылдан бері мерекеленіп келе жатқан Отбасы күні осы мақсаттан туындаған игілікті қадамдардың бірі болып табылады. Отбасы күні отандастарымыз асыға күтетін, ізгілікті іс-шараларына шынайы ықыласпен, ыждағаттылықпен қатысатын жалпыхалықтық жарқын мерекеге айналды. Яғни, бұл мерекені отбасылық құндылықтарды құрметтеудің, іргесі берік жарасымды отбасы қалыптастыруды насихаттаудың, жол көрсетудің шуақты күні ретінде қабылдауымыз керек. Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі жылында қабылданған «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісінде қарпайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қымбат ақиқаттар – отбасы амандығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге деген сенім ұғымдары айқын көрініс тапты.Тарихтың тереңіне бойласақ, ұлтымыздың бойында отбасылық құндылықтарға, анаға деген құрмет ерекше өркен жайған. Талай ғасырлар бұрын Мәңгілік Елдің мұраттары тасқа қашалған Күлтегін  жазбасында: «Әкем Елтеріс қағанды, Шешем Елбілге ананы, Тәңірі төбесіне ұстап, Жоғары көтерген екен» деген сөздердің жазылуы да көп жайтты аңғартса керек. Сонымен бірге арғы бабаларымыз түркілер дәуірінде Тәңірден кейін Ұмай анаға табынуы да осы ойымызды толықтыра түседі. Ана мен балаға қамқорлық жасау, отбасын қолдау, ұлттық құндылықтарды сақтау ісіне мемлекеттік органдар ғана емес, еліміздегі ірі компаниялар, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық ұйымдар қатысуының сандық және сапалық көрсеткіші арта түсуде.  Үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен «Саламатты  отбасы»,  «Мүмкіндіктері шектеулі әйелдердің денсаулығын сақтау»,  «Толық отбасы»,  «Ана мен бала», «Отбасының қолынан бәрі келеді», «Репродуктивтік денсаулықты сақтау, отбасын жоспарлау, жүктілікке дайындау және халықты, медицина қызметкерлерін оқыту арқылы дені сау бала туу» атты  әлеуметтік жобалар іске  асырылды.  «BI Group» холдингінің қолдауымен «Ана үйі» жобасы жолға қойылып отыр. Жыр сүлейі Сүйінбай Аронұлының «Ер жігіт ел-жұртының панасындай, Жақсы әйел жалпы жұрттың анасындай» деген қанатты сөзінің жастар үшін тәрбиелік мәні зор деп білемін.  Бала тәрбиелеу –  бұл үлкен еңбек. Ата-аналарға бала туу туралы шешім қабылдау оның болашағы үшін үлкен жауапкершілік әкеледі. Қазіргі өркениеттің негізі салауатты және рухани дамыған адам болып табылады. Салауатты адамдар металлургиядағы болат және ауыл шаруашылығындағы нан сияқты мемлекет «өндірісінің» өнімі болуы керек. Екінші жағынан, салауатты ұлт сөзсіз мықты мемлекеттің белгісі болып табылады.  Ұлттың денсаулығы еркін  медициналық қызметтердің, дене тәрбиесін және әуесқой спортты, салауатты өмір салтын және дұрыс тамақтану, зиян әдеттерді құрту, экологиялық таза және күтілген өмір сүру ортасын құру, арқылы қалыптасады.Әлемдік тәжірибе, еліміздің тұрғындарының денсаулығына әсер ететін маңызды фактор – бұл, бір жағынан, аурулардың алдын алу, екінші жақтан, салауатты өмір салтын ынталандыру бойынша мемлекеттің қадамдары екенін көрсетеді. Аурулардың алдын алу таза су мен асты пайдалануды, тазарту жүйелерінің болуын, қоршаған ортаны ластайтын және экологиялық зиян келтіретін объектіледі азайтуды, қауіп- қатердің басқа факторларын төмендету  бойынша ұқсас шараларды білдіреді. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымыздың дене шынықтыру жаттығулармен айналасуымызға, дұрыс тамақтануымызға, гигиена мен санитария шараларын сақтап, есірткі, ішімдік заттарын қолданыстан алып тастауымызға бағытталған. Прогресті және тұрақты дамыған мемлекетті алдын ала болжайтын негізгі факторлардың бірі адами әлеует болып табылады. Финляндияның бұрынғы президенті Урхо Кекконен «ұлттың болашағы автомобильдердің санына емес, балалар арбасының санына тәуелді» деп дәл айтқанын естен шығармауымыз керек. Қазақстанға келетін болсақ, XX ғасырдың екінші жартысында оның аймағында 5 халық санағы жүргізілген болатын, 1959 бастап 1989 жылға дейінгі кезең аралығында республика халқының саны 2 есе артты және 16536,5 мың адамды құрады, ал қазір 17 миллионнан асып отырмыз.  Қазіргі қоғамда балалар толық отбасының қажет құраушысы болып табылады,  ата-аналарды эмоциялық азықтандырады. Жас  отбасыларға балалар  үшін кететін барлық шығындар міндетті түрде болашақта өтелетін естен шығармаған дұрыс. Белгілі саясаткер Уинстон Черчилль байқағандай, «жақсы капитал салымы – бұл балалардың аузына сүт құю» – деген қағидасын әрқашанда есте сақтаған жөн.Отбасылық тәрбие – бала денсаулығын қалыптастырудың негізі. Дұрыс тәрбиелеу – бала денсаулығын қалыптастыруды құрайтын маңыздылардың бірі. Баланың физикалық денсаулығымен қоса, дұрыс тамақтану және санитарлық-гигиеналық дағдыларды ұстану, отбасындағы психологиялық қарым-қатынас өте маңызды: ата- аналар мен балалар бір-біріне ықпал етеді. Рухани жылылық және ата-аналардың ақ көңілділігі, сондай-ақ олардың бір қалыпты бақылауы балаларға жағымды ықпал етеді.Отбасы денсаулығы – қоғам денсаулығы. Өркениетті елдерде денсаулық, салауатты өмір салты мәселелеріне үлкен назар аударылады. Отбасы – салауатты өмір салтын құруда үлкен рөл атқаратын алғашқы топ. Өзімізге белгілі, алдымызға ең алдыңғы қатарлы 30 елдің қатарына кіру мақсатын қойып отырған кезеңде отбасының жай- күйі, денсаулығы ең басты назардағы мәселе десек, бүгінде отбасы денсаулығы мемлекет тарапынан тыс қалып отырған жоқ. Бұл шараның мақсаты халықтың өрбіту саулығын (репродуктивтік денсаулық) жақсарту бойынша жұмыстардың тиімділігін арттыру, «Дені сау ана – дені сау бала» принципіне сәйкес дені сау ұрпақты дүниеге әкелу, жастар арасында жаңа отбасын құрудағы жауапкершіліктің рөлін түсіну жөнінде ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу болып табылады. Азаматтардың өрбіту саулығын және ана мен бала денсаулығын қорғау шеңберінде жалпы дәрігерлік тәжірибе принциптері бойынша әрекет ететін медициналық-санитарлық алғашқы көмек (МСАК) қызметінің маңызы зор. Емханамызда оларға жалпы отбасы дәрігерлері қызмет көрсетеді. ЖТД дәрігерлерінен басқа барлық арнайы мамандар (окулист, онколог, эндокринолог, хирург, кардиолог, уролог, гинеколог және басқалар) үнемі қабылдау жүргізеді. Әрбір ЖТД дәрігерімен учаске аумағында тұратын бала туу жасындағы әйелдердің тізімі жасалған, олардың диспанцерлік тексеруден өту кестесі құрастырылған, осының арасында бірде бір әйел медициналық тексерістен тыс қалмайды. Балалармен жұмыстың негізін профилактика және вакцинациялау шаралары құрайды. Емханада бекітілген кесте бойынша денсаулық мектептері жұмыс жасайды. Адам өміріндегі ең жоғарғы бағалы дүние болғандықтан, әр адам өз денсаулығына көңіл бөле қарауы қажет, «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген халық қағидасы әрдайым жадымызда болуы тиіс. Отбасы – адам баласының өмірге жолдама алатын кәусар бастауы, арқа сүйер алтын діңгегі. «Мәнгілік Елдің» іргесін берік, керегесін кең, шаңырағын биік ететін ұлттың басты құндылығы өрелі ұрпақ, ұлағаты отбасы екенін ұмытпағанымыз жөн. Отбасы денсаулығы – мемлекет денсаулығы! Сыйпат Сағымбаева,«Сәтбаев қаласының емханасы»   Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының директоры.


Вернуться назад