2015 жылғы 30 қарашасындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н.А. Назарбаевтың Жолдауын Қазақстан халқына талқылауы

Құрметті актив жиынына қатысушылар!

        Биылғы жолдаудың маңызы ерекше. Себебі қазіргі жаһандық әлемді мазалап отырған түрлі экономикалық, саяси қауіп-қатерлерді ескере отыра, Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің жаңа жолдауында біздің алдымызға жаңа міндеттер қойды. Осы құжатта мемлекет басшысы дағдарысқа қарсы және құрылымдық кешенді жаңаруларды жүзеге асырудың  бес бағытын анықтап берді. Сондай-ақ бүгінгі таңда халықты алаңдатып отырған мәселелердің шешілу жолдарын да нақтылап көрсетті.

Елбасымыз қазіргі заман әлемі дамуының сын-тегеуріндеріне нақты тоқталып, өзіміздің нақты мүмкіндіктер негізіндегі істердің біртұтас стратегиясын ұсынды. Кезекті Жолдауда Елбасымен қойылған тапсырмаларды шешу біз үшін де, мемлекет үшін де бірінші кезектегі борышымыз. 

Қазіргі таңда Елбасы бастаған экономикалық саясатты жүзеге асыру, қала экономикасының дамуында тиімді нәтежелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.    

10 ай қорытындысы бойынша өнеркәсіптегі өсім 67,1% құрады, сонымен қатар өңделіп жатқан өнеркәсіптегі өсім 126,8%.

Шағын және орташа бизнестің қолданыстағы субъектілерінің саны 8,4% өсті. 

Негізгі капиталға 10,9 млрд.теңге қаржы салынды (өткен жылдың сәйкес кезеңіне 84,9%), қолданысқа 5 мың 621 ш.м. тұрғын-үй енгізілді. 

Жұмыссыздық деңгейі 4,5% құрады (өткен жылдағы деңгейде)

Қалада жалпы құны 325 млн. теңге тұратын индустрияландыру Картасының 2 жобасы жүргізілді. 

Жылдың аяғана дейін құны 280 млн. теңгеден жоғары тағы 1 жоба жүргізу және 25 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланып жатыр.

Бірақ Елбасымыз өз Жолдауында айтқандай: «Ғаламдық дағдарыс – бұл тек қана қауіп-қатер емес, сонымен қатар жаңа мүмкіндіктер».

Шикізат ресурстарына тәуелді емес, экономиканың негізі болып саналатын индустриалдық инновациялық дамудың екінші бесжылдығы жүзеге асырылып жатыр.

Индустрияландыру бағдарламасы аясында 2019 жылға дейін 700 млн. теңгеге 2 жоба жүргізу жоспарлануда. 

Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөліміне, бәсекелесе алатын, жаңа кәсіпорындарды қолдау бойынша және индустриаландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында болжалған инвестициялық жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет.

Экономикалық өсу қарқынына әсер ететін маңызды факторларының бірі инвестицияны жұмылдыруға жаңа тәсіл қалыптастыру болып табылады. 

Елбасымыз «...ұлтаралық компанияға ерекше көңіл бөле отырып ивестицияны жұмылдыру маңызды» деп белгілейді. 

Айтылғандардың тұрғысынан біз аймақтың жоғары инвестициялық шамасын, барлық өлшемде қолдануымыз қажет. 

Кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөліміне, Сәтбаев қаласы филиалы Кәсіпкерлер палатасына, бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне инвестицияны жұмылдыру бойынша жұмыстарды кең түрде жүргізуды Тапсырамын!   

«Агробизнес-2020» бағдарламасы аясында асыл тұқымды ірі қара малдың 5 басы алынды және  4 млн. теңге сомасында 4 шаруашылық қаражаттандырылды.

Экономиканың өсуіне әсер ететін маңызды бағыттардың бірі кәсіпкерлікті дамыту болып саналады. 

Қалада шағын және орташа бизнестің 1370 субъектілері жұмыс істейді. Бұл секторда сомасы 5 млн.теңгеден асатын жұмыстар мен қызметті, өнімдерді өндіретін 4761 адам жұмыс істейді.

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын жүзеге асырудың басынан бастап қалада жалпы сомасы 117 млн. теңгеден асатын 37 жоба қолданды. 

Шара қолдану нәтижесінде қала кәсіпорындарында 196 жаңа жұмыс орындары құрылды. 

2015 жылы 32 млн.теңге сомасында сауда және қызмет саласында 7 жаңа объектілер енгізіліп, 21ден астам жұмыс орындар құрылды. 

30 қарашада Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының толық құқықты мүшесі болды. Бұл оқиға Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы маңызды елеулі кезеңі болып табылады. Бұл - біздің мемлекетімізді тең құқықты сауда экономикалық серіктестік ретінде мойындалғанын куәландырады. Қазақстанның Дүниежізілік сауда ұйымына кіруі шетел инвесторларына да, өзіміздің шетелге тауар шығарушыларға да жаңа мүмкіндіктер туғызады.

Осыған орай кәсіпкерлер бәсекелестікке төзу үшін маңызды сын тегеуріндерді бастан кешіреді. Кәсіпкерлермен  Дүниежізілік сауда ұйымы мүмкіндіктері мен нормаларын түсіндіру бойынша жұмыс жүргізу қажет. 

Күшейіп жатқан бәсекелестікті есепке ала отырып, тұтынушылар нарығында талап етілген жаңа бизнес тауашасын анықтау қажет. Дүниежүзілік үрдісті есептей отырып қазіргі экономикалық жағдайға бейімделген Қала кәсіпкерлігінің талдалған даму Картасы жоғарыда аталып кеткендерге жағдай жасау керек. 

Елбасымыз «дамудың жаңа ішкі қайнар көзін жеке ынтагерлігімізді ашу арқылы табуымыз қажет» деп белгіледі. 

Кәсіпкерлік палатысына, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімімен бірге аймақтың өзгешелігін есепке ала отырып жаңа бизнес ынтасын анықтау бойынша жұмысты жалғастыруды Тапсырамын!

БЖК-2020 мемлекеттік қолдау құралдары арқылы шағын және орташа бизнесті дамыту және оны әрі қарай қолдау мақсатында 2016 жылы мемлекеттік бюджеттен Қарағанды облысына 2,2 млрд.теңге бөлу жоспарланып отыр. Бұл 200ден астам жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады және біздің осы жұмысқа белсенді түрде қатысуымыз қажет. 

Кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөліміне Кәсіпкерлік палатысымен бірге кәсіпкерлікті қолдау бойынша бағдарламаны жүзеге асыру жұмыстарын жүргізуді Тапсырамын!

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қалада 2 жоба жоспарланды: №1 жылу станциясынан бастап құрылып жатқан 6 және 8 шағын аудандарға дейінгі жылу жүйесінің құрылысы және жалпы сомасы 2 млрд.300 млн теңге құрайтын оқушыларға арналған 600 орынды жалпы білім беретін мектеп құрылысы. Жалпы білім беретін мектеп құрылысы ағымдағы жылы басталды және 10 ай қорытындысы бойынша 130 млн.теңге игерілді. 

Елбасы халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз тобына ерекше назар аударды. 

Қалада 38 аз қамтылған отбасы немесе алдынғы жылдың деңгейімен бірдей 127 адам есепте тұр. Кедейлік деңгейі 0,2% құрады.

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап  2 пайызға құнсыздану деңгейінен озатын ортақ зейнетақы индекстеледі. 

2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап  азаматтық қызметкерлерге еңбек ақы төлеудің жаңа түрі енгізіледі және денсулық сақтау қызметкерлер жалақысын орта есеппен 28 пайызға дейін, білім қызметкерлер жалақысын 29 пайызға дейін, әлеуметтік қорғау қызметкерлеріне 40 пайызға дейін көтереді. 

Сонымен қатар «Б»  корпусындағы мемлекеттік қызметкерлер жалақысы 30 пайызға көтеріледі. 

Елбасын өз Жолдауында «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасына ерекше назары аударады. 

Қала бойынша Бағдарламаны жүзеге асыру кезеңінде тұрақты жұмыс орындарына 1334 адам жұмысқа тұрғызылды, 15 адам жеке бизнес ашуға және бизнесті кеңейтуге кішігірім несие алды. 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне өздігінен жұмыс істейтін тұлғаларды, тұрғындардың мақсатты тобына кіретін тұлғаларды және жұмыссыздарды жұмыспен қамтуға көмектесе отырып белсенді шараларға тарту бойынша қажетті шара қолдануды Тапсырамын!

2016 жылы азаматтарымыздың өмірі сапасын жақсартуға және өмір сүру ұзақтығын әрі қарай көтеруге қол жеткізуге, халық денсаулығы жағдайындағы қол жеткізген нәтижелерді көбейтуге және бекітуге тартылған «Денсаулық» бағдарламасын жүзеге асыру басталады. 

Қаланың емдеу мекемелері басшыларына қала тұрғындарының денсулық көсеткішін әрі қарай жақсарту бойынша шара қолдануды Тапсырамын! 

Жаңа инвестициялық саясат аясында білім беру модернизациясы жалғасатын болады. 

Ағымдағы жылы қаланың білім жүйесін қаржыландыруына 2 млрд.885 млн.4 мың теңге бөлінді. 

Білім беру бөліміне 2016 жылы Сәкен Сейфуллин атындағы гимназия базасында «Назарбаев интелектік мектеп» тәжірибесін трасляциялауды Тапсырамын! 

Құрметті әріптестер! 

 Тәуелсіздік алған 24 жылдың ішінде еліміздің экономикалық  әлеуеті артып, көптеген бағдарламалар өрісін кеңге жайды. Сәтбаев қаласында биыл бірқатар жаңа кәсіпкерлік нысандары ашылып, кешенді бағдарлама бойынша құрылыс саласы қарқын алды. Ел келешегінің жүйелі жоспарын белгілеп берген Елбасы Жолдауын жүзеге асыра отыра біздер дамудың жаңа кезеңіне аяқ басамыз. Жаңа жолдау арқылы біз бүгінгі қиындықтарды еңсеріп, өркендеудің келесі белесіне, дамудың даңғыл жолына бет алдық. Бұл бағытта әрбір қазақстандық жұдырықтай жұмылып, Елбасы маңына топтасуы қажет. Мемлекеттің дамуына өздерінің адал еңбектерімен үлес қосып, жарқын болашақтың іргесін бекемдей түсуі тиіс. Сонда ғана біздер дағдарысты артқа тастап, кемелді келешекке қол жеткіземіз. Баршаңызға жарқын болашақ жолындағы еңбектеріңізге сәттілік тілеймін. Назарларыңызға рахмет.