Жаңалықтар

11.01.2018
Жаяужол жағдайы бақылауда

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етті. Жаяужолдар мұздан тазартылып, онда құм себілуі тиіс. 

– Тайғақ салдарынан адамдардың жаяужолдарда жарақат алуын болдырмау керек. Жылдам әрекет еткен жөн. Жаяужол жағдайын бақылауға алыңыздар. Бұл барша әкімге қатысты, – деді аймақ басшысы аппараттық жиында.
Сондай-ақ, облыс әкімі жол қызметкерлері мен әкімдіктер ауа-райы
тудыратын қиындықтарға дайын болуы тиіс екенін айтты. Барлық қарға толып қалған жол жиектерінде арнайы қалқандар орнатылуы керек.


Вернуться назад