Қала әкімінің алғы сөзі

Қымбатты достар!

Интернеттің мүмкіндіктерінің арқасында, біздің сайтымыз сіздердің барлықтарыңызға қол жетімді. Барлықтарыңыздың назарларыңызға біздің қаламыз және оның тұрғындары туралы өте маңызды және қызықты ақпарат ұсынылған. Және де шалғайдағы жерлердің өзіндегі адамдар да өздерін қызықтыратын ақпаратты таба алады.

Бүгінгі күні барлық дүние жүзінің назарын өзіне аударған, біздің еліміздің табысында сәтбаевтықтардың да қосқан үлесі бар. Сәтбаев қаласы сияқты қалалардың ролі өте жоғары, және де одан әрі де арта беретіне сенімдімін. Бүгінгі күні Сәтбаев - экономика жағынан тұрақты, қарқынмен дамып келе жатқан, зор өнеркәсіптік әлеуеті және әлеуметтік инфрақұрылымдары бар кеншілер қаласы.

Біздің ақпараттық сайтпен жұмыс істей отырып, Сіздер халыққа ұсынылатын мемлекеттік қызметтердің барлық түрлері көрсетілген тиісті мекемелердің барлық интернет-порталдарына кіруге мүмкіндік аласыздар. Мұнда Сіздер біздің қызметіміз, қабылданған шешімдер және өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы кез-келген ақпаратты алуларыңызға болады.

Біз болашаққа және бірігіп жұмыс істеуге әрқашан ашықпыз. Тиімді «кері» байланыста боламыз деген үміттемін.

Біздің сайтымызға қош келдіңіздер!

Құрметпен, Сәтбаев қаласының әкімі
Ыдырысов Асқар Абылайұлы.