Жаңалықтар

12.01.2018
Ит жылы игі істерге толы болсын

«Итің жаман» десе намыстанатын, «тепсең ырысың кетеді» деп киесіне сенетін Ит жылы келді. Халқымыз итті жеті қазынаның біріне балап, адалдық символы ретінде қабылдайды. Жануарлардың арасында ит секілді иесіне адал, сенімді дос жоқ екендігін растайтын аңыз-әңгімелер өте көп.


11.01.2018
Әңгімелесуге жіберілген үміткерлердің тізімі

«Б» корпусы әкімшілік мемлекеттік бос лауазымына орналасу жөніндегі үміткерлердің құжаттарын қарау және әңгімелесуге жіберу бойынша (берілген мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс) Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты конкурс комиссиясының отырысын өткізді.


11.01.2018
«5 сауал» атты дәстүрлі айдарымызды жалғастыра отырып, сіздердің назарларыңызға келесі ақпаратты ұсынамыз.

БЖЗҚ салымшыға (алушыға) оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты кем дегенде жылына бір рет, сондай-ақ оның сұрауы бойынша кез-келген күні, төлемақы ұстамай, яғни тегін беруі тиіс. Сонымен қатар, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа электрондық және басқа да   хабарландыру әдістеріне қолжетімділігін қамтамасыз етуге міндетті.


11.01.2018
Жаяужол жағдайы бақылауда

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етті. Жаяужолдар мұздан тазартылып, онда құм себілуі тиіс.


10.01.2018
Төменгі лауазым болып табылатын «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ -нің хабарламасы

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

E-R-4 санатына: Жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.


Страницы: 123456