Жаңалықтар

14.11.2017
«Мақал-мәтел – сөз маржаны»

Осындай тақырыппен жақында «Қазақ тілі – менің тілім» үйірмесінің жетекшісі Б.Толқымбекованың ұйымдастыруымен мақал-мәтел жарысы өткізілді.

Оқушылардың білімге деген құштарлығын, іздемпаздығын, білім деңгейін дамыту, мақал-мәтелдердің мағынасын терең ұғындыру мақсатында өткізілген сайысқа №1 мектеп-гимназиясының 4«А» сынып оқушылары қатысты.

Іс-шара барысында оқушыларға мақал-мәтелдерге байланысты бейнеслайд әзірленіп, көптеген мәлімет берілді. Қатысушы оқырмандар жарыстың ережесімен танысып, «Білгірлер» және «Тапқырлар» атты екі топқа бөлінді. Жарыс 3 бөлімнен тұрды: мақал-мәтел сайысы (Отан, жер, батыр, ер туралы), мақалдың жалғасын табу және тұрақты сөз тіркестерін табу.

Сайыстың қорытындысында «Тапқырлар» тобы жеңімпаз атанды. Оқушылар М.Абдигалиева, Г.Тасқын, Н.Сәбитұлы мақал-мәтелдерді өте белсенді және шапшаң айтып, оқырмандардың көңілінен шықты.

Ф.Дузбаева,
Балалар мен жасөспірімдер кітапханасының библиографы.


Вернуться назад