Жаңалықтар

01.08.2018
Туризмді дамыту – елімізді дамыту

Шілде айының 17 жұлдызында Ұлытау ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Әнуар Серікбайұлының төрағалығымен алқалы жиын өтіп, онда ауданда туризмді дамыту жайы сөз болды. 

Жиынға аудандық мәслихат хатшысы Талғат Сейтжапарұлы мен аудан әкімінің орынбасарлары, мекеме, бөлім басшылары, село, кент әкімдері қатысты. Күн тәртібіндегі тақырыпта Амангелді селолық округінің әкімі Н.Жеңсікбаев, Байқоңыр селолық округінің әкімі С.Әбжанов және Шеңбер селолық округінің әкімі С.Сұлтанов баяндама жасады.

Жиын барысында Қырғызстан еліне барып келген барлық кент, село әкімдері алған әсерлерімен бөлісіп, өз ойларын ортаға салды. Туризмді дамыта отырып, киелі де қасиетті Ұлытауды туристік орталыққа айналдыруға болатын мүмкіндіктермен бөлісті.


Вернуться назад