Жаңалықтар

14.02.2018
Балуандарымыздың бәсі жоғары болды

Жезқазған қаласындағы «Ұлытау» спорт сарайында Республикалық және облыстық жарыстардың жеңімпазы Берік Дәулет Дәуренұлын еске алуға арналған дзюдо күресінен 2004-2005 және 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер мен қыздар арасында қалалық біріншілік өтті.

Оған Жезді кенті Мәдени-сауықтыру орталығының жаттықтырушылары Д.Алимбаев пен Б.Алшынбектің баптап жүрген шәкірттері де қатысып, бақтарын сынады. Сайыстың нәтижесінде №6 қазақ орта мектебінің оқушысы Аяулым Бексұлтан ІІІ орынды, аралас мектеп-интернатының оқушылары Арай Елімбай, Ақжол Алшынбек, Әлішер Медеуұлы ІІ орынды иеленсе, аралас мектеп-интернатының оқушысы Нұрхан Қуатбек І орынды жеңіп алды.
Бұл аталған балғын балуандырымыз бұған дейін Сәтбаев қаласында өткен бәсекеде де жеңіс тұғырынан көрінген еді.

Жанар Көшекова,
Жезді кенті мәдени-сауықтыру орталығының әдіскері.


Вернуться назад