«Балалар өнер мектебі» КМҚК

Балалар өнер мектебінде бірнеше шығармашылық топтар жұмыс жасайды. Облыстық , Республикалық, Халықаралық байқаулырдың лауреаты «Жігер» қазақ ұлт - аспаптар оркестрі (жетекшісі: Абилдинов Ж.Т.),  «Үлгілі» «Алақай» хореографиялық би ансамблі (жетекшісі: Бараковская Н.В.). Облыстық «Жас музыканттар» байқауының лауреаты және дипломанты  өнер мкетебінің балалар хоры (жетекшісі: Гребенникова Л.М.),  балалар үрмелі оркестрі (жетекшісі: Ким В.В.), домбырашылар ансамблі   (жетекшісі: Сейдахметов О.С.), балалар театр ұжымы (жетекшісі: Сидоренкова Е.В.),  термешы-жыршы ансамблі  (жетекшісі: Ипбергенова Р.А.),  скрипкашылар ансамблі (жетекшісі: Неживлева Л.В.).

Оқу жылында  Балалар өнер мектебінде 610 оқушы білім алды.  341- музыкалық  бөлімдерде, 165 -бейнелеу өнер бөлімінде, 72 -  хореография бөлімінде, 23 – театр бөлімінде, 9 – цирк бөлімінде.

Мектепте 53 мұғалім жұмыс жасайды. 

2008  жылдың ақпан айында хор ұжымдары арасындағы облыстық байқауда  Л.М. Гребенникованың жетекшілігімен  балалар өнер мектебінің хор ұжымы ІІІ орынға ие болды.  ХХХХІ облыстық жас музыканттардың байқауында фортепиано бөлімінің оқушылары Русанова Мария  (кіші топ)  және Щелокова А. (жоғары топ) дипломант атанды, (мұғалімі Букабаева М.М.)

Евпатория қаласында (Украина) өткен ХІV балалар шығармашылығының фестиваль- байқауында  Қазақ ұлт-аспаптар оркестрі «Жігер»,  «Алақай» хореографиялық би ансамблі  өз номинациялар  бойынша бас жүлдеге ие болды.  Домбра номинациясы бойынша Ілес Жалғасбек, вокал номинациясы  бойынша  Қонысбаев Нұрлат, қыл-қобыз номинациясы бойынша Ділдебаев Айдын лауреат атанды.  Осы байқауда Мұхамеджан Айнұр және  Ділдебаев Айдын «Мисс фестиваль», «Мисстер фестиваль» атағына ие болды. Балалар өнер мектебінің басшысы Бурда Роман Степановичке, Ансамбль  жетешілері Абирлдинов Ж.Т., Бараковская Н.В., концертмейстер Букабаева арнайы дипломмен марапатталды.

Балалар өнер мектебінде 3 жыл театр бөлімі жұмыс жасайды.  Бұл бөлімде актерлық шеберлік сабақтарынан тыс хореография,   вокал, бейнелеу өнері  пәндері еңгізілген.

Балалар өнер мектебінде 140-тан  аса  облыстық, аймақтық, Республикалы, Халықаралық байқауларға  лауреаттар  дайындалды.  Балалар өнер мектебінің мұғалімдері мен оқушылары қала бойынша өткізілетін іс-шараларға белсенды қатысады.  Жас суретшілердің және олардың мұғалімдерінің жұмыстары Жезқазған және Сәтбаев қалаларында көрмелерге  қойылды. Қалалық әкімшілігінің  және ТОО «Қазақмыс» Корпорациясының көмегімен  Балалар өнер мектебінің  шығармашылық ұжымдары Республикалық және Халықаралық байқауларға қатысып жүр.

Сәтбаев қаласының Балалар өнер мектебі Сара Алпысқызының «Бөбек» қайырымдылық қоры аясында «Балалық  шақ досы» І Ұлттық байқауына дипломымен марапатталды.

Сәтбаев қаласының Балалар өнер мектебі Қарағанды облыстық ЮНЕСКО Клубының мүшесі.

2009 жылы   «Үлгілі» «Алақай» хореографиялық би ансамблі (жетекшісі: Бараковская Н.В.) ІІІ Халықаралық   «Ақ көгершін» байқауының лауреаты атанды. 2008 жылы  осы ансамбль украин халық шығармашылығының Республикалық фестивалінде «Хороеграфия өнері» номинацияясы бойынша жеңімпаз атанды. 2008 жылы  «Жемчужина» балалар шығармашылығының І Республикалық фестиваль-байқауында фортепиано сыныбының оқушысы Гужевская Виолетта (мұғалімі: Самохвалова О.В.) І дәрежелі лауреаты және «Үздік орындаушы» номинациясы бойынша қазылар алқасының   сыйлығына ие болды.

Сонымен қатар бейнелеу өнері бөлімі оқушыларының жетістіктері де қуантады, 2008 жылы «Дети рисуют мир» VIII Республикалық  байқауында 8 жүлделі орынға ие болды. Оның ішінде Ерекеев Дулаттың жұмысы Астана қаласындағы Мәдени орталығында Президент мұражайында өткізілетін Республикалық көрмеге жіберілді.

Балалар өнер мектебіне Бурда Роман Степанович  басшылық етеді.