Тұрғындарды көшіру бойынша сұрақтар

10 Сәуір 2016 11:20
ЖЕЗҚАЗҒАН КЕНТІ ТҰРҒЫНДАРЫН КӨШІРУ БОЙЫНША ШАРАЛАР

Кен базасын үлкейту үшін Жезқазған кенті тұрғындарын және шеттегі елді-мекендерді көшіру бойынша Үкіметпен іс-шаралар бекітілді. Бұл үшін қалада жаңа микрорайондардың құрылысы басталды.
Осы жылы тоғыз 5 қабатты тұрғын үй (460 пәтер) құрылысы аяқталады, оларға инженерлік коммуникация жүргізілді және алты 5 қабатты тұрғын үй құрылысы басталды.
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 600 орынды мектеп құрылысы аяқталды. Құрылыс аяқталғаннан кейін екінші кезек бойынша Жезқазған кенті тұрғындарын көшіру бойынша алда үлкен жұмыс күтіп тұр. Бұл өте күрделі процесс болғандықтан тұрғындарды көшіруге, оларды жұмыспен қамту мәселесін шешуге, мектепке дейінгі балалар мекемесіне орналастыруды қамтамасыз етуге біз жақтан барлық көмек көрсетілетін болады.


Вернуться назад