Әкімнің есебі


Сәтбаев қаласы әкімі
А.А. Ыдырысовтың халық алдындағы есебі
 

Құрметті қала тұрғындары!
Мемлекет Басшысының Жарлығына сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен есептік кездесулері өтіп жатыр. Бұл атқарушы органдар үшін сынақ. Дәл осындай кездесулердің негізінде тұрғындармен қаламыздың ең өткір әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері бойынша сұрақтар көтеріледі. Атқарушы билік пен халық арасындағы осындай ашық диалог жауапкершілікті арттырады.
Өткен 2017 жыл елеулі оқиғаларға толы жыл болды. EXPO-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесі Астанада өтті. ЭКСПО — индустриализацияның символы. Техникалық жетістіктер мен жасыл экономиканың жаңалықтарын назарға ұсынатын халықаралық көрме. «ЭКСПО» көрмесінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетті. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырды. Іс-шараға түрлі елден миллиондаған адам қатысты. Біздің мемлекетіміздің қол жеткізген табыстарына да куә болдық.
Мен бұл есебімде өткен жылғы қаланың әлеуметтік – экономикалық дамуы бойынша қорытынды мен алда тұрған міндеттерге назар аудармақпын.
Тұтастай алғанда, 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жақсы. 2017 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өнімінің көлемі 45,4 млрд. теңгені немесе 100,1% құрады.  Әрине, ерекше орын шағын және орта бизнеске тиесілі. Қалада тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 2792. Экономикалық дағдарысқа қарамастан, бұл салада 5523 адам еңбек етеді. 2016 жылмен салыстырғанда шағын және орта кәсіпкерлік нысандары тауарларының өндіріс көлемі 300 млн. теңгеге жоғарылап, 7,3 млрд. теңгені құрап отыр.
Ауылшаруашылық саласында жалпы өнім көлемі 1,2 млрд. теңгені құрап, 2016 жылмен салыстырғанда 13% өсті.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 15,4 млрд. теңгені құрады. 2016 жылмен салыстырғанда 15% өсті.
Тұрғын үйді енгізу көлемі 100,0 мың шаршы метрді немесе былтырғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 72% өсті.
Негізгі капиталға инвестиция көлемі есепті кезеңде 34,3 млрд. теңгені немесе 2016 жылмен салыстырғанда 52% жоғары.
2017 жылдың қорытындысы бойынша қалалық бюджеттің кіріс бөлігінің түсімі 23,2 млрд. теңгені құрады. Қалалық бюджеттің меншік кірістері 3,5 млрд. теңгені, нысаналы трансферттер 16 млрд. теңгені, яғни жылдық жоспарға 100% құрады.
Былтырғы жылы қалалық бюджеттің шығыс бөлігі 99%-ға орындалып, 23,6 млрд. теңгені құрады.

2017 жылы біздің жұмысымыздағы басты бағдар – 6 стратегиялық бағытты іске асыру болды:
1. Экономикалық тұрақтылық;
2. Бизнес және жеке капитал үшін қаланың тартымдылығы;
3. Жайлы қала;
4. Әлеуметтік-бағдарланған қала;
5. Қауіпсіз қала.
Және тағы бір бағыт - бұл «Халықпен кері байланыс».

Бірінші бағыт: «Экономикалық тұрақтылық»
Өздеріңіз білетіндей, «Қазақмыс Корпорациясы» аймақтағы мыс өндіруші негізгі кәсіпорын болып табылады. 2017 жылдың қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 17 млн. тоннаны құрады, ол 2016 жылмен салыстырғанда 0,6% жоғары.
Ағымдағы жылы Жыланды кен орындары жаңа кеніштері іске қосылды (Шығыс Сарыоба және Қарашошақ), 208 жұмыс орындары құрылды (ішкі орын ауыстыруды ескере отырып).
Қаланың жүйеқұрушы кәсіпорындары – Қазақмыс Сервисиз», «Надежность и долговечность», «Рудсервис К», «Казцентрналадка» және «Сары Арка Нан» есептік кезеңде 33 млрд. теңгеден астам сомаға қызмет көрсетті.
Соңғы екі жылда қаланың экономикалық дамуына құрылыс саласы маңызды үлес қосуда. Жаңа «Нұрлы мекен» ықшам ауданынының құрылысы аяқталу үстінде. 2017 жылы  жалпы аумағы 77,8 шаршы метрді  құрайтын (1150 пәтер) 25 бесқабатты көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жалғасуда. Сонымен қатар, №8 ықшам ауданында жаңа коттедждік қалашықтың құрылысы басталуда, оның ішінде жалпы аумағы 18 956,36 шаршы метрді  құрайтын 107 екі пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы (214 пәтер) салынады. №7 ықшам ауданда жалпы аумағы 18 956,36 шаршы метрді құрайтын екі жатақхананың құрылысы басталды.
Сонымен қатар, мемлекет Басшысының тапсырмасын орындау аясында жалға берілетін және де «Құрылысжинақбанкі» бағдарламалары бойынша жобалар жүзеге асырылуда. №7 ықшам ауданында 56 пәтерлі жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысы бойынша жобалық сметалық құжат әзірленіп, ағымдағы жылы кезекте тұрғандарға «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша үй құрылысын бастау жоспарланып отыр. «Құрылысжинақбанкі» салымшыларына бағдарлама бойынша жүзеге асырылатын «Бурабаева» ЖШС Сәтбаев даңғылы 40 мекен жайында өз қаражатына 3 қабатты 18 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын 2018 жылы пайдалануға береді деп күтілуде.
Жалпы, жаңа ықшам аудандардың құрылысы қаланың дамуына мықты серпіліс беретіні анық – тұрғындарды жаңа жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, сауда-саттық пен қызметті дамытуға, бюджетке түсімді көбейтеді.

Екінші бағыт «Бизнес және жеке капитал үшін қаланың тартымдылығы».
Жыл басынан бастап бизнестің 670 млн. теңгеден жоғары салыммен 19 объектісін іске қосып, 84 жұмыс орнын құру жүзеге асырылды. Оның ішінде өнеркәсіп және ауылшаруашылық саласында 5 жоба іске қосылды:
1) «Ахтямов» ШҚ құс фабрикасы, (бүгінгі таңда 45 мың бас тауық бар, жұмыртқа өндірісі 3,5 млн. теңгені құрады), толық қуаттылыққа шыққанда (жылына 20 млн. дана жұмыртқа) барлық Жезқазған аймағының тұрғындарын 63%-ға қамтамасыз етеді. Кәсіпорынның іске қосылуына БЖК-2020 аясындағы пайыздық үстеменің субсидиялануы мен «Даму» қорының кепілдендіруі септігін тигізгенін атап өткен абзал. Жобаны жүзеге асыру барысында инвестиция көлемі 130 млн. теңгені құрады және 25 жұмыс орны құрылды; 
2) «Жагипарова М.К.» ЖК, макарон өнімдерінің өндірісі бойынша кәсіпорын, қуаттылығы жылына 600 тонна макарон өнімдері, өндірістік қуаттылыққа шыққанда қала тұрғындарын 94%-ға қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
3) «Устай» ЖК шұжық цехін кеңейту, азық-түлік өнімдерінің жаңа сұрыптамасын: қысқа шұжық және сосиска өндіру үшін қосымша жабдық сатып алынды;
4) «Каз-ет» ЖК ет өңдеу цехі, жылына 26,4 тонна өнім қуаттылығымен кең сұрыптамада (18 түрі бар) өнім өндіруді жүзеге асырады;
5) «Triksat» «Эберман А.В.» ЖК тоқыма цехі, жылдық қуаттылығы 7200 бұйым, ағымдағы жылы кәсіпкерлікті қолдау Картасына кірді және БЖК-2020 аясында пайыздық үстемені субсидиялау және «Даму» қорының 5 млн. теңге сомасына кепілдендіруін алды. Өндірілген өнім Жезқазған аймағын мектеп формасымен қамтамасыз етеді.
Сауда және қызмет көрсету аясында 14 объект іске қосылды, оның ішінде маңызды деп келесілерді атап өтуге болады:
- Туристік бағыттағы «Ulytau» қонақ үйі «Инсебаев А.У.» ЖК, қаламызға және жалпы Ұлытау ауданына туристерді тарту мақсаты көзделген.
- «ТАҒА» «Омаров А.С.» ЖК азық-түлік дүкені, әлеуметтік маңызы зор дүкен азық-түлік өнімдерін төмендетілген бағамен сатады.
- «Той бастар» сауда үйі «Калдыбаев Г.А.» ЖК, «Шанырак» жиһаз дүкені «Ергенбаев» ЖК, «Сәтті» кафесі «Жакупова» ЖК және т.б.
2017 жылы «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша 6 жоба субсидия түріндегі қолдауға ие болды, берілген жобалар бойынша инвестицияның жалпы мөлшері 200 млн. теңгеден астам соманы құрады, оның ішінде 74 млн. теңге – несиелік қаржы. Берілген кәсіпорындарда 30-дан астам жаңа жұмыс орындары құрылды.
Сонымен қатар, «Бекмаганбетов Е.Т.» ЖК мемлекеттік грантқа ие болды, грант мөлшері 2,9 млн. теңге, бұл қаражат трикотаж шұлықтарын өндіру жобасын іске қосуға жұмсалмақ. 4 жаңа жұмыс орны құрылады.
Қала үшін маңызды жоба – Жезқазған кентіне шыға берістегі өнеркәсіптік аймақ маңында қажетті инфроқұрылым жүргізе отырып индустриялық паркін құру болып табылады. Жобаның ТЭН мемлекеттік сараптамасының оң нәтижесі алынды, 2017 жылы «инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы» ЖСҚ өңдеуі аяқталды. Содан соң қаржыландыруға сұраным жолданады. Сонымен қатар, индустриялық паркінде орналастыру үшін жобалардың тізімі құрылады.
Сондай-ақ, келесі жылы енгізуге жоспарланып отырған болашағы бар бірқатар жаңа жобалар тізімі бар.
1) «Казинвестрост» ЖШС – «катодты мыс тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісті ұйымдастыру»;
2) «Кәсіпорынды кеңейту. Арнайы техниканы сатып алу» - «Самга» ЖШС;
3) «Табиғи және жеміс-жидек сусындарын өндіру зауытын жандандыру» - «Сәтбаев қалалық табиғи және жеміс-жидек сусындар зауыты» ЖШС;
4) «Полипропилен трубаларының өндірісі» - «Бутабаев» ЖК;
5) «Көкөніс қоймасы бар жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру» - «МИР-ТИЛЕК» ЖШС;
6) «Сүт фермасы және бордақылау алаңы» - «Айтбек И.» ЖК;
7) «50 адамға арналған жеке балабақшаны ұйыдастыру» - «Шакина» ЖК, «Ясмин» ЖШС.
Бағаны тұрақтандыру мақсатында, 2017 жылы Кеңгір ауылының  маңында тұрғындарға картоп өнімін егі үшін ауданы 150 сотық жер телімі берілді, 52 ауылшаруашылық жәрмеңкесі, 5 «Жасыл керуен» атты акция өткізілді, өнімдер Оңтүстік Қазақстан өңірінен әкелініп, төмендетілген бағамен сатылады.
Биылғы жылы біз әлеуметтік дүкендер санын ұлғайтып, азық-түлік тауарлары төмендетілген бағамен сатылатын қаланың сауда нуктелеріне тұрғындардың қолжетімділін арттырдық. Төртінші ықшам ауданда «Ғалия-Бану» сауда желісінің тағы бір әлеуметтік дүкені ашылды. Бұл отандық өндіріске және бағаның өсуін тежеуге қолдау болып табылады.

Үшінші бағыт: «Жайлы қала»
Қала тұрғындары өмірінің жайлы болуы үйдегі жылу мен судың бар болуынан, кіре беріс, аулаларының жөндеуінен басталады.
Тұрғындардың сұрақтарын шешу жөнінде белсенді жұмыстар  Қоғамдық кеңестің әрекет ету аясында жүргізіледі, 2017 жылы 12 отырыс жүргізіліп, 21 сұрақ қаралды.
Осы жұмыстар жүргізілгендегі анықталған барлық ескертулер бүгінгі таңда толығымен орындалған. 62 кондоминиум құрылған, 9 үйдің шатыры, 17 үйдің  кіреберіс күн қағары, 42 үйдің  кіреберісіне жөндеу жүргізілді, 420 үйдің кіреберіс есіктері сырланды.
34 ойын алаңдары, 17 футбол алаңы және 4 көпқұрамды корттар қалпына келтірілген. 6 балалар ойын алаңы орнатылды, Абай және Ұлытау көшелері бойынша 8 дана аялдама павильондары, 100 дана аулаға орындықтар және 20 дана Ш. Ділдебаев атындағы кеншілер алаңына қосымша қоқыс жәшіктері орнатылды.
Абай көшесі және Тәуелсіздік даңғылындағы шағынбақтарды абаттандыру жұмыстары аяқталды. Комаров көшесіндегі  «Мәңгілік ел» композициясын орнатуы аяқталды.
Сонымен қатар, біз 2017 жылы автожолдарды жөндеуге назар аударып:
- 25 000 шаршы. м көлемінде 10 көше жолдарына ағымдық жөндеу бойынша жұмыстары аяқталды.
- Ұлытау, Ерден көшелері, Сәтбаев даңғылы бойынша техникалық тротуарлар мен жол жиектеме тастары орнатылды, сонымен қатар,  автокөлік жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Шығыс аудандардағы көшелерді қайта қалпына келтіру бойынша  28 көше және қалтарыстарға асфальт жабындарын төсеуге жобасы жүзеге асты. 140 дана жол белгілері және 16 дана жасанды жол кедергілері орнатылды. Абай көшесі мен Сәтбаев даңғылы қилыстарына; Ұлытау, Абай көшелеріне; Наурыз және Асатов көшелеріне; №4 ОМ және Ғалым дүкені маңына жарықдиотты бағдаршамдар орнатылды.
Абай, Шаталюк көшелері және Тәуелсіздік даңғылына жаяу  жүргіншілерге тротуар орнату жұмыстары жүргізілді.
Көшелерді жарықтандыру үшін Ұлытау көшесіне жарық тіректері орнатылған (Абай көшесінен №20 автожанармай құю станциясына дейін барлығы 28 бағана) Сәтбаев даңғылына - Абай көшесінен Шаталюк көшесіне дейін 22 дана, әкімдік ғимараты мен Кеншілер сарайына 7 дана, Тәуелсіздік 160 дана жарықдиотты шамдар орнатылды. Батыс ауданындағы Байтұрсынов көшесіне 8 дана шам орнатылды
«Қазақмыс» корпорациясымен бірігіп Шахтерлар даңқы алаңы абаттандырылды және ашық аспан астында тау кен техникалары және әр түрлі тау кен минералды тастары орнатылған мұражай құрылды.
Спорттық-сауықтыру кешені аймағында су бұрқақ қайта қалпына келтіріліп,  стритбол және стрит воркаут жастарға арналған орталық алаңы ашылды.
Жылу беру маусымының қалыпты өтуі басты бақылауда.
«Жылуэнергетикасы»ЖШС кәсіпорыны «Kazakhmus Distribution »№1, №2 жылу станциялары бойынша 2 қазандыққа күрделі жөндеу және 10 қазандыққа ағымды жөндеу жүргізілген. Осы іс-шараны қаржыландыру соммасы 194,3 млн.теңгені құрады.

Құрметті қала тұрғындары!
2017 жылға берілген тапсырмаларды орындап, 2018 жылға жоғары мақсат қоя аламыз.
Ағымдағы жылы Комаров, Абай, Гурбы, Ерден және Ұлытау көшелеріне 618 дана жарықдиотты шамдар орнатылады. Орнатылғаннан кейін біздің қаламыз одан да жарық бола түседі.
Ағаш отырғызу жоспарлануда (сонымен қатар, қылқан тұқымы), апатты және сынған ағаштардың орнына бұтақтар мен гүлзарлар орнатылады. Қосымша 10 балалар алаңы орнатылады.
Спортты дамыту үшін көше тренажерлерін дайындау және орнату жоспарланып отыр.
Тазалық сақтау аясында 200 дана қоқыс контейнері, сонымен қатар, евро стандартта 200 дана орнатылады.
Сондай ақ,  1 және 2 шағын аудандардарды абаттандыру, Академик Қаныш Сәтбаев даңғылына (алаңнан Шаталюк көшесіне дейін), Ерден көшесіне (Әубәкір Құсайынов көшесінен Әбдіров көшесіне дейін) 200 жол белгілері қойылады.
Наурыз, Комаров  және Шаталюк көшелеріндегі автокөлік жолдарына орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Осы жылы ЖСҚ әзірленгеннен кейін №7 ықшам ауданында 320 орындық балабақшаның құрылысы жоспарланып отыр.
Қалаға кіреберісте декаративті доға орнатылады.

Төртінші бағыт: «Әлеуметтік-бағдарланған қала»
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қызметтің негізгі бағыты халықты нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын құру болып табылады.
2018 жылдың 1 қаңтар айына аз қамтылған отбасылардың саны 96 адам, өткен жылдың осы кезеңмен салыстырғанда 22 % азайды.
Тұрақты жұмысқа 2 485 адам орналастырылды (жылдық жоспар 2200 адам), жоспар 112% орындалды.
Қоғамдық жұмыстарға 721 жұмыссыз азаматтар, 282 адам  қайта даярлауға қатысты.
Әлеуметтік көмек көрсету мақсатында «Өрлеу» бағдарламасы бойынша 27 отбасына (103 адам) 5,4 млн. тенге көлемінде көрсетілді.
Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек жыл басынан 19 отбасына (71 адам) 2,4 млн. теңге көлемінде көрсетілді.
Әлеуметтік мәселелерде ерекше орын алатын денсаулық сақтау және білім беру салалары. №1 Орталық ауруханаға Рентген, УЗИ, ФГДС аппараттары, 2 неготоскоп, 2 электрокардиограф, дефибриллятор,  наркозды-тыныс алу аппараты, төсек жанындағы монитор,   операциялық (ота жасау) үстелі, қараша айында УАЗ жедел жәрдем көлігі алынды. Сонымен қатар бас ғимаратында және оның ауласында бейне бақылау жүйесі (10 камера) орнатылған. Орталық ауруханаға жалпы 124 млн. 838 мың теңгеге күрделі жөндеу өткізіліп, шатырды, жылу, сумен жабдықтау құбырларды ауыстыру мен терезелерді жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қалалық емхананың дәріханалық желісі толық қайта құру, жабдықтау және қызметкерлерді оқытумен халықаралық стандартына сәйкестендірілген, 3 бірлік жедел жәрдем санитариялық көлігі сатып алынды.
Кезек мәселесін шешу мақсатында қалалық емхана өз қаражаты есебінен электрондық кезек терминалын сатып алып, оны 1 қабаттағы Флюоро, рентген және травматоллог-дәрігердің кабинеттеріне орнатты, сонымен қатар, телеметриялық ЭКГ және 2 дефибриллятор алынды.  Сәтбаев қаласының Ішкі істер бөлімінің ғимаратында уақытша бейімдеу және детоксикация орталығының тәулік бойы жұмысын ұйымдастырылды.
Алдына қойылған міндеттердің табысты жүзеге асырудың негізі кадрлық әлеует болып табылады. Өткен жылы қалаға 18 дәрігер жұмысқа тартылды, соның ішінде 12 жас маман (емханаға – 9 дәрігер;   «Ахметова» ЖШС – 1 дәрігер және «Лекерова» ЖШС – 2 дәрігер) және 6 тәжірибелі дәрігер (емханаға – 4 дәрігер;   Орталық ауруханаға – 1 дәрігер және «Лекерова» ЖШС – 1 дәрігер).
Бірақ мамандардың тапшылығы әлі де бар (педиатр, неонатолог, акушер-гинеколог, инфекционист, реаниматолог, офтальмолог, онколог-маммолог және уролог дәрігерлер).
Жоғарыда аталғанның барлығы халық денсаулығының жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткіштерге әсер етті. Бала туу коэффициенті  тұрғындардың 1000 адамына шаққанда  19,03-ті, жалпы өлім-жітімінің көрсеткіші тұрғындардың 1000 адамына шаққанда  9,77-ні құрады. Ана өлімі тіркелген жоқ. Нәресте өлім-жітімі 40%-ға төмендеді.
Денсаулық сақтау мәселелері әрқашан менің жеке бақылауымда.
Білім саласы туралы.  317 мектеп бітірген он бірінші сынып оқушыларының 225-і ҰБТ тапсырды. Қала мектептері бойынша білім сапасы 60%-ды құрады. 2016 жылмен салыстырғанда ҰБТ көрсеткіші 80,2 баллға теңеліп, былтырғы кезеңнің көрсеткішінен жоғары болды              (79,9 балл). 12 үміткер «Алтын белгі» төсбелгісімен аттестатқа ие болды.                    17 мектеп бітіруші түлек үздік аттестат алды.
Жаңа Оқушылар Сарайының құрылысын салу үшін жобалық –сметалық құжаттама дайындалды. Бұдан кейін құрылыс үшін  республикалық бюджетке өтінім жолданатын болады.
Балабақшалар мен шағын орталықтарға 3 397 бала барады. 3 жас пен 6 жас аралығындағы балалар тәрбие және білім берумен 100 % қамтылған.
Сонымен қатар, тағы бір жағымды жаңалық бар. 2018 жылдың 1 ақпанынан бастап бірінші сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз ету туралы шешім қабылданды. Қалалық бюджеттен 53 млн. теңге  бөлінді. Соңғы 5 жылда мұндай жағдай болған емес.
Балалар мен ересектер үшін бос уақытты ұйымдастыру және спорт жұмыстары жергілікті атқарушы органдар жұмысында айрықша мән береді.
3 маусым күні Кеңшілер алаңында ҚР мемлекеттер рәміздерінің 25 жылдығына арналған «Елдігімнің ерен белгісі» атты мерекелік митингтің жүгіру шеруі өтті. Қала мекемелерінен жалпы саны 1000-ға жуық адам қатысты. Мемлекет рәміздерінің бірі, ҚР туын желбіретіп шеруді бастаған жеңіл атлетикадан ұлттық құрамасының мүшесі, ҚР тоғыз дүркін чемпионы Парамонова Е.В.
15-17 маусымда Сәтбаев қаласының спорттық-сауықтыру кешенінде VII облыстық әйелдер спартакиадасы өтті. Қарағанды облысының 17 қала мен аудандарынан 600-ге жуық спортшылар келіп, жарыс бағдарламасына cәйкес 7 спорт түрінен бақтарын сынады. Сәтбаев қаласының спортшылары дартс спорт түрінен 2, стритболдан 3 орынға ие болды.
Қыркүйектің аяғында Сәтбаев қаласында алғаш рет «Салауатты болашақ үшін» атты жаппай веложарыс өтті. Қала тұрғындары мен қонақтары Ұлытау қонақ үйінің аумағында жиналып, Сәтбаев (Северный) ауылына қарай тас жолда басталды. Барлығы 100-ге жуық адам қатысты. Бұл шара қаладағы велоспортты дамытуға және белсенді спортпен айналысуды насихаттауға бағытталған.
27 қараша мен 2 желтоқсан аралығында «Жастар» спорт сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін Тоғызқұмалақтан халықаралық турнир өтті. Турнирге Ресей, Түркия, Қырғызстан, Ауғанстан, Түрікменстан, Моңғолия, Астана және Алматы командалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының 14 аймағы спортшылары қатысты. дүниежүзілік және ҚР Тоғызқұмалақ спорты Федерациясының Президенті Байменов А.М. турнирге қатысушылар мен қонақтарды ҚР Тұңғыш Президенті күнімен және турнирдің жабылуымен құттықтады. Турнирдің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы Президенттік Кубокты жеңіп алды. Іс-шараға 210 адам қатысты.
«Жастар» спорт сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26-жылдығына арналған 2002-2003 ж.т. жасөспірімдер және 2004-2006 ж.т. кіші жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен облыстық турнир өтті. Республикамыздың 4 облысынан 157 спортшы келді.
Сонымен қатар, Қарағанды қаласында 2017 жылдың 20-24 желтоқсан аралығында облыс қалалары арасында ХІV-ші қысқы «Ақ қыс-2017» спартакиадасы өтті. Бұл жарысқа Сәтбаев қаласының намысын қорғау үшін 30 спортшыларымыз барып, жүлделі 2 орынды иеленді.
Мәдени және рухани бағдарлау туралы. Бүгінде әлемдік қоғамдастықта жаһандану үдерістері жүріп жатыр, әлемдегі жағдай динамикалық өзгеріп отырады және уақыттың жаңа сын-қатерлеріне дайын болуымыз керек. Қазақстан жаңа жетістіктердің алдында тұра алады, біздің мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Рухани жаңғыру» мақаласында болашаққа сенімді көпір салу үшін іс-қимыл бағдарламасын ұсынады. Елбасы осы бағытта алғашқы қадам қазақ қоғамының қоғамдық санасын жаңғыртуда. Отанға деген сүйіспеншілік, халық дәстүрлеріне адалдық, Қазақстанның тарихы мен мәдениетін білу, қоғамдағы бірлік пен үйлесімділікке деген ұмтылыс, халықтың білімі - біздің еліміздің қаһармандары.
2017 жылы Сәтбаев қаласында келесі жобалар іске асырылды:
• «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС-нің демеушісі 127 млн. теңге болатын «Шахтердің даңқы» аллеясының аумағында ашық мұражайы құрылды.
• Наурыз мейрамын тойлауға арналған шағын инженерлік нысандарды сатып алынды және орнатылды, демеушілік кәсіпкер Калтаев Ж., 3 млн. теңге.
• Шахтерлердің аумағында «Балапан» балалық ойын кешенін салу бизнесмен Сейілов С., құны 2 млн. теңге.
• Сәтбаев қаласының оқушылары Арнасай кентінде «Expo-camp» лагеріне барып, БҰҰДБ гранттық қаржыландыру құны 1,9 млн. теңгені құрады.
• «Нұрлы мекен» алаңында кәсіпкер А. Инсебаевтың демеушілік қолдауымен қолөнер қалашығы ашылды құны 1,9 млн. теңге.
• ССК аумағында «Streetball»-ды жұмысқа орналастыру алаңы салынды, құны 600 мың теңге.
• «Көркейе бер, Сәтбаев» аулаларын жобалау конкурсы ұйымдастырылды, конкурстың құны 100 мың теңге.
• Балаларды қорғау күніне орай мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мәдени-ойын-сауық іс-шарасы, кәсіпкерлердің ұйымдастырушылары М.Бахбергенова және К.Балмағамбетов, іс-шараның құны 80 мың теңге.
• «Жыршы және термеші республикалық бірлестігі» демеушілік қолдау есебінен «Жыршы-терме» республикалық байқауы өткізілді, шараның құны 5 млн. теңге.
• «Тоғызқұмалақ» ұлттық ойынына ұлттық турнир өткізілді.
•    Жасөспірімдер арасындағы республикалық бокс турнирі өткізілді, іс-шараның құны 2 миллион теңге
•    «Ұшқын» ҚБ қайырымдылық акциясы өткізіліп, аз қамтылған отбасыларға көмек. (100 дана төсек)

Мәдениет пен өнер саласында да кең ауқымды іс-шаралар атқарылуда. Кеншілер сарайы ағымдағы жөндеуден өткізілді.
Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, ақын Шынболат Ділдебаевтің 80 жылдығы атап өтілді. «Ұлытау үні» XXVII аймақтық көркемөнерпаздар шығармашылығы аясында өткізілетін «Шындықты айтып найзағайдай жарқылда» атты Ш.Ділдебаевты еске алу кешімен ашылды. Ақынның өмірі мен еңбек жолына арналған көрме ұйымдастырылды, Сәтбаев қаласы күні қарсаңында драматург, аудармашы, жазушы Медеу Сәрсекенің «Сәтбаев ұлағаты» атты кітабы мен «Шындық» кітабының тұсаукесері өткізілді, қараша айында «Текті сөздің төресі-терме» атты жыршы – термешілердің республикалық байқауы өтті.
2-3 желтоқсан күндері мерейтойға орай ұйымдастырылған «Ұлы дала үні» атты I республикалық жас ақындар айтысы өтті. Айтысқа барлығы 14 жас ақын қатысып, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор Аманжол Әлтай төрағалық етті.
Рухани келісім күні қарсаңында Достық үйі ашылды. Достық үйінде мәжіліс залы, әдістемелік кабинет, кітапхана, ана тілдерін оқытуға арналған кабинеттер  жабдықталып, жұмысқа қажетті жағдайдың барлығы жасалған. Бұл жерде этномәдени бірлестіктермен қатар, «Шындық» шығармашыл зиялылардың қоғамдық бірлестігі және өмірдің қиын жағдайында тап болған балалар мен әйелдерге арналған «Шаңырақ»  күйзеліс  орталығы жұмыс істейді.

Бесінші бағыт : Қауіпсіз қала
Қоғамдық тәртіпті сақтауға және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сонымен бірге қылмыстардың алдын алу мақсатында қала аумағында әр-түрлі 40-тан астам жедел-профилактикалық                              іс-шаралары өткізілді, атап айтсақ  «Қылмыссыз қала»,  «Қауіпсіз жол», «Жасөспірім». Осы іс-шаралардың нәтижесінде жасалған қылмыстардың төмендегені байқалады.
2017 жылы Сәтбаев қаласында 797 қылмыс тіркелді, 2016 жылмен салыстырғанда 25,7% төмендеді. Сонымен қатар, анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтың саны 7 мың 767 құрап, өткен жылмен салыстырғанда 10,4% төмендеді.
2018 жылы ұрлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу және анықтау мақсатында қаланың қоғамдық орындарында ішкі істер бөлімінің жедел басқару орталығына қосылған бейнебақылау камералары орнатылатын болады.

Халықпен кері байланыс туралы қысқаша тоқталып өтейін. Мәселен, 2017 жылы қала әкімінің аппаратына жеке тұлғалардан барлығы 1 мын 513 өтініш келіп түскен. Жеке мәселелері бойынша 558 адам қабылданды, соның ішінде қала әкімінің қабылдауында – 104 адам, әкім орынбасарларының – 454 адам болған. Ең көп түскен өтініштер қатары тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша – 399 өтініш, және жер қатынастарына қатысты - 306 өтініш келіп түскен.
Сонымен қатар, бүгінгі күні тұрғындардың электронды шағымдар арқылы жүгінуге мүмкіндігі бар екендігін атап айтқым келеді. Осы мақсатта қала әкімдігімен TELEGRAM қосымшасында 2017 жылдың тамыз айынан бастап «Сәтбаев КСК» және «Құқық тәртібі» деп аталатын чат ұйымдастырылды, онда жергілікті тұрғындар online режимінде жергілікті мемлекеттік орган мен коммуналдық қызмет басшыларына жүгіне алады. Осы уақытқа дейін бұл чаттарда 1700-ге жуық абоненттер тіркелген («Сәтбаев КСК» – 952 және «Құқық тәртібі» – 729), ай сайын орташа есеппен тұрғындардан 200-ге дейін өтініш келіп түседі.
Қала әкімінің ақпараттық порталын Facebook, «Одноклассники» және «Телеграм» әлеуметтік желілерімен біріктіру жүргізілді. Енді қала тұрғындары қаланың бірінші басшыларымен сөйлесу үшін бұрыннан жұмыс істеп тұрған «Кері байланыс» және «Қала әкімінің блогы» бөлімдерімен қатар, әлеуметтік желілерді пайдалана алады.  Тұрғындардың «Қала әкімінің блогына» түскен өтініштері бойынша белсенділігі 2016 жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда артқаны көрінеді (2016 жыл  – 62 өтініш, 2017 жылы – 84 өтініш).
 
2018 жылы біздің жұмысымыз Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында айқындалған 10 негізгі міндетке бағытталады және оны жүзеге асыру бойынша жұмыстар басталды.

Құрметті есептік кездесуге қатысушылар!
«Нұрлы жол» экономикалық саясатының және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының нәтижесінде осынау қиын, жаһандық трансформацияның кезеңінен лайықты өтіп келеміз. Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды еңсере алатынымызға сенімдімін. Біздің басты күшіміз – бірлікте.

Назарларыңызға рахмет!