Жаңалықтар

29.01.2016
Бейнеттен – зейнетке!

Әңгіме арқауы — жинақтаушы зейнетақы қоры. Турасы — бейнетпен тапқан тиын-тебеніңнің зейнетіңе жетер-жетпес тағдыры туралы.


28.01.2016
Абырой мен Арды Саралаған

Қала әкімдігінің мәжіліс залында журналист, жазушы Шамхан Рахметовтың қаламыздың Құрметті азаматы, партия, кеңес қызметтерінің ардагері Мұзараф Ахановтың өмірі мен еңбек белестерін, сол жолдардағы соқтықпалы, соқпақты өткелдерін арқау еткен «Азаматқа абырой мен ар қымбат» атты ғұмырнамалық кітабының тұсаукесері болып өтті.


28.01.2016
Субсидиялауға өтінімді қазақстандықтар енді ХҚКО арқылы бере алатын болады

Ауыл шаруашылығы саласында субсидиялауды жеке және заңды тұлғалар Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы ресімдей алады. Бұрын осы қызметтерді ресімдеу үшін белгілі бір кесте бойынша көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне тікелей жүгіну талап етілсе, енді қазір қызметтер ХҚКО арқылы қолжетімді болып отыр, оның ішіндегі үшеуіне электрондық үкімет порталы арқылы қол жеткізуге болады. Халыққа қызмет көрсету орталықтары субсидиялау бойынша мемлекеттік қызметтерге құжаттарды өздерінің қалыпты кестесі бойынша қабылдайды – аптасына 6 күн, түскі үзіліссіз таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 8-ге дейін.


28.01.2016
Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет

Сәрсенбі күні Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов қаламыздың ардақты ақсақалдарымен, ардагерлер қауымымен, құрметті азаматтарымен жүздесу өткізді. Аға буын өкілдерімен өткен басқосуға сондай-ақ қаламыздың белсенді жастары да қатысты.


27.01.2016
«Мен тірі тұрғанда…»

Қоғамда әрқилы пікір тудыратын тұлғалар болады. Солардың бірі — ақын Олжас Сүлейменов. Кешегі Кеңес заманында ұлттық батыр іспетті бағаланатын Олжекеңді кейінгі кезде өзінің қандастары сын нысанына жиі айналдыратын болғаны да жасырын емес. Шынында да, ақынның орыс тілінің мәртебесі туралы кейбір пікірлері ой таластыруға итермелеп тұратындығы да рас. Бірақ, бір нәрсе айқын – Олжекең өзінің ой-пікірін жасырып қалмайды, ашық айтады. Бұл да оның басқалар ғибрат алар бір қасиеті деп білгеніміз жөн.


Страницы: 192193194195196197198199200