ҰСЫНЫМДАР

«Шағын аудандарда орналасқан балаларға арналған ойын және футбол алаңдарын күтіп ұстау және оларға қызмет көрсету» атты тақырыбында өткен Қоғамдық тыңдалымның қорытындысы бойынша ҰСЫНЫМДАР

1. «ТКШ,ЖК,АЖ және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі» (Мейірбек Д.Ө.):
- футбол алаңдары мен хоккей корттарының баланста ұстаушыларын анықтау жұмысын жүргізу және тұрақты қызмет көрсету үшін оларға беру жұмыстарын жүргізу;
- мердігермен футбол алаңдары мен балалар ойын алаңдарының жөндеу сапасына ПИК және ТКЦ қызметкерлері және қоғамдық Кеңес мүшелерімен бірге тұрақты түрде бақылау жүргізу;
- балалар ойын алаңы және футбол алаңдарына жөндеу жұмыстарын жүргізу жөнінде іс-шаралар жоспар құру және оны ақпарат ретінде ПИК және ТКЦ, қоғамдық Кеңеске ұсыну;
- балалар ойын алаңының жай-күйі туралы ай сайынғы мониторинг жүргізу және анықталған ескертулер бойынша уақытылы шаралар қабылдау;
- Мұратбаев көшесіндегі 26 үй мекен жайындағы мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс бөлімшесінің аумағына балалар ойын алаңын орнату мүмкіндігін қарастыру;
- қаланы абаттандыру ережесіне сәйкес ПИК және ТКЦ, шағын аудандар кеңестерімен ойын алаңдарын тазартуды қамтамасыз ету.
2. Сәулет және құрылыс бөлімі (Айтжанов Т.А.) және жер қатынастары бөлімі (Данекеева Ж.Н.):
- шағын ауданда ШОБ объектілері құрылысының кезінде қамтылатын жер учаскілерінің орнына балама балалар ойын алаңдарымен қамтамасыз ету туралы талаптар қою қажет;
- құрылыс салушылар есебінен балалар ойын алаңын көшіру шығындарын қамтамасыз ету;
- балалар ойын мен футбол алаңдарының төлқұжаттарын дайындалсын;
3. ТКШ, ЖК, АЖ және тұрғын-үй инспекциясы бөлімі Қоғамдық кеңес мүшелерімен, учаскелік инспекторлармен, ТКЦ мен ПИК өкілдерімен бірлесіп шағын аудандарда ТКШ және абаттандыру саласындағы ҚР-ның заңнамаларын түсіндіру жөніндегі тұрғындармен жиналыстар өткізу.
4. Білім бөлімі (Ақышбеков Б.Б.) және мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (Төлеш Қ.Ж.):
- білім мекемелерінің және аула клубтарының аумақтарында орналасқан футбол алаңдары мен хоккей корттарының санитарлық жай-күйін қадағалау және мақсатты пайдалануын қамтамасыз ету;
5. Сәтбаев қаласының ЖПҚ бастығына (Аманжол Б.Қ.):
- көліктерін белгіленбеген (жерге) орынға қойған көлік иелеріне және балалар ойын алаңдарында құмар ойын ойнағаны, алкогольді ішімдік ішкені үшін азаматтарға әкімшілік ықпал жасау шараларын қабылдау;
6. Қоғамдық кеңес төрағасы (М.С.Мәдиева):
- 2017 жылдың 9 маусымында өтетін Қоғамдық кеңестің отырысында осы сұрақ бойынша әкімдіктің жауапты бөлімдерінің атқарылған жұмыстары туралы ақпараттарын тыңдау.