Коммуналдық қызмет ақысын төлеу

1. Коммуналдық шығындарды өтеуге құқығы бар адамдардың санаты:

- 1, 2, 3 топтағы мүгедектер;

- Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушылары және мүгедектер мен оларға теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысының қатысушылары;

- мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

- көп балалы отбасылар;

- ең төменгі зейнетақы немесе одан төмен зейнеткерлер;

- мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді орындау кезінде, әскери қызметте, ғарышқа ұшуға дайындық немесе оны орындау кезінде, адам өмірін сақтауда, заңдылық пен тәртіпті қорғауда қайтыс болған (қайтыс болған) адамдардың отбасылары;

- aтаулы әлеуметтік көмек алатын азаматтар, оның ішінде жалғыз басты зейнеткерлер.

 

2. Өтемақы коммуналдық қызметтерге арналған келісім-шарт және абоненттің жеке шоты болған жағдайда төленеді.

 

3. Шығындарды өтеу жоғарыда көрсетілген санаттағы адамдардың өтініші негізінде және карантин енгізілген елді мекендерде (есеп ақы төлеу кезеңінің тұтастығын бұзбай, яғни тиісті айдың бірінші күнінен соңғы күніне дейін жүргізіледі) 2 ай ішінде (сәуір, мамыр) бір тұтынушыға (үйге/пәтер) он бес мың теңге есебінен жүргізіледі.

 

4. Коммуналдық қызметтер бойынша шығындарды өтеу үшін тұтынушылар Ақпараттық жүйелер арқылы, ал олар болмаған жағдайда, call-орталық арқылы жергілікті атқарушы органға жеке сәйкестендіру нөмірін, әлеуметтік мәртебесін және Жеке шотының деректерін ұсына отырып өтініш береді.

 

Төмендегі кестеде жұмыс телефондары мен ақпараттық жүйелер арқылы өтініштерді қабылдауға жауапты жергілікті атқарушы органдардың байланыс деректері көрсетілген.

 

Өтініш үлгісі (PDF)

Төтенше жағдай кезеңінде коммуналдық қызметтерді жеткізушілердің шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы (PDF)