Жаңалықтар

27.11.2015
Кейуанаға – қамқорлық

Қаламыздағы «Тазалық — 2020» ЖШС директоры Қайрат Керімқұлов қала тұрғыны, тыл ардагері Роза Штенбергтің пәтеріне жөндеу жұмыстарын жүргізуге көмектесті.

Қырық үш жыл Жезқазған кентіндегі «Қазақмыс» корпорациясына қарасты энергетика басқармасының зертханасында жұмыс істеп, зейнеткерлікке шыққан Роза Николаевнаны тағдыр өз қыспағына алудай-ақ алып келеді. Ол осыдан он бес жыл бұрын жолдасы Николай Смирновтан айрылды, жалғыз қызы Татьяна жол апатынан көз жұмды. Жалғызбасты қарт ана Сәтбаев қалалық мәслихатының хатшысы Татьяна Хмилярчукке пәтерін жөңдеуден өткізуге көмектесу туралы өтініш білдірген еді. Қалалық мәслихат хатшысы кейуананың өтінішін Қайрат Керімқұловқа жеткізгенде, әрқашан игілікті істердің басы-қасынан табылатын азамат бірден елгезектік танытты. Сөйтіп, аталмыш мекеменің көгалдандыру учаскесінің бастығы Талғат Сатовтың ұйымдастыруымен Айман Омарова, Гүлнар Оспанова, Ольга Жаңбырбаевадан құралған жұмысшы тобы кейуананың үйін әктеп-сырлап, мұнтаздай етіп жөңдеп берді.

Көптен бері жөндеу көрмеген пәтерінің жаңарып қалғанына разы болған қарияның қайырымды азаматтарға деген алғысында шек жоқ.

Мейрамгүл САЯЖАНҚЫЗЫ. Сурет автордікі.


Вернуться назад