Жаңалықтар
12.04.2018«Әлеуметтік бастама – әлеуетті ел болуымыздың басты кепілі»
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуі Қазақстанның даму моделі әбден қалыптасқанын және экономикалық тұрғыдан тұрақты өркендеп келе жатқанын көрсетті…
Бұған дейін Мемлекет басшысы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жариялап, еліміздің мықты, жауапкершілігі жоғары біртұтас ұлт болуы үшін рухани жағынан қалай жаңғыру керектігін, бұқаралық сананы қалай өзгерту қажеттігі туралы көзқарастарын ортаға салып, бағыт-бағдар сілтеді. Ал, биылғы Жолдауында жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын айқындап берді. Енді, міне, «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» халықтың өмір сүру сапасын әлеуметтік жобалар арқылы жақсартудың басты қазығы болып отыр. Осылайша, Елбасы мемлекеттік басқарудың үш базалық құрылымы: рухани, технократиялық, әлеуметтік даму тетіктерінің негізін қалады. Бұл – Мәңгілік Ел болудың негізгі принциптері іспетті.
Жалпы, Елбасының бес әлеуметтік бастамасы – халықтың әл-ауқатын жақсарта түсудің тиімді жолы. Президент мемлекеттің әлеуметтік жауапкершілігін көтеру арқылы елдің тұрақтылығын одан әрі дамытуды айқындап отыр. Ендеше бес әлеуметтік бастама халықтың игілігіне айналатын ұтымды жоба деп санаймын. Соның бірі білім беруге бағытталуы, жастарға жасалып отырған әкелік қамқорлық.
Президенттің үшінші әлеуметтік бастамасы ретінде Мемлекет басшысы жоғары оқу орындарына берілетін гранттар санын көбейтіп, жоғары оқу орындары мен колледж студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін атап өтті. Бұл ең бірінші кезекте адами капиталға құйылған инвестиция іспеттес. Осы арқылы студенттердің білім алуына жағдай жасалып, оларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі шешімін табады. Мектеп қабырғасынан енді шыққан көптеген жас түлек уақытша тұратын пана іздеп, өмірдің қиындығына ерте тап болатынын көріп жүрміз. Ал, пәтерден пәтерге көшіп, тұрмыс жағынан қиналып жүрген жастардың оқуға құлшынысы бола ма? Өркениетті қоғамда жастарға ерекше саясат жүргізетіні сондықтан. Мемлекеттің өздеріне деген қамқорлығын сезінген жастардың да елдің келешегіне деген сезімі ерек болатыны шүбәсіз.
Орайы келгенде айтып өтейін, Елбасының сарабдал саясатының арқасында ел болашығының орта мектептер мен жоғары және арнаулы оқу орындарында сапалы білім алып, қалаған мамандықтарын таңдауларына барлық жағдайлар жасалған. 2016-2017 оқу жылдарында біздің қаланың 578 оқушысы тоғызыншы сыныптан соң колледждерге оқуға түссе, оның 403-і ақысыз білім алуда. Сондай-ақ, 2017 жылы 317 бала 11 сыныпты бітірді. Олардың 225-і ҰБТ тапсырды. Орташа балл – 80,02 болды. Осы түлектердің 95-і грантқа оқып жатыр. Оның 73-і Қазақстанда, 22-сі Ресейде білім алуда.
Биылғы жылы 901 бала 9 сыныпты, 356 бала 11 сыныпты тәмамдағалы отыр. Олардың жоғары және арнаулы оқу орындарына түсіп, кәсіби білім алуларына мүмкіндіктері зор. Оған Елбасы ұсынған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» бағдарламасы дәлел. Бұл әлеуметтік бастамалар – біздің әлеуетті ел болуымыздың басты кепілі.
- 20.04.2018 Подробнее
Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалдары туралы
Алматы, Қазақстан - Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өзінің барлық 18 өңірлік филиалында «Өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы» жобасының өнеркәсіптік пайдалануға берілгендігін хабарлайды. Бұл жоба «БЖЗҚ» АҚ-тың Корпоративтік даму стратегиясы аясында жүзеге асырылды. Осы стратегияға сәйкес, Қор өзінің көрсететін қызметтерінің сапасын арттыра отырып, салымшыларға зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға ұйымдық тұрғыдан көмек көрсетеді.
- 19.04.2018 Подробнее
Сәтбаев қаласының жергілікті бюджетінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінің арасында «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға ішкі конкурс өткізу туралы хабарлама
Конкурсқа қатысушылардың барлығыны қойылатын жалпы біліктілік талаптар:
Е-R-3 санаты үшін: Жоғары білім. Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.