Жаңалықтар

08.02.2016
Қала әкімінің халық алдындағы есебі өтілді.

Ағымдағы жылдың 5 ақпанында Сәтбаев қаласының Кеншілер сарайында қала әкімі Ыдырысов Асқар Абылайұлының 2015 жылғы қаланың әлуметтік-экономикалық дамуы және 2016 жылға тапсырмалары туралы туралы есебі өтілді.


08.02.2016
«Алтынды мәскеуден аламыз!»

Қаңтардың 30-31-інде Алматы қаласында каратэ-до кекушинкайдан ел чемпионаты болып өткен еді. Осы чемпионатқа қатысқан төрт бірдей жерлесіміз жүлделілер тобынан табылды.


05.02.2016
Жолаушылар поезы жүретін болады

Осыдан сәл уақыт бұрын Арқаның құлан жортпас құба түзімен темір жол тартылып, отарбалар олай-бұлай жүйткиді дегенге ешкім сенбес те еді. Ол әшейін қиял сияқты көрінуі мүмкін болатын. Әйтсе де, сол қиял жүзеге асты. Айналасы екі жылдың мұғдарында жалпы ұзындығы 1200 шақырымдай болатын теміржол құрылысы салынып, пайдалануға берілді. Оның 547 шақырымы Ұлытау-Жезқазған аймағын басып өтті. Сөйтіп, тұйықта жатқан Жезқазған өңірінің тамырына қан жүгірді. Ал, биылғы жазда «Ғасыр жобасы» атанған Жезқазған-Бейнеу теміржолымен жолаушылар поезы да жүргізілетін болып отыр…


04.02.2016
«Кітап әлемінің білгірі»

Бәлкім мұндай марапат, мадаққа лайықты кітапханашылар арамызда көптеп саналатын да шығар. Бірақ, жуырда «Кітап әлемінің білгірі» деген мадақтау Жаңыл Мизамбаеваға арналып айтылды. Ия, қателесе қойған жоқсыз. Қалалық кітапхананың басшысы болған Жаңыл Шахманқызын әріптестері осылай әспеттеді.


03.02.2016
Керегесі кеңейе түсуде

Кәсіпкерлікпен айналысуға бел буған әрбір ниетті жан өкімет тарапынан бөлінетін арнайы грандтарды иеленіп, шағын кәсібінен нәсіп тауып отырғандарын тәуелсіздіктің шарапаты деп біледі. Меруерт Досымбаева да солай ойлайды. Ол өткен жылдың наурызында жаңа үлгідегі кәсіпкерліктің есігін айқара ашты.


Страницы: 202203204205206207208209210