«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, реформалар, даму» Жолдауын жүзеге асыру туралы есеп

Сәтбаев қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, реформалар, даму» Жолдауын жүзеге асыру барысын ақпараттық сүйемелдеу бойынша іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді.
Президент Жолдауын насихаттау мақсатында қала әкімі жанынан ақпараттық-насихаттау топтары құрылып, жұмыс істейді. Ақпараттық – насихаттау топтары (АНТ) әкім аппаратының, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, Сәтбаев қаласы кәсіпорындарының, үкіметтік емес ұйымдардың қызметкерлерінен құрылған, барлығы 36 адам жұмыс істейді. Топтарды Сәтбаев қаласы әкімі орынбасарлары және Сәтбаев қаласы әкімдігінің дербес бөлімдерінің бастықтары басқарады.
АНТ жұмыстарының негізгі бағыттары - мемлекеттік ішкі саясаттағы негізгі басымдылықтарды, Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын, әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды насихаттау мен түсіндіру болып табылады.
2016 жылы Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, реформалар, даму» Жолдауын, мемлекеттік ішкі саясаттың негізгі басымдылықтарын, әлеуметтік-экономикалық және саяси дамудағы мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларды насихаттау бойынша жұмыс, семинарлар өткізу, қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарының, мекемелерінің еңбек ұжымдарымен кездесулер ұйымдастыру жолдарымен, «дөңгелек стөлдер» отырысттарында, ақпараттық әдістемелік материалдарды тарату арқылы өткізілді.
Кестеге сәйкес ақпараттық-насихаттау топтарымен қаланың кәсіпорындары мен ұйымдарының еңбек ұжымдарында кездесулер өткізіледі. Сонымен, 2016 жылы ақпараттық – насихаттау топтарымен (АНТ) Елбасының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, реформалар, даму» Жолдауын насихаттау бойынша тұрғындармен 146 кездесу өткізілді , онда 14 025 адам қатысып, кездесуде топ мүшелері сөз сөйледі.
«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, реформалар, даму» тақырыбымен Сәтбаев қаласы бойынша көрнекі агитацияны өткізу шеңберінде орталық көшелерде 2 баннерлер мен 3 тартпалар, ірі ғимараттарда, білім беру және сауда – саттық орындарда 18 лозунг орналастырылған.
Бұқаралық ақпарат құралдарында Елбасының Жолдауын, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша ҚР Үкіметінің жұмысын насихаттау бойынша жұмыстар кеңінен жарық көреді.
«Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, реформалар, даму» Жолдауының толық мәтіні қала әкімінің сайтындар жарияланған.
Қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында тақырыптық рубрика ашылып, Президенттің Жолдауы бойынша түсіндіру материалдары жарияланды. 2016 жылы «Шарайна» газетінде Елбасы Жолдауын жүзеге асыру және насихаттау бойынша 35 мақала, «СТА» телеарнасында 60 видеосюжет жарыққа шықты .