Мемлекеттік орган ережесі

2013 жылғы « 1 » наурыз

 № 05/58

Сәтбаев қаласы әкімдігінің

қаулысымен бекітілген

 

 

«Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1.  «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңды тұлға мәртебесіне ие, қала әкімінің және әкімдігінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

5. «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Сәтбаев қаласының әкімі өкімдерімен, шешімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

7. «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қарағанды облысы, 101302, Сәтбаев қаласы, академик Қ.Сәтбаев атындағы даңғылы, № 108 үй.

9. «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің толық атауы:  «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.                                                                

10. Осы Ереже «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

11. «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

12. «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

13. «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің миссиясы: қала әкімдігінің және әкімнің әрекетін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастырушылық-құқықтық, материалдық-техникалық қамтамасыз ету.

14. Міндеттері:

1) әкімдіктің және әкімнің қызметінде заңдылықтың сақталуын қамтамасыз ету;

2) Қазақстан Республикасы заңнаманың жағдайы және оны қолдану практикасы бойынша ақпаратты жинау, бағалау, талдау;

3) әкімдігінің және әкімнің қызметін материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасы Конституциясының, заңдарының, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметi актiлерiнiң, орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық актілерiнiң нормаларын атқарушы органдарымен орындалуына жәрдемдеседi.

15. Функциялары:

1) әкімдік және әкім нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлейді;

2) нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заңдық сараптама жүзеге асырады;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде, азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін әкім және әкімдігінің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша қабылдайды және қарайды;

4) жергілікті мемлекеттік басқарудың үлгі құрылымы негізінде қаланы басқару сызбасын әзірлейді;

5) аумақты жедел жабдықтау iс-шараларын орындауға қатысады және коммуникацияларды қорғаныс мақсатында дайындауды қамтамасыз етеді;

6) халықты және аумақты қорғанысқа даярлауға қатысады, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың материалдық, энергетикалық және өзге де ресурстарға және олардың тапсырысы бойынша қызмет көрсетулерге қажеттіліктерiн Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етеді;

7) әскери есепке алуды және азаматтарды әскери қызметке даярлауды, олардың әскери қызметке, әскери жиындарға шақырылуын және жұмылдыру бойынша шақырылуын ұйымдастырып, қамтамасыз етеді;

8) кадрлік жұмысты жүргізеді және құрылымдылық мемлекеттік  органдардың кадрлік жұмыстарына бақылауды жүзеге асырады.

16. Құқығы және міндеттері:

1)  заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұратуға және алуға;

2) Қазақстан Республикасының заңнамаларында көрсетілген құзыреті шегінде заңды және жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынасқа түседі;  

                          3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

17. «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемеде басшылықты «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемеге жүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Сәтбаев қаласының әкімі жүзеге асырады.

18. Сәтбаев қаласының әкімін Қарағанды облысының әкімі Сәтбаев қалалық мәслихатының келісімімен қызметке тағайындайды және Қарағанды облысының әкімі қызметтен босатады.

19. Сәтбаев қаласы әкімінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

20.  Сәтбаев қаласы әкімінің өкілеттігі:

1) заңнамаға сәйкес «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемеде қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

2) «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулықтарды бекітеді;

3) «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме құрылымдық бөлімшелердің ережелерін бекітеді;

4)  заңнамада белгіленген тәртіппен «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды, еңбек қатынастары мәселелерін шешеді;

5) әкімдіктің қаулыларына, әкімнің өкімдеріне және шешімдеріне қол қояды;

6) барлық мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемені білдіреді;

7) әкім, әкімдіктің және «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіруге сенім хаттарды береді;

8) заңдарда белгіленген тәртіпте мемлекеттік сатып алу туралы шарттарды жасасады;

9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауапты болады.

«Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар жасаудың әр фактісі бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдамағаны үшін немесе тиісті емес орындағаны үшін заңдарда белгіленген тәртіпте құрылымдық бөлімшелердің басшыларының дербес жауаптылығы қаралуы тиіс;

Сәтбаев қаласының әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

21. Сәтбаев қаласының әкімі орынбасарларының өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгiлейдi.

22. «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеменің аппаратты Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын Сәтбаев қаласы әкімі аппаратының  басшысы басқарады.

                                              

 

                                                     

4. Мемлекеттік органның мүлкi

23. «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болуы мүмкін.

«Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме мүлкi оған меншік иесі берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

24.  «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемеге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

25.  Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме, өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

26. «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.