Құрметті Сәтбаевтықтар! Сіздерді тегін цифрлық сауаттылық курсына шақырамыз. Курсқа, Сәтбаев қаласының білім бөліміне 34980 телефоны арқылы жазылуға болады.
Жаңалықтар
  • 17.08.2018 Подробнее Көше тазалығы – көпке абырой

    Тазалық – денсаулық кепілі. Деннің саулығы – тұтас халықтың саулығы. Әлбетте, айтылған «қанатты сөзді» қиюын келтіргенде ғана қолдана салатынымыз бар. Алайда, іске келгенде қаперімізге алмайтын болдық. Көшенің тазалығына атүсті қарағаннан жағалай тау-тау болып үйілген тұрмыстық қалдықтан көз ашу мүмкін болмай тұр. Аталған мәселенің мән-жайын білу үшін қаланың Қоғамдық кеңесі арнайы тексеру рейдін ұйымдастырды.

  • 13.08.2018 Подробнее Қарашаңырақтың мұрагері

    «Әлеуметтік желіде отырмай, оқу керек. Бұл қазір сәнге айналғанымен, уақыт өте келе ұмытылып кетеді… Кітап пен газет қана – мәңгілік рухани қазына». Бұл – Елбасы пайымы. Президенттің ойын қостаған Жезқазған-Ұлытау өңіріндегі қалың оқырман да осы орайда бір газетке айрықша адал. Ол – «Сарыарқа» аймақтық газеті. Өңір жұртшылығы күні кеше осы басылымның 45 жылдығын айғайлатып атап өтті.
    45 жыл тарих үшін қас қағым ғана сәт болғанымен, сол жылдарда көз майын тауысып, сары майдан қыл суырғандай сөз маржанын тізіп, қалың оқырманға қабырғалы дүниелер ұсынып жүрген журналистер қауымы үшін аз уақыт емес. Осы уақыт ішінде қалам ұстаған қауымның үш ұрпағы ауысып үлгерді. Сондықтан да бұл басылымның тарихы терең, тағылымы дүйім елдің жадында…

ҚР Мемлекеттік рәміздері