Жаңалықтар

06.07.2018
Құрметті қала тұрғындары! Сіздерді еңселі Елордамыз – Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саяси ерік-жігері мен тарихи бастамаларының арқасында қасиетті Сарыарқа даласында өзіне ғана тән бірегей сәулетімен арман қала бой көтерді. Астана – бірлік пен берекенің, Отанымыздың телегей табыстарының символы, Қазақстан халқы қол жеткізе алатын шексіз мүмкіндіктердің үлгісі.

Астана Тәуелсіз Қазақстанды әлемге танытты. Мұнда әлемдік көшбасшылардың кездесулері, аса өзекті саяси, экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелер бойынша жоғары деңгейдегі халықаралық іс-шаралар өткізіліп келеді. Ол Еуразияның кіндік қаласына – елдердің орнықты даму жолдарын айқындап, халықтар арасындағы сенім мен өзара түсіністікті нығайту тетіктері қарастырылатын ортаға айналды.

Бүгінде қазақстандықтар бейбіт те бақытты заманда өмір сүруде. Қазақстандық Ұлы жолмен жүріп, еліміз дамудың жаңа деңгейіне көтерілді, ал мемлекеттік сарабдал саясат экономикалық өсу мен әлеуметтік дамуды қамтамасыз етті.
Алға қойылған міндеттердің табыспен іске асырылуы Астананың одан әрі өркендеп, келешегі кемелдене түсуі үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынына сеніміміз зор.

Құрметті жерлестер!

Барлық қала тұрғындарын Астана күнімен, бейбітшілік пен келісім орталығының мерекесімен құттықтаймыз!
Біздің мақтанышымыз, Отанымыздың жүрегі – ару  Астананың жұлдызы әрқашан жарық болсын! Астана – Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Бұл – отандастарымыздың ізгі үміттері ақталып, бақыт жолына бастайтын арман қала. Мереке құтты болсын!

Сәтбаев қаласының әкімі А.Ыдырысов
Қалалық мәслихат хатшысы Т.Хмилярчук


Вернуться назад