Тұрғындарды көшіру бойынша сұрақтар

27 Сәуір 2016 11:19
Жезқазған және ГБК елді-мекендерін көшіру бойынша ақпарат

2012-2020 жылдарға арналған Қарағанды облысы Жезқазған, Сәтбаев қалалары және Ұлытау ауданының әлеуметтік экономикалық дамуының кешенді жоспарын орындау мақсатында, Жезқазған және ГБК елді-мекендерінің оңтүстік бөлігін көшірудің 1-ші кезеңі аясында 24 пәтерлі тұрғын-үйлер (48 пәтер, жалпы алаңы 4,3 мың ш.м) құрылысы аяқталды. Көшірудің 2-ші кезеңі аясында ағымдағы жылы 5 қабатты, 15 көп пәтерлі  тұрғын-үйлерді (805 пәтер) қолданысқа енгізу жоспарланып отыр, оның ішінде 9 үй (460 пәтер) ағымдағы жылдың 1 шілдесінде, 6 үй (345 пәтер) ағымдағы жылдың 30 желтоқсанында аяқталуы жоспарлануда.

Осы саладағы жұмыс тиімділігін арттыру үшін ағымдағы жылдың ақпан айында құрылыс бөлімі құрылды. Құрылыс алаңында аптаның сейсенбі және жұма күндері мердігерлер ұйымының бірінші басшыларының есептерін тыңдауымен штаб жүргізіледі.

Қаззіргі уақытта 9 үй бойынша құрылыс материалдарын қою және темір бетон бұйымдарына байланысты барлық мәселелер шешілді. Материалдардың көп бөлігін жеткізіп отыратын тауар өндірушілерді атап өтсек, мысалы (ЖБИ – «ККК Бетон» ЖШС (Саран қаласы), «Норд Пром НС» ЖШС (Теміртау қаласы), «Самға» ЖШС (Сәтбаев қаласы), Металосайдинг - ЖШС «Метал Профиль», ЖШС «Стинерджи», ЖШС «Тритон» (Қарағанды қаласы).

9 үй бойынша жұмыстардың аяқталу мерзімі жасалған шартқа сәйкес болғанына қарамастан 1 қыркүйекте ешбір артта қалушылығы, мәселесі жоқ бірінші 5 үй бойынша  анықталды, яғни, «Сары Жайлау» ЖШС 1 үй, «KARAGANDY SAULET-KURYLYS» ЖШС 1 үй, «Курылыс» ЖК Молдашов Е. 2 үй "Самға" ЖШС 1 үй. Аталған үйлердің берілуі ағымдағы жылдың 1 маусымында берілу мерзімінен бұрын жоспарланып отыр.


Вернуться назад