Жаңалықтар

13.03.2018
Бәсекеде бағымыз жанды

 

Жуырда Қарағанды қаласында бокстан 2004-2005 жылы туған балғын былғары қолғап шеберлері арасында облыстық Чемпионат болып өтті. Оған Сәтбаев қаласындағы мамандандырылған олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері де қатысып, бақ сынап қайтты.

Байрақты бәсекеде Е.Тусупов, Е.Тортаев, С.Жұмабек, М.Дуйсембаев сынды жаттықтырушылар тәрбиелеп жүрген қаламыздың балғын боксшылары намысты қолдан бермеуге тырысты. Әртүрлі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен спортшыларымыз шеберліктері мен басымдықтарын көрсетті. Нәтижесінде Мирас Мұхтар (44кг, Елдос Оразбаев (50 кг), Алихан Бахыт (42 кг) І орынды жеңіп алса, Әуез Тұрсын(44кг), Ислам Бақытбек (56 кг), Әлішер Төлебек (40 кг), Аманжол Рымбек (46 кг) ІІ орынды иеленді. Ал, Дінмухамед Жумамуратов (44 кг) ІІІ орынның тұғырынан көрінді.

Балғын былғары қолғап шеберлері 14-19 наурыз аралығында Қызылорда қаласында өтетін ҚР Чемпионатыда да күш сынасатын болады. Оларға сәттілік тілейміз.

(Өз тілшіміз).

 


Вернуться назад