ЖАО берілген құқықтық нормативті актілер

20 Қаңтар 2017 20:51
Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарды квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Сәтбаев қаласының ұйымдарында ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан, ұйымның жұмыскерлерінің тізімдік санының екі пайыз мөлшерінде  бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 
2. Ұйымдар тізбесіне енгізілген Сәтбаев қаласының жұмыс берушілері белгіленген квотаға сәйкес квота енгізілген күннен бастап күнтізбелік 6 (алты) ай ішінде бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту орталығының жолдамасы бойынша жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұсынсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы А.Қ.Төлендинаға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 Сәтбаев қаласының әкімі                                                        А.А. Ыдырысов

 

Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2017 жылғы «___» ________________
№_____қаулысының 
қосымшасы

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі

Реттік №

Ұйымдардың атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Квотаның көлемі
(% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыруға жұмыс орындарының саны (адам)

1 «Сәт Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестік

306

2

6

2  «Рудсервис К» жауапкершілігі шектеулі серіктестік

118

2

2

3 «Сәт Сәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестік

100

2

2

4 «Сары Арқа Нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестік

64

2

1

  Барлығы

588

-

11

 


Вернуться назад