№1 «Ертегі» бөбекжай балабақшасы

Білім беруді дамыту Концепциясы дүниежүзілік стандартқа сай сапалы әдіс-тәсілдерді жаңартуды талап етеді. Қазақстан Республикасындағы білім беру ұйымдарындағы тіл саясаты Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-өрісін кеңейтеді, оның «сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық қатынас мәдениетін, толлеранттілігін және планетарлық ойлауының қалыптасуына мүмкіндік туғызады. Осы бағытта №1 «Ертегі» бөбекжай балабақшасында «Балалар тілдер әлемінде» бағдарламасы дайындалып,соңғы екі жыл аралығында осы бағдарлама бойынша облыс көлемінде эксперименталды-тәжірибебағдарламасы бойынша жұмыс атқарылды.Эксперименталды-тәжірибе жұмыстарының бағыты: «Балалар тілдер әлемінде» бағдарламасы арқылы балалардың бойына көптілдік тұлға қалыптастыру болды.2014-2015 оқу жылында балабақша осы бағыттағы жұмыстарды жемісті аяқтады.Тәжірибе жұмысының қортындысы ретінде Алматы қаласында педагогтардың бағдарламалары басылып шықты.