Қала аумағында бейбіт жиналыстарды, митингтерді, шерулерді, пикеттерді және ереуілдерді өткізудің қосымша тәртібін белгілеу

1. Жалпы ережелер

1. Қалада/ауданда бейбіт жиналыстарды, митингтерді, шерулерді, пикеттерді және ереуілдерді өткізудің қосымша тәртібі (әрі қарай-Тәртіп) Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды, митингтерді, шерулерді, пикеттерді және ереуілдерді өткізудің тәртібі туралы» Заңының 10 бабына сәйкес әзірленді және Сәтбаев қаласындағы бейбіт жиналыстарды, митингтерді, шерулерді, пикеттерді және ереуілдерді өткізудің тәртібін қосымша реттейді.

2. Қала аумағында бейбіт жиналыстарды, митингтерді, шерулерді және наразылықтарды өткізетін орындар 
2. Өзге тұлғалардың құқығы мен бостандығын, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ көліктердің, инфрақұрылым нысандарының қалыпты қызметі үшін, жасыл көшеттер мен шағын архитектуралық нысандардың сақталуы үшін ұсынылады:
1) Митингтер және жиналыстар өткізетін орындар: 
- Қ.Сәтбаев даңғылы мен Жеңіс көшесінің қиылысындағы «Асыл мекен» ОСК қарама қарсы орналасқан алаңда;
- Гурба көшесіндегі Жеңіс саябағына қарама қарсы орналасқан Даңқ алаңында;
- Жезқазған кентіндегі Абиев көшесі бойындағы Мәдениет үйіне қарама қарсы алаңда.
2) Шерулер мен наразылықтар мына бағыттар бойынша өтеді:
- Байқоныров көшесі №4 үйге қарама қарсы аумақта қалыптасып қозғалатын колонна Сәтбаев даңғылы бойымен Құсайынов көшесіндегі Олимпиадалық резервке дайындау орталығына дейін жалғасады; 
- Мұратбаев көшесіндегі №12 үйге қарама қарсы аумақта қалыптасып қозғалатын колонна Гурба көшесі бойынан бастап Жандосов көшесіндегі №4 үйге дейін жалғасады;
- Абиев көшесіндегі №27 үйге қарама қарсы аумақта қалыптасып, қозғалысын бастаған колонна №13 дүкенге дейін жалғасады.
3. Сәтбаев қаласының әкімдігі, уәкілеттілікпен (ұйымдастырушылар) келісе отыра, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнудің алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін өзі басқару органдарының, кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, көліктердің қалыпты қызметін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ түрі, өтетін орны және уақыты бойынша сәйкес келетін, бірақ бағыт-бағдары мен мақсаты басқа өзге іс шаралармен белгіленген мерзімде өткізу бойынша өтініш ерте немесе бір мезетте берілген жағдайда, уақытты өзгертуге ұсыныс бере алады.

3. Бейбіт жиналыстарды, митингтерді, щерулерді, пикеттер мен наразылықтарды өткізудің қосымша тәртібі
4. Жиналыс, митинг, шеру, пикет немесе наразылық өткiзу жөніндегі өтiнiш оны өткізуді белгілеген мерзімнен кем дегенде он күн бұрын жазбаша түрде берiледi. 
5. Өтiнiште шараны өткiзудің мақсаты, түрі, өтетiн жерi немесе қозғалыс бағыттары, басталатын және аяқталатын уақыты, қатысушылардың ықтимал саны, өкілеттіктердiң (ұйымдастырушылардың) тегi, аты, әкесiнiң аты, қоғамдық тәртіпке жауапты тұлғалардың тұратын және жұмыс істейтін мекен-жайы (оқу орны), өтiнiш берiлген мерзім көрсетiледi. Сәтбаев қаласы әкімдігіне келіп түскен өтініштің орындалу мерзімі өтініш келіп түскен уақыттан бастап саналады.
6. Осы тәртіптің 5 тармағының талаптары орындалмаған жағдайда өтініш берушіге кемшіліктерді жою жаңа өтініш беру жолымен жүзеге асырылатыны жөнінде түсіндірме жауап беріледі. Жаңа өтінішті қарау мерзімі арыз келіп түскен сәттен бастап есептеледі. 
7. Белгіленген тәртіппен митинг т.б өткізу бойынша берілген барлық өтініштерді ескере отыра Сәтбаев қаласының әкімдігі ұйымдастырушыларға көтерілген мәселелерді талқылау және қарастыру үшін баламалы алаңдарды ұсынады.
8. Ұйымдастырушыларға рұқсат берілмеген жағдайда барлық дайындық шараларын тез арада тоқтату үшін шара қолданып және бұл туралы ықтимал қатысушыларды хабардар етуге тиіс.
9. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және наразылықтар белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде (белгіленген бағыт бойынша) өтіп, сондай-ақ қатысушылары өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес сөз сөйлейді.
10. Жиналыстарды, митингтерді, шерулерді, пикеттер мен наразылықтарды өзгеше түрде өткізу үшін өзгертуге/ұйымдастыруға белгіленген тәртіп бойынша жергілікті атқару органдарынан рұқсат алу талап етіледі.
11. Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлеттілер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауға мiндеттi. 
12. Уәкiлеттілер (ұйымдастырушылар) жиналыстар, митингтер, шерулер, пикеттер, наразылықтарға әрекет етуге қабілетсіз тұлғаларды және ішімдік ішкен немесе есірткі шеккен тұлғалардың қатысуына жол бермеуі тиіс. 
13. Уәкілеттілерге (ұйымдастырушыларға) және жиналыс, митинг, шеру, пикет, наразылықтарға қатысушылардың ішімдіктерді, есірткілерді, психотропты заттарды немесе оның баламалы түрлерін пайдалануға жол берілмейді, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті бұзуға, қылмысқа итермелеуді, біреудің атына тіл тигізу сынды ұран тастайтын транспарант, лозунгтерді пайдалануға және көпшілік алдында сөз сөйлеуге жол берілмейді. 
14. Уәкілеттілерге (ұйымдастырушыларға) және жиналыс, митинг, шеру, пикет, наразылық қатысушыларына олардың тұлғасын анықтауға кедергі туғызатын маска және өзге заттарды пайдалануға жол берілмейді. 
15. Жиналыс, митинг, шеру, пикеттер және наразылықтар Сәтбаев қаласының әкімдік өкілінің талабы бойынша міндетті түрде тоқтатылуы тиіс, егер: өтініш берілмеген жағдайда, тыйым салу жөнінде шешім шыққан жағдайда, оны өткізу барысында Қазақстан Республикасының Заңымен белгіленген тәртіп бұзылған жағдайда, сондай-ақ азаматтардың өміріне және денсаулығына қауіп төнген жағдайда, қоғамдық тәртіп бұзылған жағдайда. Уәкілеттілер (ұйымдастырушылар) өздерінің тарапынан әзірленген іс шараларды болдырмауға және бұл туралы
16. Қоғамдық тәртіпті, сондай-ақ пикет қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Сәтбаев қаласының әкімдігі бір күннің ішінде бір мезгілде, бір нысанда 3 – тен аспайтын жеке пикеттер ұйымдастыруға рұқсат ете алады. 
17. Қоғамдық тәртіпті, сондай-ақ пикет қатысушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әртүрлі жекелеген пикеттердің қатысушылары бір бірінен 50 метр қашықтықта орналасады. 
18. Пикет ұйымдастырылғанда пикет өтетін нысанның қасында тұруға, отыруға, насихаттық көрнекілік құралдарын пайдалануға, қысқа лозунгтерді, пикет тақырыбы бойынша ұрандарды дауыстап айтуға (өз дауысының мүмкндіктерін пайдалана отыра) рұқсат етіледі.