Жаңалықтар

23.01.2020
Заң күшейтілді

Мас күйде жол апатына себепші болғандарға қатысты Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер жуырда күшіне енді. Мұндай қатаң шараға баруға елдегі жол апатының азаймай тұрғаны, әрі апаттың басым бөлігі мас күйдегі жүргізушілердің кесірінен болатындығы себеп болды. Осы ретте Мемлекет басшысы маскүнем жүргізушілерді түрмеге қамап, көлік жүргізу құқығынан мүлде айыру жөніндегі ұсыныс айтқан еді…


22.01.2020
ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 5 ақпандағы  «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» Жарлығын іске асыру мақсатында Сіздердің назарларыңызға Сәтбаев қаласы әкімінің тұрғындармен кездесу тәртібін ұсынамыз:


22.01.2020
Қарқынды өсім: көлік иелері автоХҚО орнына онлайн қызметтерді таңдайды

Автокөлік құжаттарын электронды түрде рәсімдеген қазақстандықтар саны күрт өсті. Электронды үкімет порталы арқылы көлігін тіркеп, жүргізуші куәлігін ауыстырған жүргізушілер онлайн жүйенің тиімді әрі пайдалану жеңіл екенін айтады. 


22.01.2020
Заңды тұлғалар үшін ЭЦҚ алу

ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) – бұл электрондық құжатқа қолы қойылған және мөрмен бекітілген қағаз жеткізгіштегі құжат сияқты заң күшін беру үшін пайдаланылатын өзі қойған қолының аналогы.

ЭЦҚ алуға өтінімді ҚР ҰКО сайтының арнайы бөлімі арқылы онлайн режимінде беруге болады. Өтінімді қауіпсіздік мақсатында дербес компьютерден беру ұсынылады.

✅Ең алдымен pki.gov.kz сайтындағы «Заңды тұлғалар үшін ЭЦҚ алу» бөліміне кіресіз.

✅Одан кейін мәртебеңізді көрсете отырып қажетті ҚР ҰКО тіркеу куәліктерінің үлгісін таңдауыңыз қажет. (Ол мекеменің бірінші басшысы,  қол қою құқығы бар жұмыскер немесе қаржылық құжаттарға қол қою құқығы бар қызметкер және т.б. болуы мүмкін).

✅Онлайн-өтінімді бергеннен кейін сізге оны растау үшін ХҚО-ға бару қажет. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз, уәкілетті тұлғаның растайтын құжаттары мен басып шығарылған өтінім болуы қажет. Тексергеннен кейін оператор растауды жасайды және сіз ЭЦҚ өз компьютеріңізге жүктеп, оған өз пароліңізді орната аласыз.


22.01.2020
Төменгі лауазымдар болып табылатын «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос орындарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ -нің хабарламасы

«Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ (101302, Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Қ.И.Сәтбаев даңғылы, 108, анықтама үшін телефон: (871063) 4-00-19, факс (871063) 4-00-19; электрондық пошта: satpaevakim@mail.ru) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының бос  орындарына  орналасуға конкурс жариялайды:

1. «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас маманы (E-4 санаты, 1 бірлік, № 06-02).


Страницы: 12345