Жаңалықтар

09.05.2018
Қымбатты соғыс және тыл ардагерлері! Құрметті сәтбаевтықтар!

Құрметті сәтбаевтықтар!

Ұлы жеңіс мерекесі қарсаңында біздің бейбіт болашағымыз үшін өлшеусіз үлес қосқан жандардың барлығының  алдында бас иеміз және шын жүректен құттықтаймыз!

Жеңіс күні -  халықтың бақыт пен қуаныштан төгілген  көзжасы, жақындарын жоғалтқандар мен жандары жараланғандардың жазылмайтын жарасы, әрине, ең бастысы соғыс  қасіретінің енді ешқашан қайталанбайтындығына деген ұлы үміті . Біз Отанды жаудан азат ету жолында майдан даласында ажалмен арпалысқан, тылда бел жазбай  еңбек етіп, тер төккен, соғыстан соң елді қайта қалпына келтіруге атсалысқан әкелеріміздің, аналарымыздың жанқиярлық қажыр -қайратына тәнтіміз! Бұл күн - біздің жалпы  ортақ тағдырымызды айғақтайтын  Ұлы Ерлік Күні.


05.05.2018
Құрметті Отан қорғаушылар! Құрметті сәтбаевтықтар!

Намыстың , ерліктің, өрліктің мерекесі - Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Біз Отан қорғаушының асқақ  атына лайықты отты майдан даласын көзбен көріп, соғыс дауылын басынан өткерген   ақсақалды аталарымызды да, әскер сапына енді ғана шақырылған жас сарбаздарды да  ардақтаймыз, қадірлейміз!


05.05.2018
Кәсіпкерлерге қатысты «бір өтініш» қағидаты іске қосылды

Қазақстанда бизнесті www.egov.kz арқылы жылдам әрі оңай ашуға болады. Электрондық үкімет порталында кәсіпкерлердің игілігі үшін «Банктік шот ашуды және қызметкерді еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезінде жазатайым жағдайлардан міндетті сақтандыруды ескере отырып, заңды тұлғаны тіркеу» композиттік қызметі іске қосылды. Енді жеке ісін ашқысы келетін азаматтар үш қызметті бірден ала алады: заңды тұлғаны тіркеу, банктік шот ашу және сақтандыру туралы келісім-шарт жасау. Бұл мемлекеттік қызмет көрсету барысында «бір өтініш» қағидатын қолданудың үлгісі болып табылады.


05.05.2018
Мемлекеттік тіл – менің тілім

Ғасырдан-ғасырға, атадан-балаға мирас болып келе жатқан асыл қазынамыз – Ана Тіліміз ел тәуелсіздігін алғалы бері өз мәртебесін нықтай түскендей. Мемлекеті тарапынан жасалған бағдарламалар нәтижесінде тілдерді қолдану мен дамыту, тілдер туралы Заңның сақталуына бақылау жасау мәселелері де оң шешімін тапқан.


04.05.2018
Сәтбаев: кеше және бүгін

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында: «Біз – ұлан-ғайыр жері мен аса бай рухани тарихы бар елміз. Ұлы Даланың көз жеткізгісіз кең-байтақ аумағы тарихта түрлі рөл атқарған. Бірақ, осынау рухани географиялық белдеуді мекен еткен халықтың тонның ішкі бауындай байланысы ешқашан үзілмеген. Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы, тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған
біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» делінген.


Страницы: 123456789