Бірінші басшылардың өмірбаяны

 


Сұлтан Нұрланұлы Нарботаев – Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары
Туған жылы 02.11.1982ж. 
Ұлты қазақ

Білімі жоғары
2003 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетін құқықтану мамандығы бойынша, 2008 жылы М.Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласындағы «ABN AMRO Каспиймунайгаз» ЖЗҚ» ЖАҚ клиенттермен жұмыс жөніндегі менеджер болып бастаған.
2004ж.-2013ж. - Алматы қаласындағы «Қазақстан Ипотекалық компаниясы» Ипотекалық ұйымы» АҚ заң қызметінің заңгер кеңесшісі, аймақтық өкілдермен жұмыс және жарнама басқармасының бас маманы, несиелеу департаментінің әдістеме және сараптау бөлімінің сараптау және есеп беру секторының меңгерушісі, несиелеу басқармасының бас менеджері, компанияның несие құжаттарын сақтау және мұрағат басшысы, сараптау және әдістеме басқармасының бастығы.
2013ж.-2014ж. - Астана қаласындағы «Қазақстан Тұрғын үй-Құрылыс Корпорациясы» АҚ аудиторы.
2014ж.-2016ж. - Астана қаласындағы «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының активтерді басқару департаменті директорының орынбасары, «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының қаржы және активтер департаментінің консультанты, «Нұр Отан» шаруашылық басқармасы» ЖШС экономика және қаржы бойынша бас директорының кеңесшісі.
2016 жылдың сәуірінен қыркуйек айына дейін – «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ инспекторы, Сәтбаев қаласы әкімі кеңесшісі.
2016 жылдың 5 қазанынан бастап Сәтбаев қаласы әкімінің №133 өкімімен Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

 

Нысанбаев Алмаз Серікбай ұлы - Сәтбаев қаласы әкімі аппаратының басшысы 

Туған жылы 29.01.1980 ж.Туған жері Сәтбаев қаласы 

Ұлты қазақ

Білімі жоғары

2001 жылы Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітіреді

Бітірген мамандығы- құқықтану, заңгер 

2001ж. – 2007ж. – қала әкімінің көмекшісі 

2007ж. – 04.2008ж. – «Қазақмыс» Корпорациясы» ЖШС жер ресурстары мен жылжымайтын мүліктер Басқармасының бас маманы

06.2008ж. – 07.2008ж. – Сәтбаев қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру және кадрлармен жұмыс бөлімінің басшысы

Әкімнің 2009 жылдың 20 сәуірдегі өкіміне байланысты Сәтбаев қаласы әкімі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалады. 

Үйленген. Төрт баланың әкесі.

 

Айгуль Қосманқызы Төлендина - Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары
Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы Фрунзе ауылында 1963 жылдың 3 маусымында дүниеге келген. Білімі жоғары.
1985 жылы стоматология мамандығы бойынша Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын, біліктілігі стоматолог-дәрігер, 2002 жылы экономика және менеджмент мамандығы бойынша Қарағанды экономикалық университетін  аяқтаған, біліктілігі экономист-менеджер.
Еңбек жолын 1984 жылы №2 Қарағанды қалалық балалар ауруханасының медбибісі болып бастаған.
1985 жылдың тамыз айынан бастап Сәтбаев қаласының тіс жөндеу поликлиникасының тіс дәрігері болып жалғастырды.
1999 жылдың қыркүйегінен 2008 жылдың қазан айы аралығында «Нұр Отан» Халықтық-демократиялық партиясының Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып, қосымша қызметте «Сәтбаев қаласының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымын атқарды.
2008 жылдың қазанынан «Сәтбаев қаласының мемлекеттік мұрағаты» мемлекеттік мекемесінің директоры болып жұмыс істеді.
Сонымен қатар, Сәтбаев қалалық мәслихатының IV, V, VI шақырылымдарының депутаты болып сайланды. 
«Нұр Отан» депутаттық фракциясының төрағасы болған. Сәтбаев қалалық саяси көшбасшылар мектебінің белсенді мүшесі. 
2017 жылдың 1 наурызынан бүгінгі уақытқа дейін – Сәтбаев қаласы әкімінің орынбасары. 
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың алғыс хатымен бірнеше рет мараптталған, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл», «Белсенді қызметі үшін» «Нұр Отан» партиясының, «Қазақстан Республикасының Мәслихатына 20 жыл», «Қазақстан Даңқы» медальдарымен марапатталған.
Тұрмыста. 2 баланың анасы.