Жаңалықтар

19.08.2016
Төменгі лауазым болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымының бос орнына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ -нің хабарлама

Төменгі лауазым болып табылатын «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік  лауазымының бос орнына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ -нің   хабарлама

 

Конкурстың барлық қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

 E-R-4 санаты үшін: Жоғары білім.

 Мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
- Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 30 желтоқсанда №12639 тіркелген, Қазақстан Республикасының   Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына  үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақысы         

Санаты

Қызмет өткерген жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы

 

 

min

max

Е-R-4

73288

99106

 

«Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ (101302, Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы, Қ.И.Сәтбаев даңғылы, 108, анықтама үшін телефон: (871063) 4-00-19, факс (871063) 4-00-19; электрондық пошта: satpaevakim@mail.ru) мемлекеттік әкімшілік лауазымының бос орнына орналасуға конкурс жариялайды:

«Сәтбаев қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автокөлік жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ тұрғын-үй инспекциясының бас маманы (1 бірлік, № 7-5, Е-R -4 санаты).  

Функционалдық міндеттері: Жолаушылар тасымалын ұйымдастыру бойынша, жолаушылар көлігі қозғалысының сұлбасы мен кестесін әзірлеу бойынша жұмыс кешенін орындайды. Қала жолдарының жай-күйін бақылайды және оларды жөндеу бойынша ұсыныстар әзірлейді. Көліктік қызмет көрсету бойынша келісім-шарттарды қамтамасыз етеді. Жолаушылар тасымалының технологиялық үрдісін ұйымдастырады. Жолаушылар тасымалын ұйымдастыру бойынша қалалық ұйымдар мен кәсіпорындармен қарым-қатынасты қамтамасыз етеді. Өзгерістерді ескере отырып көрсетілетін көліктік қызметтерге сұранысты және тарифтерді бақылау бойынша жұмыс жүргізеді. Автокөлік жолдарын қамтамасыз ету және олардың жұмыс істеуі бойынша жұмысты ұйымдастырады, соның ішінде есептемелер бойынша жұмыстың орындалуын бақылайды. Бөлімнің жұмыс жоспарын әзірлейді. Комиссия отырыстарының хаттамаларын рәсімдейді. Мемлекеттік мекемедегі құжаттарды тіркейді, бақылайды, ведомстволық мұрағатқа құжаттардың тапсырылуын бақылайды, құжаттарды мемлекеттік тілге аударады және тексереді. «АӨБТ» (азаматтардың өтініштерін бірыңғай тіркеу) ААЖ деректер базасына ақпаратты ұсынады. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, шағымдарын, қызметтік корреспонденцияны қарайды; облыстық әкімдікке, Қазақстан Республикасының Үкіметіне және басқа да мемлекеттік органдарға мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін сұрақтар бойынша есептер ұсынады.  

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын  талаптар:   

Білімі – «қызмет көрсету» мамандықтары бойынша (көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру) немесе  «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша; Қазақстан Республикасының «Автомомбиль жолдару туралы» Заңын, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін, «Қазақстан – 2050» : қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Стратегиясын білуі. 

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар (уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша өтініш; 3х4 үлгідегі суретпен уәкілетті орган белгілеген үлгі бойынша толтырылған сауалнама; білімі туралы құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері; еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама; Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі; құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі) осы жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап 7 жұмыс күнінің ішінде ұсынылуы тиіс.

Конкурстық комиссияның қарауына тізімі көрсетілген, құжат тігілетін мұқабада орналастырылған, азаматтармен қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырылған құжаттар қабылданады (олардың түпнұсқалары әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірілмей берілуі тиіс).

Конкурсқа қатысу үшін білімі туралы құжаттардың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың, конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытындының көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі (персоналды басқару қызметі (кадрлық қызмет) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқаларымен салыстырады).

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде «Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ өтеді. Аталмыш лауазымдарға орналасатын үміткерлер үшін көтермеақы шығындары, тұрғын үй және жеңілдіктер берілмейді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады, сонымен қатар, мемлекеттік орган басшысының келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.


Вернуться назад