Республика жаңалықтары

18 Наурыз 2019 12:45
Онкологиялық пациенттерге жыл сайын республикалық бюджеттен 40 млрд теңге бөлінеді

Халықаралық статистика деректеріне сәйкес,  Қазақстан қатерлі ісіктерден  сырқаттанушылық пен өлім  көрсеткіштері шамалы жоғары  елдерге жатады. Соңғы 20 жылдың ішінде Қазақстанда  қатерлі ісіктермен сырқаттанушылықтың 8%  өсуі байқалады.Салыстыру үшін Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы  елдерінде ұқсас кезеңде  обырдан сырқаттанушылықтың өсуі 11,5%  құрайды екен. 1999 жылдан бастап Қазақстанда қатерлі ісіктерден өлімнің  жалпы 42 % төмендегені байқалды.Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде өлімнің төмендеу қарқыны -15,5%. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде  обырдан сырқаттанушылық пен өлім көрсеткіштері Қазақстаннан  жоғары болу себебі  орташа өмір сүру жасының ұзақтығына және осы елдерде онкологиялық қызметтің  дамуына, обырдың бастапқы сатыларында ерте анықтау мүмкіндігіне және емдеудің жоғары  технологиялық әдістерін қолдануға негізделген.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов  2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қатерлі ісік диагнозымен диспансерлік байқауда 181 000 пациент тұрғанын жеткізді.

«2018 жылы 35 753 адам алғаш рет есепке алынды, оның 44,3%  ерлер және 55,7% әйелдер құрайды. Обырдан қайтыс болғандардың арасында ерлер 53,8% алып отыр. Алғаш ауырғандардың 60% жуығы - 18 жастан 63 жасқа дейінгі  еңбекке қабілетті жастағы адамдар.Сырқаттанушылық құрылымында сүт безінің обыры (12,6%), өкпе обыры (9,9%), асқазан обыры  (9,9%) алдыңғы орындар, ары  қарай жатыр мойны обыры және жуан ішек (4,7%) құрап отыр.Өлімнің негізгі себептері өкпе обыры (16,5%),  асқазан обыры (11,5%), сүт безінің обыры  (8,4%) болды», - деді министр.

Ал,  Қазақстанның тұрғындарына онкологиялық көмек  көрсету денсаулық сақтау жүйесінің негізгі бағдарламалық құжаттарында айқындалатын мемлекеттік саясаттың басты бағыты болып табылады.

«2011-2015 жылдар аралығында Денсаулық сақтауды дамытудың «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен  ҚР онкологиялық көмекті дамытудың 2012-2016 жылдарға арналған бағдарламасы іске асырылды.Оларды іске асыру нәтижесінде  өлімді 100 мың халыққа шаққанда 102,4-тен 95,8-ге дейін төмендетуге, ерте сатыда  (I- II сатылар) анықтауды 50,1 пайыздан   53,5 пайызға дейін жақсартуға қол жеткізілді», - деді Е. Біртанов.

Айта кетсек, 2018 жылдың қорытындысы бойынша Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын  іске асыру шеңберінде  өлім көрсеткішін 100 мың халыққа шаққанда 92,8 көрсеткішінен   80,96   төмендету  мақсатына қол жеткізілді.  

«Халықаралық сарапшылардың ұсынымдарына сәйкес I-II сатыларда ерте диагностикалау көрсеткіші 2016 жылдан бастап соңғы 3 жылдың ішінде  21,8 пайыздан  26,2 %   дейін артқан  0-I сатыларда ерте диагностикалаудың барынша сезімтал индикаторына өзгертілді. 2018 жылы 5  және одан да көп жыл өмір сүретін пациенттердің үлесі 50,2 пайыздан  51,0 %  өсті.Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспардың шеңберінде онкологиялық патологияны анықтауды арттыруға және ерте диагностикалауға бағытталған  іс-шаралар іске асырылады. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасында Кешенді жоспардың жоспарланған барлық көрсеткіштеріне қол жеткізілді», - деді Денсаулық сақтау министрі.

Министр  онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жоспар төрт бағыттан тұратынын жеткізді.

«Алдымен,  олар: қауіп факторларының профилактикасы және басқару, тиімділігі жоғары ерте диагностика, онкологиялық көмек көрсетудің интеграцияланған  моделін енгізу, кадр әлеуеті мен ғылымды дамыту. Онкологиялық пациенттерге медициналық қызмет көрсетуге жыл сайын республикалық бюджеттен 40 млрд. теңге шамасында қаржы бөлінеді. Кешенді жоспармен жыл сайын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде  қызметтерді, скринингтер, молекулалық-генетикалық тестілеу,  сәулелік терапия қызметтерін   кеңейтуге 8 млрд. теңгеден аса қосымша қаржы  көзделген. Сондай-ақ 3,2 млрд. теңге сомасына жабдықтарды алу жоспарланған», - деді Денсаулық сақтау министрі   Елжан Біртанов.

Сонымен қатар,  өңірлерде онкологиялық қызметті дамыту үшін жабдықтардың негізгі бөлігі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде алынатын болады.

«Онкологиялық көмек көрсетудің тиімділігі елдегі профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға байланысты.Қазақстанда  профилактикаға арналған шығындар 4% құрайды, ал Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымдары елдерінде 10% дейін бөлінеді.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының елдік бағалау нәтижесі онкологиялық аурулардың дамуының негізгі қауіп факторлары болып табылатын темекі шегу, алкогольды тұтыну сияқты қауіп факторларының жоғары екенін көрсетті.Обырды ерте анықтау мақсатында елде онкологиялық скринингтердің үш түрі іске асырылады: жатыр мойны, сүт безі және жуан ішек обырының скринингі», - деді министр.

Сондай-ақ, 2018 жылы онкологиялық скринингтердің бағдарламасы  қайта қаралды.

«Жас топтары 30 жастан 70 жасқа дейін және  қаржыландыруды арттыра отырып  нысаналы топтарды қамту 50 пайыздан  90 %  кеңейтілді.     В гепатитіне қарсы вакцинациялау бауыр обырының пайда болуының алдын алуға мүмкіндік береді, осылайша вакцинацияға жататын топтардың вакцинациялаумен тиімді қамтылуы 98,7% құрайды. Ерте сатыдағы обырды  диагностикалауды арттыру түрінде скринингтік бағдарламалар тиімділігінің арту динамикасы байқалады, мысалы,  жатыр мойны обыры скринингі кезінде 4,5% , сүт безі обыры скринингі кезінде 6,3%, колоректалдық обыр скринингі кезінде 2,3%  арту байқалады. Халықтың ақпараттануын арттыру мақсатында 2018 жылы мінез-құлық қауіп факторларының профилактикасы бойынша 3,5 млн  астам  адамды қамтыған 193 мың іс-шара өткізілді», - деді министр.

Оған қоса,  кешенді жоспардың шеңберінде  ерте диагностикалауды жақсарту мақсатында 1,5 млн. адамға 1 ПЭТ  халықаралық ұсынымдарына сәйкес келетін елімізде қолданыстағы 4 орталыққа қосымша  6 ПЭТ орталығын  құру көзделген.

«Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде  ісіктің  ерекшелігіне байланысты жеке емдеу көлемін тағайындауға мүмкіндік беретін обырды молекулалық -генетикалық  тестілеу міндетті болып табылады. Қазақстанда 2019 жылдан бастап тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде молекулалық-генетикалық тестілеу жүргізіле бастайды,  309 млн. теңге қосымша қаржы бөлінген. Өкпе обыры, сүт безі обыры, колоректалдық обыр және тері меланомасына  молекулалық-генетикалық  диагностика жүргізу үшін 3 референс-зертхана айқындалды және 2019 жылы 3 мыңға жуық зерттеу жүргізу жоспарланған», - деді Е.Біртанов.

Сонымен қатар,  ерте диагностикалауды жақсарту мақсатында 2019 жылы онкологиялық ауруларға күдікті пациенттерге КТ және МРТ зерттеулерін  жүргізу үшін 1,6 млрд. теңге көлемінде қосымша қаржы бөлінген. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры өнім берушілерден  қызметті сатып алу жүргізуде.

«Диагностикалық қиын науқастарға халықаралық сарапшылардың телеконсультациясы, сондай-ақ маманның «екінші көзқарасы» қолданылатын гистопрепараттардың телепатологиясы  енгізілуде.  Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде  онкологиялық ауруларды диагностикалауда міндетті компонент болып табылады, енді Қазақстанда 2019 жылдан бастап біз тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде іске асыратын боламыз.Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары шеңберінде еліміздің 18 өңірінде ПАКС жүйесін орнату жоспарланған.Бұл шаралар ерте диагностикалауды 2022 жылға 33  пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді», - деді Денсаулық сақтау министрі.

Оған қоса, ересек халыққа онкологиялық көмек үш деңгейде көрсетіледі.

« Бірінші амбулаториялық-емханалық деңгейде онкологиялық ауруларды ерте анықтау, диагнозды  қою кезінде, сондай-ақ  диспансерлік байқауда   амбулаториялық деңгейде қызмет көрсету  мақсаты болып табылатын 405 онколог кабинеті және 1604 қарау кабинеті жұмыс істейді.Екінші деңгейде  қатерлі ісіктермен ауыратын науқастарға медициналық көмекті 16 өңірлік онкологиялық диспансер және  Ақтөбе, Жезқазған, Шымкент және Көкшетау қалаларында көпбейінді  ауруханалардағы 4 онкологиялық бөлімше көрсетеді.Үшінші деңгейде медициналық көмекті екі республикалық ұйым, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты және Онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталығы көрсетеді», - деді министр.

Ал,  сәулелік терапия ісікке қарсы емдеудің негізгі компоненттерінің бірі болып табылады.Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінде алғашқы онкологиялық науқастарды жоғары технологиялық сәулелік емдеумен қамту орташа 60-75%  құрайды.

«Жоғары технологиялық сәулелік терапия  ісіктің нысанын тура қайталайтын  өрісті қалыптастырумен жоғары энергетикалық  сызықтық жылдамдатқышта іске асырылады. Порттық визуалдау жүйесінің арқасында шынайы уақыт режимінде пациенттерді позициялауға бақылау жүргізу мүмкіндігі бар.Қазақстанда бүгінгі күні 5 жоғары энергетикалық сызықтық жылдамдатқыш жұмыс істейді, жоғары технологиялық  емдеумен қамту 20%  құрайды. Кешенді жоспардың шеңберінде өңірлерде қосымша 10 сызықтық жылдамдатқышты орнату көзделген», - деді ол.

Сондай-ақ, 2002 жылы дәрілік қамтамасыз етуге 800 млн. теңге бөлінген, тізбе 35 химиопрепараттан тұрды, таргеттік препарат болған жоқ.

«2013-2018 жылдары дәрілік терапиямен  қамтамасыз ету үшін  жыл сайын 20 млрд.  жуық теңге бөлінді. Бүгінде 87 химиопрепарат қолданылды, оның ішінде 15  таргеттік препарат. Диспансерлік есепте тұратын 181 мың пациенттің 35,3%  химиотерапия алады.2019 жылы  онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеудің 30 жаңа хаттамасы  қайта қаралды, 25 жаңа таргеттік  және иммуноонкологиялық препарат енгізілді», - деді ол.

Оған қоса, кешенді жоспардың шеңберінде 2019 жылы  15 өңірде  қауіпсіздікті қамтамасыз ету, химиотаргеттік дәрілік заттар мен цитостатиктерді  ұтымды қолдану мақсатында орталықтандырылған автоматтандырылған көбейту кабинеттеріне қондырғылар орнату жоспарланған. Кабинеттерге қондырғыларды сатып алу үшін 1 387 500  мың теңге қосымша қаржы бөлінген.

«2019 жылғы 1 қаңтарда ҚР паллиативтік көмек және мейіргерлік күтім үшін 1034 төсек, оның ішінде  онкологиялық диспансерлердің паллиативтік көмек бөлімшелері  құрамында  435 төсек, 23 ауырсынуға қарсы кабинет жұмыс істейді.Қазіргі уақытта денсаулық сақтау басқармаларының  деректеріне сәйкес  паллиативтік көмекті қажет ететін науқастар саны 70000  жуық, оның ішінде 6 мыңға жуығы  онкологиялық науқастар, демек осы категориядағы науқастарды ауруханалық төсекпен  қамтамасыз ету 1000 адамға шаққанда 15  құрап отыр», - деді министр.

Айта кетсек, Қазақстан  10 мың халыққа шаққанда онколог дәрігерлермен қамтамасыз етілу бойынша  Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерімен бір деңгейде тұр. Радиологтармен қамтамасыз етілу  Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдері ұсынымдарынан төменірек.

«Онкологтардың тапшылығы бос штат бірлігі бойынша 126,5 бос орынды құрайды. Өңірлер бөлінісінде Қостанай, Павлодар, Алматы облыстары, Астана және Шымкент қалаларында тапшылық байқалады.2018 жылы онкологтар мен радиологтарды оқытып шығару 118 адамды құрады, бұл 2017 жылмен салыстырғанда 3 есе жоғары.Министрлік  онкологиялық қызмет мамандарының үздіксіз кәсіби дамуы мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында біршама кешенді шаралар қабылдайды.Сонымен, жыл сайын республикалық бюджетте олардың ел ішінде және шет елде білім алуына қаржы көзделеді», - деді Е.Біртанов.

2014-2018 жылдар аралығында  біліктілікті арттыру курстарында 3000 аса онкологиялық қызмет маманы даярланды, оның ішінде шетелде 347. 900 медициналық қызметкер онкологиялық аурулардың профилактикасы, ерте диагностикасы  мәселелері бойынша оқудан өтті.

«Көрсетілген кезеңде онкологиялық қызмет мамандары  онкология мен гематологиядағы, сондай-ақ балалар онкологиясы мен гематологиясындағы диагностикалау мен емдеудің  жаңа халықаралық әдістерін меңгерді. 2019 жылдан бастап түлектерді бөлуді ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Азаматтарды орталық дербес бөлу жөніндегі комиссияның деңгейінде іске асыратын болады.2020 жылы осы функцияны министрлік  электрондық нысанға көшіруді жоспарлап отыр. Сонымен, ағымдағы жылы пилоттық режимде «Астана медицина университеті» КЕАҚ түлектерін  жұмысқа орналастыру электрондық еңбек биржасы «enbek.kz»  порталында іске асыру жоспарланып отыр», - деді Денсаулық сақтау министрі.

Сондай-ақ, медицина кадрларын резидентурада даярлау медициналық көмек көрсетудің  барлық деңгейлерінде даярлауды қамтамасыз ететін клиникалық базаларда іске асырылады.

«Бұл ретте медицина кадрларын даярлау  резидентурада  аудандық маңызы бар  денсаулық сақтау ұйымынан басталып облыстық және республикалық маңызы бар  денсаулық сақтау ұйымында аяқталады.Өңірлердің медицина кадрларына деген қажеттілігіне қарай әкімдердің нысаналы гранттарын ұлғайту қажет.Сонымен, жоғарғы және жоғарғы оқу орнынан кейінгі мамандарды даярлауға 2017 жылы   әкімдердің 288 гранты  бөлінді, 2018 жылы – 711», - деді министр.

Сондай-ақ, Е.Біртанов  министрлік Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауының тармақтарын іске асыру үшін «Қазақстан Республикасында дербестендірілген және превентивті медицинаны енгізудің 2019-2021 жылдарға арналған ұлттық бағдарламасы» ғылыми-техникалық бағдарламасына бастамашылық еткенін айтты.

«Бағдарламаның  мақсаты  аурулардың  пайда болуына  жол бермеу  бойынша  заманауи шараларды қабылдау үшін анағұрлым өзекті аурулардың,  оның ішінде онкологиялық аурулардың   дамуына  генетикалық  бейімділігі негізінде  ерте симптомға дейінгі диагностикалау әдістерін  практикалық денсаулық сақтауға енгізу болып табылады.Бағдарламаның басқа нәтижесі пациенттердің  дәрілік заттарды қабылдауға және жанама әсерлердің дамуына  генетикалық бейімділігі негізінде дәрілік препараттар мен олардың дозаларын жеке таңдауға мүмкіндік болды», - деді министр.

Сонымен қатар, 2018 жылы Бағдарлама мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамадан жоғары балл, Ұлттық ғылыми кеңестің мақұлдауын алды.

«Бағдарлама іске асыру нәтижесінде   онкология саласында ағзаның жеке ерекшеліктері мен ісіктің типіне қарай таргеттік және химиялық препараттарды таңдауды ескере отырып, дербестендірілген терапия технологиясы енгізілетін болады.Қорытындылай келе құрметті депутаттар осы жердегі бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арқылы Қазақстанның барлық азаматтарына  негізгі айтарым.Қауіп факторларын білудің бүгінгі деңгейі  үштен бірден жартысына дейінгі жағдайларда онкологиялық аурулардың алдын алуға болады деуге мүмкіндік береді», - деді Е.Біртанов.

Айта кетсек, 2018 жылдың қорытындысы бойынша ҚР-дағы 5 жылдық өміршеңдік  51,0%-ды құрап отыр.Министр  Қазақстанда обырды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері бар екенін жеткізді.

Аягөз Құрмаш 

Оқи аласыздар: 

Әр балаға 21 мың теңге - Н.Назарбаев

Халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған – Съезд туралы пікірлер

Ең алдымен халықты жұмыспен қамту керек – Н.Назарбаев

 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмектің мөлшері қалай өзгереді