Жаңалықтар

17.05.2018
Теңге ілу мен аударыспақтан Азия чемпионаты өтеді

Астананың 20 жылдығы қарсаңында теңге ілу мен аударыспақ спортынан Азия чемпионаты өтеді,
деп хабарлайды Today.kz.

Ұлттық спорттың биылғы маусымашар бәсекесі халықаралық жарыстармен басталмақ.
Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында маусым айының 1-2 күндері Астанада Теңге ілуден ІІ Азия чемпионаты, Аударыспақтан ІІІ Азия чемпионаты өткізілмек.
ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы ұлттық спортты дамыту бойынша арнайы мәжіліс өткізіп, байрақты бәсекенің дайындығын пысықтады. Мәжіліске ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков, ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Жарасбаев және чемпионаттардың өткізілуіне жауапты мекемелердің мамандары қатысты.
Қос бірдей халықаралық ұлттық спорт бәсекелерінде Азияның онға жуық мемлекетінің спортшылары бақ сынамақ.


Вернуться назад