Жаңалықтар

10.11.2017
Латын графикасымен жазылған сайттың тұсауы кесілді

Қарағандыда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде облыстық тарихи-өлкетану мұражайында zhastar09.kz жастар порталының тұсаукесері болды.

Сайттың ерекшелігі – ондағы барлық ақпарат латын әрпімен жазылған. Оны құрушылар осылайша латын графикасына көшуге дайын екендерін көрсетуде.
– Жуырда Президент латын графикасына көшу туралы жарлыққа қол қойды. Латын әрпіне көшу – қоғамдық сананы жаңғырту идеялары негіздерінің бірі. Біз оны қолдаймыз. Енді жаңа zhastar09.kz сайтында сіздер ақпаратты латын әрпінде оқи аласыздар, – деп мәлімдеді жастар саясаты басқармасының жетекшісі Мирас Құттыбай сайттың тұсаукесер рәсімінде.
Құрастырушыларының айтуынша, сайтта көптеген қызықты және пайдалы ақпараттар болады. Авторлар тек жастар қауымын ғана емес, сонымен қатар Қарағанды облысындағы жаңалықтарға қызығушылық танытқан барлық жұртшылықтың назарын аулауға үмітті екендерін айтуда.
Жезқазғандық құрастырушы Әлібек Қаратаев бұл жобаны бірнеше ай бойы дайындаған. Сайтта кез келген сөзді немесе мәтінді кирилицадан латын графикасына ауыстыратын атқарым бар. Бұл қосымшаны qazlatyn.kz сайтынан жүктеп алуға болады.


Вернуться назад