ЖАО берілген құқықтық нормативті актілер

20 Қаңтар 2017 20:51
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2016 жылғы 06 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» заңдарына, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту Министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 «Мүгедектер үшін жұмыс орындарды квоталау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Сәтбаев қаласының ұйымдарында ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін. 
2. Ұйымдардың жұмыс берушілері белгіленген квотаға сәйкес квота енгізілген күннен бастап алты ай ішінде мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын ұсынсын.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы А.Қ.Төлендинаға жүктелсін.
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


 Сәтбаев қаласының әкімі                                                        А.А. Ыдырысов

Сәтбаев қаласы әкімдігінің
2017 жылғы «___» ________________
қаулысының қосымшасы

 

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіленетін ұйымдардың тізімі

Реттік №

Ұйымдардың атауы

Қызметкерлердің тізімдік саны (адам)

Мүгедектер санатына жататын жұмыскерлер жұмыс атқаратын жұмыс орындарының саны (бірлік)

 

Квотаның көлемі
(% қызметкерлердің тізімдік санынан)

Ауыр жұмыстардағы, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегендегі бекітілген квота    (адам)

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру квотасын орындау үшін қажет саны (адам)

1 «Күншуақ» № 33 балабақша» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

55

-

2

1

1

2  «Балдәурен» № 29 балабақша» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

62

-

2

1

1

3  «Нұрбөбек» № 5 балабақша» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

73

-

2

1

1

4 «№ 3 жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме

82

-

2

2

2

5 «№ 7 жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме

110

-

3

3

3

6  «Сәтбаев қаласының № 1 мектеп -гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекеме

150

2

3

4

2

7 «№ 15 жалпы білім беру мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме

124

3

3

4

1

8  «Абай атындағы № 4 мектеп - лицей» коммуналдық мемлекеттік мекеме

157

2

3

5

3

9 «Сәтбаев қаласының емханасы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын

344

-

4

14

14

10 «Сәт Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестік

306

9

4

12

3

11 «Сәт Сәулет» жауапкершілігі шектеулі серіктестік

100

-

2

2

2

12 «Сары Арқа Нан» жауапкершілігі шектеулі серіктестік

64

-

2

1

1

  Барлығы

1627

16

-

50

34

 


Вернуться назад