- 13.12.2019 Подробнее
Құрметті жерлестер!
Тәуелсіздік күні – бұл кең байтақ жерімізге қоныстанған бейбітшілік пен тұрақтылық, қайрат пен жігер, ұрпақтар сабақтастығы мен ата-бабаларымыз аманат еткен игі дәстүрлерге деген құрметті білдіретін басты мерекеміз болып табылады. Осы 28 жылда экономикасы тұрақты, демократиясы мықты, бірлігі мығым ел екендігімізді әлем алдында мойындатып, баршаға үлгі болудамыз. Қазақстан осы белеске табанды еңбек, болашаққа деген сенім және күш біріктіру арқылы жетті. Ел іргетасын қалауда жасалып жатқан реформаларда қосып жатқан үлесіміз зор. Экономикамызбен қатар әлеуметтік сала да қарқынды дамып келеді. Шағын және орта бизнес өсімі артып, жаңа жұмыс орындары, жаңа тұрғын үйлер бой көтеруде. Басты мақсатымыз осы межеде тұрып қалмай, жетістіктерімізді әрмен қарай жалғастыру. Сол арқылы елдің ымыра бірлігін, бейбітшілігіміз бен тұрақтылығымызды сақтау.
- 13.12.2019 Подробнее
Бақыт мекеніне айналған балабақша
Ұлт тағдыры, ұлт болашағы – ұрпақ тәрбиесінде. Осы ретте тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын жан-жақты дамытқан балабақшалардың орны ерекше. Жақында қаламыздағы №5 «Нұрбөбек» балабақшасының құрылғанына 10 жыл толған мерейлі күн жоғары деңгейде аталып өтті.