Жаңалықтар

14.03.2018
Инвесторлар жұмылдырылады

Аймағымызда тозығы жеткен үйлерді қалыпқа келтіру үшін инвесторларды жұмылдыру жоспарланып отыр. Аппараттық жиналыс барысында Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов сәйкесінше тапсырмалар берді.

Тозған үйлердің тұрғындарын уақыт өте келе жаңалау баспаналарға көшіру, ал ескі ғимараттарды жөндеп немесе олардың орнына жаңа тұрғын үйлер салу жоспарланып отыр. Қазір Қарағанды әкімдігінің қызметкерлері осы секілді жобаларға қаражат салуға дайын бизнесмендерді іздестіріп жатыр.

Апаттық үйлер саны көбі Жезқазған қаласы – 28. Олардың 16-сы қалыпқа келтіруге келмейді. Ерекше қауіп тудырып отырған нысан Жеңіс көшесіндегі №11 үй. Жақын уақытта ондағы тұрғындарды көшіру жоспарланып отыр.
– Қалыпқа келтіруге болатын үйлерді ТКШ жаңғырту бағдарламасының көмегімен жаңартпақпыз. Бұл бағдарламаны қаржыландыру көздерінің қатарында – «Сарыарқа» ӘКК-нан қайтарылған ақшалар, сондай-ақ облыстық бюджет бар, – деді облыс әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупа.

Ол сонымен қатар жер қыртысының жылжуы немесе жердің қатты қабығының отыруы секілді табиғи сипаттағы себептерге байланысты апаттық деп танылған үйлердің тұрғындарына өтемақы төлеу мәселесі қарастырылып жатқаны туралы мәлімдеді. Облыс әкімі орынбасарының айтуынша, берілетін өтемақы қауіпсіз үйге көшуге мүмкіндік береді.

– Үйлерді қалыпқа келтіруге басымдылық ету керек, бюджеттік қаражат есебінен ғана емес, басқа да механизмдер мен тәсілдерді пайдаланған жөн, — деді Ерлан Қошанов.  Аймақ басшысы бұл жобаның іске асырылуын ерекше бақылауға алатынын жеткізді.


Вернуться назад